Алмас қылыш


Download 1.59 Mb.
Pdf ko'rish
bet96/102
Sana14.03.2023
Hajmi1.59 Mb.
#1267842
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   102
Bog'liq
Көшпенділер - Алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
190 
күшейту керек. Бұрындықтың айтқанына қарсы келмей-ақ, әр жорықты, әр 
шабуылды әскердің соғысу әдісін, тәртібін жоғарылатуға пайдаланған ақыл. 
Қасымның ойы дәл шықты. Ертеңіне таңғы шайын ішіп отырғанда 
Бұрындықтың шабарманы келді. 
— Хан сізді шақырып жатыр, — деді ол. 
Қасым шайын шала-пұла ішіп орнынан түрегелді. Киініп жатып сәл кідіріп 
қалды. «Қолда билік барда ақылдың керегі жоқ. Ханның неге шақырғанын кім 
білсін...» Қасым жайшылықта пешпентінің сыртында жүретін көк құрыш сүңгі 
наркескенін шешіп, пешпентінің ішінен тақты. Сырт адамға білініп тұрмай ма 
екен дегендей, қабырғадағы жылтыр қара тас күзгіге бойын түзеп бір қарады да 
үйден шығып кетті. 
Қасым келгеннен кейін Бұрындық тағы да Мұхамед-Шайбаниға қарсы 
жорыққа шығудың қажет екенін білдірді. 
— Ер шекіспей бекіспейді, — деді Бұрындық сөзінің аяғында. — Не біз 
Мұхамед-Шайбаниды жеңуіміз керек, не онымен бітімге келіп достасуымыз 
керек... 
Қасым ақырын езу тартты. 
— Мұхамед-Мазит-тархан шекіспей-ақ Мұхамед-Шайбанимен достасқан. 
Бірақ одан не тапты? 
— Мұхамед-Мазит — Мұхамед-Мазит те, Бұрындық — Бұрындық қой. 
Қасым тағы езу тартты. «әркім өз лағын текешік қояды, қорқақ ит үреген 
келеді. Жұрт айтпай, өзіңді өзгеден жоғарымын деу — адамның тек осалдығын 
көрсетеді». Бұрындықтың «ер шекіспей — бекіспейді. Мұхамед-Шайбаниді 
жеңуіміз керек, не достасуымыз керек» деген сөзіне Қасым қайтарып ештеңе деген 
жоқ. Бұл сөз өзіне қарсы, «байқа, Қасым, егер сен кешегідей қарсы келе берсең, 
жауыңменен достасып кетуім ғажап емес» деген мағынада айтылғанын түсініп 
тұрса да, үндемеді. 
Бірақ Бұрындық: 
— Махмуд-Сұлтанды әнеукүнгі қорғауыңа қарағанда, Қасымжан, Әбілқайыр 
балаларымен татуласуға сен де қарсы емессің-ау деймін, — деді, «Мұхамед-
Шайбанимен достасам» деген сөзіне екеуміздің ойымыз бір жерден шығып жатыр 
ғой деген мағына берген болып, рабайсыз кекете күліп. 
— Жеңіп тұрып «достасайық» деу мен жеңіліп қалып «достасайық» деу бір 
емес, хан ием. Қайткен күнде де жеңілмеу жағымызды ойлауымыз керек, — деді 
Қасым сабырлы үнмен, сөйтті де ханға кенет түйіле қарады. — Жорыққа аттануға 
мен дайынмын. Қашан, қай шаһарға шығамыз? 
— Оны ойлану керек. 
— Тез ойланған жөн. 
— Неге? 
— Біз бұ жақта жүргенде Мұхамед-Шайбанидың Яссыға қайтадан шабуыл 
салуы даусыз. Егер бір қаласына барып тиіссек, әнеукүнгі Отырарға 
барғанымыздай, Мұхамед-Шайбаниға Яссыны алуға бөгет етеміз. Амалы жоқ, біз 
барған қаланы қорғаймын деп Мұхамед-Шайбани Яссыдан қайтып келеді. 
Бұнымыз Мұхамед-Мазит-тарханға өте пайдалы. Моғол мен Жағатайдың өзге 
хакім тархандарымен тіл тауып бірігіп, Мұхамед-Шайбаниға қарсы тұруына 
мүмкіндік береміз. 
— Бұл ойланатын жай екен... 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
191 
Қасымның болжауы дұрыс еді. 
Бұрындық Отырардан шегінерде Мұхамед-Шайбанимен бітімге келген. Сол 
бітімнің бір шарты Бұрындық хан Отырарды алуға бірге келген Мұхамед-Мазитты 
ұстап бермек болған. Қасым бұл шартқа көнбеген. Сол күні күндіз, хан 
араларында болған оқиғаны құпия жолмен Мұхамед-Мазитке жеткізген. Мұхамед-
Мазит ымырт үйіріле бар әскерін ертіп Яссыға қашқан. 
Бұрындық пен Қасым Отырардан кеткеннен кейін Мұхамед-Шайбани көп 
сыйлық беріп, Жақия бек басқарып келген Сұлтан-Махмұд ханның үш мың
әскерін Ташкентке қайтарып жіберді. Өзі Яссыға шабуылға шықпақ болады. Осы 
кезде оған Созақтан қашып шығып, Хантағы тауында тығылып жатқан Махмуд-
Сұлтаннан хабар жеткен. Мұхамед-Шайбани қолындағы бар әскерімен 
Хантағыдағы Махмуд-Сұлтанға барып, екеуі құшақтаса табысқан. Содан кейін 
екеуі қосылып Сауранды шапқан. Қаланы алған соң Қасым сұлтанға Махмуд-
Сұлтанды ұстап берген адамдарды қатты жазалаған. Біразын дарға асып өлтірген. 
Қалғандарын дүние-мүліктерін тартып алып, өздерін дүрелеп, қатын-балаларын 
құлдыққа сатқан. 
Осыдан кейін барып ағайынды екеуі Яссыны шапты. Қаланы алып, Мұхамед-
Мазит-тарханды қолға түсірді. Мұхамед-Шайбани оның қызы Ғибадат-Бегімге 
үйленіп отырғандықтан, қайын атасын өлім жазасына үкім етуден бас тартып, қол-
аяғын кісендеп Отырарға алып келген. Мұхамед-Шайбанидың жеңісін естіген 
Ташкенттің әміршісі Сұлтан-Махмұт хан, Мұхамед-Шайбаниды құттықтамақ боп 
Отырарға жеткен. Өзінің көптен бері Мұхамед-Мазит-тарханның інісі Сұлтан-
Ахмет ханның қызы Айпатша-Бегімге құштар екенін, Сұлтан-Ахмет ханның 
көнбей жүргенін Мұхамед-Шайбаниға айтып, сол қызды маған бермей, Мұхамед-
Мазит-тарханды тұтқыннан босатпа деп өтінді. Бұған Мұхамед-Шайбани көнді. 
Ақырында Мұхамед-Мазит-тархан інісінің қызы Айпатша-Бегімді Сұлтан-Махмұт 
ханға бергіздіріп, өзі тұтқыннан босанды. 
Алдын ойламайтын адамның ақылы өкінішімен бір жүреді. Мұхамед-Шайбани 
ханның қандай адам екенін, жолбарысты темір тордан шығарып алғанын 
Мұхамед-Мазит-тархан кеш түсінді. Ал жолбарысты қайтадан темір торға кіргізу 
үшін қаншама күш керек, айла керек! Мұхамед-Шайбани Яссыны алғаннан кейін 
ендігі кезек Ташкенттікі екенін Сұлтан-Махмұт хан да жаңа сезді. Ол жанталасып 
моғол әмірлерін жинауға кірісті. «Бұл қалпымен Мұхамед-Шайбани бәрімізді де 
бағындырады, әлі күш алып кетпей тұрғанында құртайық» деп жан-жағына ат 
шаптырды. Әмірлер ақылға салып «бұл іске қазақ сұлтандарын көмекке шақыру 
керек, оларсыз Мұхамед-Шайбаниға біздің күшіміз жетпейді» деді. 
«Бәріміз бірігіп Мұхамед-Шайбаниға қарсы шығайық» деп Бұрындық пен 
Жәнібек балаларына Сұлтан-Махмұт хат жазып кісі жіберді. Бұрындық бұл 
хабарға қуанып қалды. Біз моғолдармен бірміз деп қолына түкіріп шыға келді. 
Құран көтеріп, төс ұрысып уәделесіп Мұхамед-Шайбаниға көше бастаған
Түркістан уәлиетін шаппақ болды. Ең алдымен Яссыны алсақ десе де, онда 
Мұхамед-Шайбанидың өзі отырғандықтан беттерін Отырарға бұрды. Бірақ 
бұлардың қолына Отырар да оңай түсе қоймайды. Осы кездегі қаланың билеушісі, 
Әбілқайыр ханның кіші баласы Мұхамед-Темір сұлтан өзгелерден жас болғанмен, 
соғыс тәсіліне ешкімнен кем соқпады. Ұялы қасқырдың бөлтірігі — өнерді 
ұяластарынан үйренеді. Жауынгер ордада өскенін білдірді, Бұрындық пен Сұлтан-
Махмұтқа алдырмады. Олар енді әскерлерін Ташкент уәлиетіне жататын Сайрам 



Download 1.59 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   102




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling