Ағылшынша England Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Патшалығының
Download 1.01 Mb. Pdf ko'rish
|
АНГЛИЯ
- Bu sahifa navigatsiya:
- Уильям Шекспир
- «Гамлет» трагедиясы
Уильям
Шекспир (ағылш. William Shakespeare; 23 сәуір 1564 жыл, Стравтфорд Эйвон, Англия – 23 сәуір 1616жыл сол жерде) – ағылшынның ұлы драматургы әрі ақыны, әлемнің ең әйгілі драматургтарының бірі, кем дегенде 12 трагедия, 16 комедия, 6 тарихи хроника – соның ішінде бірнеше бөліктен тұратын 4 поэма және 154 сонеттен құралатын циклдар Уильям Шекспир 6 авторы. Оның пьесалары әлемнің түгел дерлік тірі тілдеріне аударылып, басқа авторларға қарағанда ең көп қойылады, Шекспирдің шығармалары ағылшының тілінің байытылуына орасан үлесін қосты. Мысалы, көптеген сөз тіркестері қанатты сөз ретінде күні бүгінге дейін қолданылады. «Гамлет» трагедиясы Шекспир шығармашылығында пайда болған үлкен өзгерістерді бейнелеген көлемді шығармасы – «Гамлет» (1601) трагедиясы. Белинскийдің сөзімен айтқанда, «Гамлет» - драмашы ақындар патшасының басындағы алтын тәжінің ортасына қадап қойылған, жарқыраған асыл гауһар тас». Автор трагедияның материалын өзіне дейін болған әдеби деректерден, жалпы даниялық Саксон Грамматиктің (ХІІІ ғасырдың басы) хроникасынан алады. Трагедияның бас кейіпкері - Дания королінің ұлы шахзада Гамлет. Әкесі қастандықпен өлтірілгеннен соң көп ұзамай, анасының тақты иемденген Клавдийге тұрмысқа шығуы Гамлетті шексіз жан азабына душар етеді. Оның көзіне бүкіл дүние «қараңғы, тұңғиық, мазмұнсыз көрінеді». Әкесін өлтірген өз туысы Клавдий екендігін (әке аруағы арқылы) білген соң, Гамлеттің қайғысы күшейе түседі... Гамлет – адам ақылының ескілік үстінен жеңіске жетуінің жарқын мысалы. |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling