Қарапайымдылар типі


Қарапайымдылар типі тест сұрағы


Download 25.04 Kb.
bet3/3
Sana06.04.2023
Hajmi25.04 Kb.
#1334189
1   2   3
Bog'liq
sabaq-kz attachment test-arapayydylar-tip-sratary

Қарапайымдылар типі тест сұрағы.
1.Қазіргі кезде қарапайымдылардың қанша түрі бар.
А.60 мың С.70 мың
В.40 мың Д.80 мың
2.Қарапайымдылар үшін цистаның маңызы.
А.Бөліп шығару С.Көбею үшін
В.Газ алмасу. Д.Қоректену.
3.Бір жасушалы қарапайым жәндік
А.Гидра С.Медуза
В.Полип Д.Арцелла
4.Қантышқақ амебасының кәдімгі амебадан айырмашылығы
А .Теңіздерде тіршілік етеді С.Адамның ішегінде паразитті тіршілік етеді
С.Топырақта тіршілік етеді Д.ағысы қатты суда тіршілік етеді
5.Паразит тіршілік ететін амебаның түрі
А.Бақалшақты С.Бақалшақсыз
В.Арцелла Д.Дизентерия
6.Жасушаның жұқа жарғақша қабықшасының ішке ойысуынан пайда болған кішкене ойық тәрізді аузы бар жәндік
А.Кірпікшелі кебісше С.Амеба
В.Волвокс Д.Лямбля
7.Амеба тәрізді қозғалатындар
А.Кірпікшелі кебісше С.Эвглена
В.Лейкоциттер Д.Эритроциттер
8.Қантышқақ амебасы адам ішегіне түседі
А.Ауа тамырлар арқылы С.Тері арқылы
В.Тыныс арқылы Д.Ластанған тамақпен,сумен,жидектермен
9.Безгек ауруын ауру адамнан сау адамға тарататын
А.Безгек маса .С.Лямбля
В.Амеба Д.Сәулелілер
10.Лейшманиоз ауруын тудыратын қарапайым жәндік
А.Амеба С.Арцелла
В.Лейшмания Д.Жасыл эвглена
11.Белгілі дене пішіні сақталмайтын біржасушалы жәндіктер
А.Тамыраяқтылар С.Ішекқуыстылар
В.Талшықтылар Д.Бунақденелілер
12.Дене тұрқы 0,2 мм алдыңғы жағы доғал артқы жағы сүйір, дене пішіні тұрақты бір жасушалы қарапайым жәндік
А.Эвглена. С.Лямблия.
С.Амеба. Д.Кірпікшелі кебісше.
13.Денесінде бақалшақ болатын амебаның бірі.
А.Арцелла. С.Жасыл эвглена.
В. Амеба. Д.Кірпікшелі кбісше.
14.Кебісшенің қозғалуы.
А.Кірпікшелерімен. С. Асқорыту вакуолі арқылы.
В.Талшығымен. Д. Жалған аяқтарымен.
15.Тамыраяқтылар тобына жататын жәндік.
А.Кірпікшелі кебісше. С.Арцелла.
В.Жасыл эвглена. Д.Лямблия.
16.Дизентерия амебасы қандай ауру тудырады.
А.Лейшманиоз. С.Қантышқақ.
В.Кокцидиоз. Д.Тұмау.
17.Қарапайымдылардың қоректенген кезде түзетіні.
А.Кіші ядро. С.Үлкен ядро.
В.Асқорыру вакуролі Д.Кірпікшелері.
18.Кәдімгі амебаның жалған аяқтарының саны.
А.2 С.Тұрақсыз.
В.5 Д.3
19.Қарапайымдылардың түрлерін алғаш ашқан ғалым.
А.Антони Ван левенгук. С.С.Г.Навашин.
В.Роберт Гук. Д.К.А.Тимирязев.
20.Дене пішіні кебіске ұқсайтын біржасушалы жәндік .
А. Звглена. С.Лямблия.
В.Кірлікшелі кебісше. Д.Арцелла.
21.Қолайсыз жағдай болғанда амеба.
А.Циста түзеді. С. Спора түзеді
В.Финка түзеді Д.Өледі.
22.Үлкен және кіші ядронңы бөлінуі арқылы жынысты көбейетіндер.
А.Кірпікшелі кебісше С.Жасыл эвгленалар
В.Талшықтылар Д.Плазмалылар
23.Амебаның тыныс алуы
А.Вакуольмен С.Жалған аяқтыларымен
В.Бүкіл денесімен Д.Көпіршіктерімен
24.Кірпікшелі кебісшенің сезім топтық қызметін атқарады
А.Мұршалары С.Арнайы талшықтар
В.Тері жабыны Д.Аксон
25.Денесі бірғана жасушадан құралатын жәндіктер
А.Желілер С.Құрттар
В.Қарапайымдылар Д.Тікентерілер
26.Осы жәндіктер шөгінділер арқылы геологтар мұнай қорын анықтайды
А.Былқылдақденелілер С.Құрттар
В.Көпжашушалылар Д.Біржасушылар
27.Қарапайым типіне жататын жәндіктер
А.Кірпікшелі құрттар С.Шаршылы өрмекші.
В.Көбелектер Д.Кірпікшелі кебісше.
28.Дене пішні тұрақсыз жәндік.
А.Лямблия. С.Кәдімгі амеба.
В.Вольвокс. Д.Жасыл эвглена.
29.Жұқпалы ішек аурулары
А.Цирроз С.Гастрит
В.Қантышқақ Д.Асқазан жарасы
30.Вольвокстің жеке жасушалары байланысады
А.Цитоплазмалық көпірше арқылы С.Байланысы жоқ
В.Қабықша арқылы Д.Арнайы жіпше арқылы
31.Жарықта өсімдіктер тәрізді,ал қараңғыда жануарлар тәрізді қоректенетін қарапайымдылар
А.Амеба С.Жасыл эвглена
В.Кірпікшелі кебісше Д.Трипоносома.
32.Дизентерия қоздырғышының сілемейлеп зақымдайтын мүшесі
А.Өңеш С.Ұлтабар
В.Өт Д.Аш ішек.
33.Кірпікшелі жәндіктердің өзге біржасушалы жәндіктерден көбею өзгешілігі
А.Жанасу арқылы жынысты жолмен С.Ұзыннан тік бөліну
В.Спора арқылы Д.Бөліну.
34.Вольвокстің жеке жасушалары байланысады
А.Цитоплазмалық көпірше арқылы С.Байланысы жоқ
В.Қабықша арқылы Д.Талшығы арқылы.
35.Біржасушалы қарпайым жәндіктерде зәр шығару мүшесі
А.Жасыл без С.Жиырылғыш вакуольдер
В.Жабынды қабықша Д.Несепағар.
36.Вольвокс шоғырының пішіні
А.Үтір С.Таяқша
В.Шар Д. Спираль.
37.Сәулелілер қабыршақтарын
А.Құрылыс материалы ретінде пайдаланады С.Қабырғаны әктеуге
В.Үй салуға Д.Тыңайтқыш ретінде пайдаланады
38.Денесі кірпікшелілермен қапталған цитоплазмасында бір үлкен және бір кішкене ядросы болады
А.Безгек паразиті С.Кірпікшелі кебісше
В.Қантышқақ амебасы Д.Жасыл эвглена
39.Арцелланың қозғалу мүшесі
А.Қылаулатқышы С.Кірпікшелері
В.Жалғанаяқтары Д.Табанымен
40.Адамды тері ауруына ұшырататын талшықтылар тобының бір өкілі
А.Безгек паразиті С.Лейшмания
В.Қантышқақ Д.Талшық
41.Жиырылғыш вокуольдің қызметі
А.Көмірқышқыл газы,зиянды заттар еріген судың артық мөлшерін сыртқа шығарылуы
С.Газ алмасу В.Тыныс алу
Д.Ас қорыту
42.Ішектің қабырғасындағы сілемей қабықшаны бүлдіріп жара қылады
А.Қантышқақ амебасы С.Құртамыш
В.Лямблия Д.Лейшмания
43.Құм шіркейлері арқылы таралатын тері ауруының түрі
А.Безгек ауруы С.Лейшманиоз
.В.Дизентерия Д.Гоммоз
44.Ұйқы ауруының қоздырғышы
А.Лямбля С.Трипаносома
В.Лейшмания Д.Опалина
45.Аш ішекте жәнеөт жолында тіршілік ететін паразит қарапайым жәндік
А.Лямблия В. Қантышқақ
В.Құртамыш Д.Трипаносома
46.Жасыл эвгленаның кірпікшелі кебісшеден айырмашылығы
А.Кірпікшелілердің болуы С.Ядросының болуы
В.Жарықсезгіш көздің болуы Д.Қылаулатқыштың болуы
47.Кіірпікшелі кебісшенің сезімталдық қызметін атқарады
А.Тері жабыны С.Арнайы талшықтар
В.Дендит Д.Аксон
48.Белгілі дене пішіні сақталмайтын біржасушалы жәндіктер
А.Кірпікшелілер С.Бунақденелілер
В.Талшықтылар Д.Плазмалылар
49.Амебаның көбею жолы
А.Уылдырық арқылы С.Бүршіктену арқылы
В.Екі жасуша қосылу арқылы Д. Екіге көлденең бөліну арқылы
50.Кірпікшелі кебісше
А.Құстарға қорек С.Шымтезек түзуге қатысады
В.Суды оттегімен байытады Д.Суды тазартады.
51.Қабыршақты тамыр аяқтылар.
АТеңіз жануарлары үщін мекен жай. С.Ұсақ жануарларға қорек.
В.Ізбесті шөгінді түзеді Д.Суды тазартады.
52.Амебаның ядро саны.
А.4 С.3
В.1 Д.2
53.Бір жасушалы жәндікке жатпайды.
А.Амеба С.Сәулелі өрмекаяқ
В.Медуза Д.Шұрықденелі бунақай.
54.Амебаның қозғалу мүшесі.
А.Талшықтары С.Цитоплазма
В.Кірпікшелері Д.Жалғанаяқтары.

55.Цитоплазмасында бір үлкен, бір кіші екі ядросы бар жәндік.


А.Кірпікшелілер С.Тамыраяқтылар
В.Споралылар Д.Талшықтылар.
56Дизентерия амебасының цисталары сау адамға жұғады.
А.Сүрленген еттен С.Тұздалған қиярдан
В.Жемісті жумай жегеннен Д.Шала піскен еттен.
57.Қарапайымдылардың сыртынан қаптайтын , өте жұқа майысқақ немесе қатқыл плазмалы қорғаныш қабат.
А.Қабыршақ С.Пеликула
В.Спора Д.Кутикула
58.Пішіні кебіске ұқсайды
А.Қантышқақ амебасы С.Лейшмания
В.Фораминифералар Д.Лямблиялар
59.Вольвокстың жасыл эвгленадан айырмашылығы
А.Пішінін өзгертеді С.Шоғырланып тіршілік етуге бейімделген
В.Алдыңғы жағы доғал Д.Артқы жағы сүйір
60.Адам мен жануарлар жасушасында тері ауруын қоздыратын паразиттік жәндік
А.Трипанасома С.Құмыты
В:Лейшмания Д.Бодо
61.Безгек ауруын қоздыратын паразитті ашқан ғалым.
А.А.Левенгук С.Р.Гук
В.А.Лаверан Д.Л.Пастер.
62.Ең алғаш ұсақ ағзаларды сипаттап жазған ғалым.
А.К .А.Тимирязев С.Антони Ван Левенгук
В.С.Г.Навашин Д.Роберт Гук.
63.Біржасушалы қарапайым жәндіктердің зәр шығару мүшесі
А.Бүйрек С.Жиырылғыш вакуольдер
В.Несепағар Д.Жасыл без
64.Қарапайымдыларға әсер ететін тітіркендіргіштерге жатпайтыны
А.Шу С.Тұз ерітіндісі.
В.Қышқыл Д.Тамақ
65.Қарапайым жәндіктер ғылымғы қай жылдан бастап белгілі
А.15ғасыр С.16 ғасыр
В.17ғасыр Д.11 ғасыр
66.Жиырылғыш вакуоль болмайды.
А.тек теңіз қарапайымдыларында С.Еркін және паразит қарапайымдыларда
В.Тек паразиттерде Д.Бір жасушалы тұщы су қарапайымдыларда
67.Тәулігіне нәжіспен сыртқа шығарылатын амеба цистасының саны
А.250 млн-дай С.300 млн- дай
В.360 млн-дай Д.400 млн- дай
68.Осы жәндіктер шөгінділері арқылы геологтар мүнай қорын анықтайды.
А.Былқылдақденелілер С.құрттар
В.Біржасушалылар Д.Көпжасушалылар
69.Сағатына амебаның ең жоғары шапшаңдығы
А.2 см С.4 см
В.1 см Д.3см
70.Қантышқақ тудыратын амебаны ашқан ғалым
А.И.Мариковский С.А.Левенгук
В.Ф.Леш Д.А.Селевин
71.Дене пішіні тұрақты денесі әктен түзілген, сыртқы қаңқа қаптайтын соркодиналар түрі
А.Эвглена С.Сәулелі өрмекаяқ
В.Бодо Д.Опалина
72.Шөгінділерінен мұнай қоры тұзілетін жәндік
А.Бақалшақты біржасушалылар С.Жасыл эвглена
В.Кірпікшелі кебісше Д.Амеба
73.Цитоплазмасының қозғалу әсерінен амебаның денесінде ең алдымен пайда болады
А.Іркілдек бүртік С.Ойыс
В.Талшық Д.Өсінді
74.Инфузория қазақша қандай ұғым береді
А.Өзгеру С. Тұнба
В.Қозғалу Д.Талшық
75.Безгке масасын құрту үшін қолданатын улы химикат
А.Гексахлорид С.Хинин
В.Гексахлоран Д.Гексахлор
Download 25.04 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling