2-тақырып. Жазулар тарихынан мәлімет
Download 291.89 Kb. Pdf ko'rish
|
2 лек
2-тақырып. Жазулар тарихынан мәлімет Жоспар: 1.Ежелгі адамдардың өз ой пікірлерін басқаларға жеткеруде оларды түрлі предметтерге: тасқа, метал, топырақ, тері, терек қабықтарына жазғандары, жазу құралы сыпатында пәр қәлем, ручка, авторучка, шариклі ручкадардан пайдаланылған. 2.Оқушының оқый алуы үшін жазудың анық-айқын болуына ұмтылғаны туралы мағлумат. 3.Жазу тикарынан арнаулы қанигелер сарай, мемлекет хызметкерлері, қазылар тәрепінен жазылғандығы Тірек ұғымдар. Идеография, әріптік, дыбыстық, пикторгафия, иерогрлиф, шрифт, логография, символ, шумер, неолит, финики, фонема, эпиграф. Жазу адам ой пікірін хабарын мағлуматтарын таңбалар арқылы жеткізеді қамтамасыз ететін белгілер жүйесі. Жазудың өмірге келу адамдардың уақыт пен кеңестік кедергісін жойды. Ең алғашқы, ерте дәуірде адамдар қандай да бір уақиғалар туралы мәліметтерді жеткізуде олар белгілер мен суреттерден пайдаланды. Бұл кезең — идеографиялық жазукезеңі деп аталады. Кейінірек иерогрлифтік жазу шықты. Жазусыз мәдениет атаулыны елестету мүмкін емес. Көрнекті жазушы Леонид Леонов жазудың маңызы туралы былай деді: «Адамдардың тегін қорлық жағдайдан бөліп алып шыққан, өткен замандарда ашылған ұлы жаңалықтардың ішінде жазу өте-мөте үлкен рөл атқарады. Алфавиттің туған күнін адамның өзін-өзі біліп ұғынуындағы дәуір деп есептеуге болады, осыдан бастап кітап басу станогінің пайда болуына тура жол ашылды. Адам өзінің қазіргі биігіне нақ кітап арқылы баспалдақпен көтерілгендей көтерілді». Адамзат білімді жазба тіл арқылы, жазылғанды оқу негізінде меңгереді. Біздің заманымызға дейінгі талай ғасырлар бойы ғылым мен техника әдебиет пен өнер саласында жасаған тіл мәдени байлығын ұрпақтан-ұрпаққа жаткізетін де жазба тіл. Жазудың тарихы өте ерте заманнан басталды. Ежелден адамдар өз ойын келер ұрпаққа жеткізу үшін тасқа, металға, ағашқа, саз балшыққа жазған екен. Одан кейін папирус, пергамент, матаға, қағазға жазатын болды. Жазу қарулары да өзгерді. Олар қамыс ағаш, бояу жаққыш, қаздың қауырсыны, болаттан жасалған қаламұш, шарик қаламсабы болды. Болаттан жасалған қаламұш XIX ғасырдың басында пайда болғанымен, оны пайдалану XIX ғасырдың екінші жартысында жүзеге асырыла бастады. Ал қаздың қауырсыны жазуға әдемілік береді, әрі арзан, әрі ыңғайлы деген ойлар XIX ғасырдың аяғына дейін жетті. Шрифт қиын болғандықтан жазу I Петрдің кезінде жеңілдетілді. Алайда жазу тарихына көз жіберсек, әріппен таңбалаудың кейін пайда болғанын көреміз. Дүние жүзіндегі барша халық дерлік жазу-сызудың негізгі үш сатысынан өткені байқалды. Біріншісі - пиктографиялық немесе бейнелеп жазу, екіншісі- идеографиялық жазу немесе рәміздік (символдық) жазу; үшіншісі- әріптік немесе дыбыстық жазу. Ал К. Аханов жазу жүйесіндегі таңбалардың не бүтіндей хабарды, не жеке сөзді, не буынды, не дыбысты белгілеуіне қарай мынадай түрлерге қарай бөледі: Пиктографиялық жазу - жазудың ең алғашқы түрі. Пиктографиялық жазу - суретке негізделген жазу. Сондықтан оны кейде сурет жазуы депте атайды. Пиктографиялық жазудың таңбалары пиктограммалар деп аталады. Зерттеушілер жазудың бұл түрі неолит дәуірінде пайда болған деп есептейді. Мұнда хабарлануға тиісті оқиғаға қатысты заттардың суреті салынады. Айталық, «осы жерден үш күндік қашықтықта аю жүр» дегенді хабарлау үшін аюдың суреті және үш сызық белгісі қойылған. Суретін салуға болмайтын абстракт ұғымдарды беру үшін басқа заттардың суреті қолданылған. Мысалы, бақыттылықты, олжаны-тасбақаның, махаббатты- сызықшамен қосылған екі жүректің, достықты -ұстасқан екі қолдың, соғысты садақ оғының суретімен белгіленген. Пиктографиялық жазу өте жабайы жазу болды, оның кең мазмұнды ойды жеткізуге мүмкіндігі болмады. Идеографиялық немесе логографиялық жазу. Пиктографиядан идеографияға көшу өте баяу болды. Идеографиялық жазу-жекелеген сөздерді, морфемаларды сурет арқылы немесе шартты таңбалар арқылы белгілейді. Онда әр сөздің тұрақты графикалық таңбасы, әр таңбаның жекемағынасы болады. Идеографиялық жазудың таңбалары идеограммалар деп аталды. Лингвистикалық әдебиеттерде пиктограмманы синкретикалық жазу немесе суретті-синкретикалық жазу деп, ал идеографияны логографиялық жазу деп атау кездесіп жүр. Логограммаларды сөздерді белгілейтін таңбалар ретінде екі түрге бөліп қарауға болады. Оның бір түрі- иероглиф жазу. Ерте кезде адамдар тасқа, ағашқа, т.б. заттарға жазуды бастаған. Заман дами келе түрлі жұмсақ материалдар: папирус, қағаз, перо, қаламсап пайда болды. Өте ерте кезде адамдар тасқа сурет салу арқылы өз ойын білдірді. Бұл жазудың қалыптасу тарихының алғашқы кезеңі еді. Мәселен, бес жүз мың жыл бұрын өмір сүрген Египет фараоны Наршер өзінің жеңістерін тасқа суреттер арқылы қалдырғысы келді. Алайда, бұл жеткіліксіз еді. Осы кезде жазудың бір түрі - иероглиф пайда болды. Иероглиф сөзі «киелі таңба» деген мағынаны білдіреді. Идеографиялық жазудың үлгілерін өте ертедегі қытай жазуы мен шумер жазуынан көруге болады. Қытай жазуының идеографиялық жүйесі осыдан 4000 жыл бұрын жасалған болатын. Египет, шумер, қытай жазулары логографиялық жазу болды. Логографиялық жазу жүйесінің барлығында нақтылы мағынасы бар сөздер олардың бейнесімен берілсе, қала, су дегендер бейнелі сызба берілген. Ертедегі шумер жазуында «ағаш, тау, сабақ» деген сөздер, қытай жазуында «күн, тау, ат» деген сөздер де бейнелеу түрінде берілген. «Жыл» деген сөз пальманың бұтақтарының бейнесімен белгіленген, өйткені египеттер пальманың бұғағының саны 12 болады деп түсінген. Буын жазуы таңбалардың фонетикалық мағынасы жағынан бірнеше түрге бөлінеді. Мұның бірінші түріне ассировавилон, элам, урар, сына жазулары дыбысгық корей жазуы жагады. Жазудың бұл жүйелерінде таңбалар кез - келген буынды, атап айтқанда, ызыңның мынандай түрлерін белгілейтін болған: дара дауыстының өзі, А (дауысты) + С (дауыссыз), С+А, С+А+С майя жазуында сөз соңындағы дауыссыздар да белгіленген. Буын жазуының екінші түріне кипр, эфиопия және жапон буын жазулары жатады. Жазудың бұл жүйесінде таңбалар тек дара дауыстыларды және дауыссыздардың тіркесі мен белгілі бір дауыстың қосындысын белгілейді. Қазіргі кезде иероглифпен Қытай мен Жапония елдері жазады. Қытай иероглифтері өте ерте кезде пайда болған. Қытайлықтар үшін иероглиф тек белгі емес, сонымен қатар сурет болып табылады. Олар жазуды оқи отырып, оның бейнесін көре алады. Көне Қытайда әр иероглиф жеке сөз құраған, кейін иероглифтер тұтас бір сөзді ғана емес, буынды білдіретін болған. Қазіргі қытай тілінде жеті мыңнан астам иероглиф бар. Зерттеушілер логографиялық жазудың пайда болуын құл иелену құрылысының пайда болып, ежелгі мемлекеттерді жазбаша қарым-қатынас жасау қажеттілігінің күшеюімен байланыстырады. Египет, шумер, қытай, ацтек жазулары логографиялық жазу болады. Логографиялық жазудың өзіндік кемшіліктері болды. Олар мыналар: логограммалардың көптігі, логографиялық жазудың өте-мөте күрделілігі, логограммалар арқылы грамматикалық формаларды білдірудің қиындығы. Буын жазуы. Жазудың даму барысында буын жазуы пайда болды. Жазудың буын жүйесінде таңба буынды белгілейді. Таңбалардың фонетикалық мағынасы жағынан буын жазуы үш түрге бөлінеді. Бұның бірінші түріне ассиро-вавилон, элам, урарт, сына жазулары, майа жазуы лигатурылы дыбыстық корей жазуы жатса, екінші түріне кипр, крит-микен және жапон буын жазулары жатады. Үшінші түріне үнді жазуының түрлі жүйелері жатады. Буын таңбалары ең алғашында бір буынды сөздерді белгілейтін идеографиялық логограммалар негізінде пайда болды. Дыбыстық жазу (әріп жазуы)- жазудың дамып жетілген түрі, тіл дыбыстарын, фонемаларды әріппен таңбалайтын жазу жүйесі. Таза күйінде консонантты- дыбыстық жазу II мың жылдықтың екінші жартысында пайда болса, вокалданған-дыбыстық жазу біздің дәуіріміздің I мың жылдығының басында пайда болған. Жазу жүйелерінің ішінде әріп жазуы - ең қолайлы жазу. Әріп - белгілі бір әліпбилік және сандық таңбаларды түсіндіретін литералар жиынтығы. Әр түрлі тілдерде буын саны мен сөздің дыбыстық саны әлдеқайда аз. Осыған орай дыбыстарды таңбалау үшін, әдетте 20-дан 40-қа дейінгі таңба санының өзі жеткілікті болады. Әріп жазуындағы таңбалардың мұндай шағын мөлшері меңгеруді, сауаттылыққа үйретуді жеңілдетеді. Әріп жазуы - жаңа сөздерді ғана емес, сонымен бірге олардың дыбыстық жағы мен грамматикалық формаларын дәлме-дәл белгілеу үшін өте қолайлы жазу. Зерттеушілер ең алғашқы таза дыбыстық жазу финикий жазу деп атайды. Финикий жазуында 22 таңба бар. Дыбыстық жазулардың ең көне түрлері- финикия, арамей және грек жазулары. Көне түркі жазуы да дыбыстық жазудың ең ежелгі түріне жатады. Сұрақтары мен тапсырмалар: 1. Жазу түрлерін ата? 2. Буын жазу мен әріптік жазудың айырмашылығы? 3. Жазудың адамзат үшін маңызы? Download 291.89 Kb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling