11. Сүйінбай ақынның шығармаларын қандай салаларға бөліп үйренеміз?
А) арнаулары, толғаулары, поэмалары
Б) толғаулары, поэмалары, арнаулары
С) арнаулары, айтыстары, дастандары
Д) толғаулары, айтыстары, арнаулары
12. Сүйінбай ақын хан болып сайлану үшін оған қандай талаптар қояды?
А). жау қашырған батыр, не дау шешкен шешен, не өнегелі сөз қалдырған көсем
Б) ел басқару ісінде әділ, өнегелі сөзімен көсем, не ел қорғаған батыр
С) сөзге шешен, ел басқару ісінде әділ, не батыр
Д) халқына қамқор, асқан мерген, сөзге шешен
13. Майлықожа ақын «Ахмет төреге» деген өлеңінде Ахметті неге ұқсатады?
А). арам есекке
Б). қатпа түйеге
С). құтырған итке
Д). батпан қойға
14. Қанай датқа Майлықожа ақынға кім?
А). нағашысы
Б). ұзақ туысы
С). қарсыласы
Д). қамқоршысы
15.Бәйіт еттім бұл сөзді,
Қайғы шегіп заманнан.
Заман азып не қылсын –
Ай орнынан ...,
Күн орнынан ...,
Мұның бәрі ... .
А) шығады, батады, адамнан Б) туады, шығады заманнан. С) туады, шығады, адамнан. Д). шығады, туады, заманнан.
16. Адамның азған белгісі:
Екі кісі дауласса,
... ... ... .
А) Арасынан пара алған. Б) Арасынан мал алған. С) Тату бол деп айтпайды. Д) Татулыққа тартпайды.
17. Мұсылманшылдық жолындағы оқудың нәтижесінде ишандық дәрежесіне жеткен ақын кім?
А. Майлықожа Б) Мәделі С) Шернияз Д) Шортанбай
18. Махамбет рухында жыр толғап, шаруалар көтерілісіне үн қосқан, халықтың қайнаған шерін өлеңмен шерткен өткір тілді ерен жүйріктің бірі – ...
А) Шортанбай Б) Мұрат С) Шернияз Д) Шөже
19. Шортанбай туралы біркелкі пікір айтып, орта мектепке оқулық жазған немесе очерк ретінде танытпақ болғандар..., ... .
А. Е.Ысмаилов, Қ.Бекхожин Б) С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев С) М.Әуезов, Қ.Бекхожин Д) Е.Ысмаилов, М.Мағауин.
Do'stlaringiz bilan baham: |