1 -бөлім психодиагностикаға кіріспе
Сауалнама әдістердің анықтамасы
Download 217.15 Kb.
|
лекция (1)
- Bu sahifa navigatsiya:
- Сауалнама
3.2. Сауалнама әдістердің анықтамасы.
Сауалнама – зерттеушінің респондентпен анкета арқылы жүзеге асырылатын байланысына негізделген эмпирикалық әлеуметтану зерттеуін әлеуметтану өлшем тәсілі. Сауалнама- бұл арнайы іріктеліп алынған танымдық сұрақтар мен олардың мүмкін деген жауаптарының варианттарының талапқа сай логикалық құрылысының жиынтығы. Ал саралау- сөзі латынша «differentia» - ерекшелеу, айырмашылық сөзінен шыққан, тұтасты бөліктерге, формаларға, сатыларға жіктеу, мүшелеу, айыруды білдіреді, олай болса саралау міндетін оқушыларды оқыту процесінде оқытудың басты мақсатына жету және әр оқушының ерекшеліктерін есепке алу болып табылады. Американ психолгі Дж.Голланд жеке адам типологиясы бойынша мінез-құлқына байланысты адамдарды алты психологиялық типке бөлді. Мәселен, реалистік, интеллектуалдық, әлеуметтік, конвенциялық, тапқыр, әртістік. Мотивация сауалнамалары. Адамның мінез-құлқындағы екі қызмет етуші өзара байланысты жақтарын көрсетуге болады: реттеуші және қозғаушы. Реттеуші- жағы мінез-құлықтың әр түрлі жағдайларға бейімділігін және тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қызығушылық сауалнамасы. Психологияда қызығушылық-деп адамның іс-әрекет мақсатын түсінудегі бағыттылығын қамтамасыз ететін, сонымен бірге бағдарлауға мүмкіндік бере отырып, индивидтің жаңа фактормен танысуын және шыңдықты тереңірек, толығырақ бейнелеп, тануына әкелетін танымдық қажеттіліктің формасын көрсетеді. Қызығушылықты өлшеу тұлғаны зерттеудің нақты міндеттерінен басталады. Жеке тұлғаны диагностикалауда проективті (жобалау) әдісі. Бұл әдістемелер қиял мен фантазияның өнімдерін талдауына негізделіп, тұлғаның ішкі әлемін, оның субъективті әсерленулерінің, ойларының, бағыт-бағдарын ашуға арналған. Психолог Р.Кетелл тұлға кесіндерін жүйелеу үшін тұлғалық сұрақнамаларды құрастыру үшін факторлық анализді қолданды. Р. Кеттелдің бұл бағытына тән ерекшелік-ол факторлық анализді берілгендердің көлемін қысқарту тәсілі ретінде емес, жеке тұлғаның базистік, себепті кескіндерін айқындау әдісі ретінде қолданылады. Мінез-құлық ерекшеліктері туралы жеткілікті мәліметтер алу үшін Р.Кетелл Г.Олпорт пен Х.Одберг 1936 жылы жасаған сөздіктегі бүкіл жеке тұлғалық кескіндердің атауын талдап шықты. Р.Б.Кеттелдің 16 Жеке тұлғалық факторлардың сауалнамасының мәні - әдістеме өмірлік ситуацияларға қатысты болды. ХХ ғ. 90-жж А.Г.Шмелев қосалақы авторлармен бірге, 16 PF сауалнамасын жасады. Download 217.15 Kb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling