Алмас қылыш
Download 1.59 Mb. Pdf ko'rish
|
Көшпенділер - Алмас қылыш
Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004
www.kazakhstanets.narod.ru 118 — Сөйле, сөйле. — Сөйлесем, біз Моғолстан мен Түркістан шекарасына қашқан ел тәрізді емес, көшкен ел тәрізді болып баруымыз керек. Жағатай ұрпақтары да, Сайбан, Ақсақ Темір ұрпақтары да ел екенімізді көрсін. Және қалай болса солай шұбыра көшкен ел екенімізді емес, дос болса дос бола алатын, қас болса қас бола алатын, қоныс бермесе күшпен тартып ала алатын жау жүрек қауым екенімізді байқасын. Қазір осы отырғандарымыздың ес білетіндеріміз, сойыл соғып сөз сөйлей алатындарымыз, қасымызға бес-алты қазақтың ер жігіттерін ертіп, ермей қалған, не еру-ермеуін білмей отырған жұртқа тарауымыз абзал. «Бізге еріңдер, бірігіп ел болып, қазақтың Ақ Ордасының туын қайта көтерелік» деуіміз орынды. Ерген жұрт ерер, ермеген жұрт ойға қалар. Қара халық соңымыздан неғұрлым көп ерсе, соғұрлым ісіміздің сәтті болары айқын. Жәнібек жасөспірім ұлының сөзін бірден іліп әкетті. — Дұрыс айтасың балам, — деді ол, іштей түбі Қасымнан ұлы адам шығар деген бұрынғы үмітінің бұ жолы бір дерек тастағанына қуанып, — біздің бүгінгі аттанысымыз құр Әбілқайырға өкпелеуден туған аттаныс емес, бұдан жүз жыл бұрын бабамыз Орысхан тіккен Ақ Орданы қайта тұрғызып, Қазақ деген жеке ел болу аттанысы. Ал Орысхан бабамыздың ақ туын тігетін бізде екі-ақ жер бар. Бірі — Алтын Орда жұрты, Еділ мен Жайықтың ортасы. Бірақ ол жақтың жері малға жайлы болса да, елі бізге жайлы емес. Түкпірінде Қазан хандығы мен Түркияға көз тіккен Қырым сұлтандары бар. Бұған Еділ мен Жайыққа бізді жолатқысы келмейтін Қасым сұлтанды, Темір биді қос. Олар кімді ел еткізеді? әрине, ар жағындағы орыс жұртына арқа сүйеп көрер едік, бірақ ол жұрттың өзі де қазір әбден қанаттанып жетпеген қыран балапаны тәрізді. Екінші жер — ол Орысхан бабамыз кеше туын тіккен Сығанақ шаһарының маңайы. Бұл ара бізге қолайлы. Ар жағында Үйсін, Жалайыр, Дулат, Қоңырат, Қаңлы мен Найманның, Керейдің біраз елі жатыр. Бұ жақта да аздаған Арғын, Қыпшақ бар. Сығанақ бұл күнде Әбілқайырдың қолында. Түбін көрерміз. Ал әзірге барар жеріміз Жағатай ұрпағының Түркістанмен шектескен тұсы. Ағайын сыйласын десек, ол араға біз ел болып баруымыз керек. Қасым баһадур жөн айтады. Қазір әрқайсың қастарыңа бес-алты жігіттен ертіп алып, қозғалмай отыр- ған ауылдарға аттаныңдар. Соңымыздан жұрт көп ерсе, халықтың тілегіне біздің тілегіміз сай келгені. Онда ісіміздің игілікті болуы хақ, — деген. Жәнібек пен Керей балалары жан-жаққа тараған. Солардың айтуымен Әбілқайырға наразы біраз рулар Моғолстан жеріне көшіп бара жатқан қалың көшке келіп қосылған. Әбілқайыр әскерінің Сейхун дарияның арғы бетіндегі көрген көш орны да, шабарманның айтқан Талас өзенінің бергі бетіндегі қонып жатқан қалың ел де бәрі бір осы Жәнібек пен Керейге келіп қосылып жатқан қазақ рулары болатын. Шабарман шығысымен Исан-Бұғы хан кеңесін таратты да, Мір Мұхамед- Шайх, Мір Сейтәлі әмірлерімен, бас найыбы Үйсін Қастек бимен өзі оңаша қалды. Қазақ руларының Моғолстан шекарасына көшіп келуі, егер оларды Моғолстан жерінің шетіндегі Шу, Сарысу өзендерінің бойы мен Талас өзенінің арғы бетіне орналастырса, өздерін Әбілқайыр мен Ақсақ Темір хандықтарының шабуылынан қорғайтын қалқан жасайтындарын бұл төртеуі бірден ұғысты. Және қазақтардың күштерін Қытай мен Қалмаққа да қарсы пайдаланбақ болды. Исан-Бұғы Жәнібек пен Керейдің алдынан ат шаптырды. Ақ Орда хандарының ұрпақтарын, олармен Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 www.kazakhstanets.narod.ru 119 бірге келген қазақтың басты руларының игі жақсыларын құшағын жайып қарсы алды. Жәнібек пен Керей Моғолстан ханымен бір ай бірге болып, бір ыдыстан ас ішісіп, бір ауыздан сөз шығарысып, тату-тәтті бітімге келді. Исан-Бұғы көшіп келген қазақ руларына бүкіл Шу, Сарысу, Талас, Бадам өзендерінің бойы мен Қозыбас, Қаратаудың Моғолстанға қарайтын теріскей жағын тегіс қонысқа береді. Бұл қоныстың шеті Қаратал өзенімен, Әбілқайыр қарамағындағы Түркістан өлкесімен бітеді. Жақсылыққа жақсылық, осыншама қоныс алған қазақ рулары, екі елдің бірдей жауы, Моғолстанды шабуға дайындалып жатқан Қытай богдаханы мен Ойрат қонтайшысына қарсы бір мың жақсы жарақтанған салт атты жауынгер шығарады. Жәнібек пен Керей Исан-Бұғының шартын қабыл етті. «Түпкі арманымыз қазақ хандығын құрып ел болу ғой, біздің қорған екенімізді Қытай, Ойратпен шекаралас қазақ рулары біле берсін. Күшіміздің мол екеніне көздері жетсе, өздерінің де бізге тез қосылуларына себеп болар» деп ойлады олар. Бұл ойларының дұрыс болғанына бес-алты жыл өтпей өздерінің де көздері жетті. Жәнібек пен Керей нөкерлерін ертіп, күтіп отырған жұртына қайтты. Қос сұлтанның бұйрығы бойынша, көшіп келген ел ру-ру боп, адамының, малының санына қарай өздеріне берілген жерге орналаса бастады. Бір ай өткеннен кейін кілең майданға салар бөрте жүйрік мінген бес жүз Арқаның батыр жігіттерін басқарған әдікті Қытай шекарасына, Қашқар жеріне жүргізді. Тағы бір ай өткенде екінші ұлы, соңынан ерлігімен қазақ аузында аңызға айналған Қамбар батырды бес жүз кілең қайың сойыл ұстаған салт атты жауынгерімен Тарбағатай тауын жайлаған Керей, Найманды Ойрат қонтайшысы Амансанджидан қорғауға аттандырды. Қос сұлтан өздері енді Шу, Сарысу, Қаратал, Бадам, Талас өзендерінің бойына жайғасқан елдерін басқару әрекетіне кірісті. Осы кезде Жұныстың аулына Күншығыс Қашқардың ханы, Жағатай ұрпағы Сант-Сұлтаннан туған әбдірашит сұлтан келді. Ол бір көргеннен Жұныстың кіші қызы ерке шора Нигер-Сұлтан-Бегімге ғашық болып, сұлу қызын тоқалдыққа сұрады. Самарқант әміршісі әбусейітпен жақындаспақ ойы бар Жұныс, Нигер- Сұлтан-Бегімнің өзі білсін деді. Әбдірашит қызға кісі салды. Ерке шора Нигер- Сұлтан-Бегім құда түспек жігітті өзі іздеп келді. Келбетті, бірақ тым семіз әбдірашит, хан ұлы болса да, қызға ұнамады. Нигер-Сұлтан-Бегім әкесіне: «Анаған күйеуге шықпақ түгіл жанынан жүруге адам жеркенер», — деп жауап берді. Қыз жауабын естіген әбдірашит енді Жұныспен сөйлеспеді. «Бәлем, осы сөзіңді ұмытпа, түбі бүкіл малымды саған төксем де, мес қарнымның астына бір салармын» деп ашуланып жүріп кетті. әбдірашит сөзін естіген сұлу Нигер-Сұлтан-Бегім: «Сенің астыңа түскенше, өлгенім артық», — деп күліп қала береді. Өмірдің есігін әлі дұрыс ашып көрмеген жас сұлу, бұл жалғанда тек өлі жандар ғана кездеспейтінін, өмір деген сұрқияда адамның түсіне кірмейтін ғажайыптар болып жататынын қайдан білсін! Адамды қақпақыл етіп ойнайтын тағдырдың асау сырын жас сұлу еске ал-мады. Қашқар ханының ұлы әбдірашит кеткеннен кейін, Жұнысты балаларымен Бұқарда саяхаттап жүрген Самарқанттың әміршісі әбусейіт қонаққа шақырды. Жұныс азамат ұлдарын ертіп, үлкен салтанатпен Бұқарға аттанды. |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling