Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


в) Алдаумен (тапсырыспен) бағаны көтеру


Download 1.14 Mb.
Pdf ko'rish
bet73/85
Sana10.04.2023
Hajmi1.14 Mb.
#1348522
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   85
Bog'liq
Ала жіпті аттама

в) Алдаумен (тапсырыспен) бағаны көтеру
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
көпшіліктің тауарды алуға еш құлқы жоқтығына
қарамастан, басқаларды арандатып, бағаны көтеруге немесе түсіруге тыйым салған. Бағаны
қолдан көтеру тауарды өндірушінің, жеткізушінің тапсыруы бойынша, тауарды асыра мақтау не
болмаса бағада бəсекелесіп, сатып алушыны арандату жолымен жүзеге асырылуы мүмкін. Олай
болса, тауар сапасын көтере мақтап, бағаны арттыруға тырысқан саудагер айла жасаған болады.
Оның бұл ісі дінде харам саналады.
Осы арада харамға жол ашатын сауда-саттықты да айта кеткен жөн. Ислам құқық
кітаптарында харамға жол ашатын саудаға мысал ретінде шарап өндірушіге жүзім сату ісі
келтірілген. Аллаһ тағала Құран кəрімде «Жақсылыққа, тақуалыққа жəрдемдесіңдер. Күнəға
жəне дұшпандыққа жəрдемдеспеңдер» деген («Мəида» сүресі, 2-аят). Ендеше, саналы
мұсылман жамандыққа, күнəға болыспауды өзіне міндет деп білгені жөн.
9. Кісі ақысына қатысты басқа да табыс көздері
Дінге қайшы табыс табу жолдарына əуелі Аллаһтың əмірі үшін жəне мұндай кіріс көзі
басқалардың ақысын мансұқ еткендіктен тыйым салынған. Харам санатындағы табыс көздеріне
келетін болсақ, олар мыналар:
Есірткі, арақ-шарап, темекі саудасынан түскен табыс
Ислам адамды ақыл-естен тандырып, өз іс-əрекетіне есеп беруден қалдыратын алкогольді
ішімдіктер, есірткі, басқа да есеңгірететін заттардың саудасына тыйым салған. Бұл заттарды
тауар айналымынан шығарған. Сөйтіп, көпшілік арасында маскүнемдіктің, нашақорлықтың кең
жайылуының алдын алған.
Бұл жолдағы саудагерлер қоғам үшін аса қауіпті қылмыскерлер. Олар үшін адам өмірі түк
емес. Аз күндік бас пайдасына бола адамдарды шыңырауға құлатып қарап отырады. Əдетте,
есірткінің дəмін татып, оған бой алдырған адамдар ақыл-ой, сана-сезім, ар-ождан, намыс-ұят
секілді адами қасиеттерден жұрдай болады, сосын жан түршігерлік қылмыстарға бой ұрып,
ауруынан айығуға күш-қайрат таба алмайды. Бұл тұтастай ұрпақтың, елдің ақысының
бұзылғаны.

Download 1.14 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   85




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling