Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған
б) Спекулятивті іс-шараларға бару
Download 1.14 Mb. Pdf ko'rish
|
Ала жіпті аттама
б) Спекулятивті іс-шараларға бару
Жоғарыда тоқталғанымыздай, тауар бағасын əдейі аспандататын спекулятивті амалдарды дініміз мүлдем құптамайды. Əбу Хұрайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) қалалықтың ауыл адамына комиссионер болуына, тауарды алуға ойы жоқ бола тұра, сатып алушымен бəсекелесіп бағаны көтеруге, басқаның саудасына килігіп өз тауарын өткізуге тыйым салған [237] . «Ешкім мұсылман бауырының сауда-саттығына килігіп, алыс-беріс жасамауға тиіс, оның саудаласқанының үстінен саудаласпайды» [238] . «Тауарын сатып алмайтын болсаңдар, сатып алушыны арандату үшін бағаны көтермеңдер» [239] дейтін хадистер бұл мəселелерде кісі ақысының мейлінше сақталуын басты мұрат тұтады. Қазіргі таңда экономика саласында бүкілəлемдік нарыққа едəуір ықпалын тигізетін оқиғалар легінен құлағдармыз. Нарық өз шеңберінде миллиондаған ақшаны қызу айналдырғанымен, бəрібір саясатқа тəуелді. Жаратылыстану ғылымдарының хаос жүйесі теориясында «көбелек эффекті» деген ұғым бар. Бұл жүйеге болмашы əсер етудің салдарынан орасан қиындықтар туындауы мүмкін. Ендеше, бір ауыз сөзімен, оқыс қылығы нарықты шоршытуға жететін лауазым иелері бұған сақ болуы тиіс. Өйткені, іргесі шайқалған нарықтағы тұрақсыздық реттеліп, бағаның бағамы бір ізге түсіп ырықталғанша, спекулятивті бизнес жасаушылардың дəурені жүреді. Олар төтенше жағдайда өздерінен басқа ешкімге пайда əкелмейтін қадамдарға барып, нарықтың қорғансыз қатысушыларына орасан зор шығын келтіреді. Бұл жағдайда, бұзылған құқық оңай қалпына келе қоймайды. Себебі, кімге, қандай шығын келтірілгенін болжап білу мүмкін емес. в) Несиені уақытылы қайтармау Алған қарызды уақытысында қайтармау құқықтық жауапкершілікке жетелейді. Ал, одан бас тартудың дініміздегі үкімі – кісі ақысын белден басу. Бұл əсте жақсылыққа апармайды. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм): «Байдың борышты төлеуді кешіктіруі – қиянат» деген. Қарыз алғанда немесе бергенде мəміленің маңызды шарттарының бірі уағдаласқан мерзімде қайтару. Құран кəрім несиені жазбаша рəсімдеуді, куə немесе кепіл секілді қарыздың берілгенін дəлелдейтін, орындалуын қамтамасыз ететін əдістерді қолдануды талап еткен [240] . Күнделікті тұрмыста көмекке, несиеге ақша қарастырғанда, кəсіпкерлік қызмет барысында іскерлік айналымның əдет-ғұрпына сүйеніп, тауар саудалағанда қолхат алмау, жасалған мəмілені айғақтамау секілді жағдайлар жиі кездеседі. Өйткені, көпшілік мəмілені жазбаша рəсімдеуді, берілген тауар, ақша үшін қолхат алуды бейне серіктесіне сенімсіздік көрсету секілді қабылдайды. Бұл жаңсақ түсінік. Құран бізден қарызды міндетті түрде хатқа түсіруді, айғақтауды талап етеді. Іскерлік байланыспен уағдаласқандар тауарға немесе ақшаға қатысты істе куəлар алдында сөз байласпаған, мəмілені хатқа түсірмеген болса, шарт талаптары тиісінше орындалмаған деп саналып, оларға өз дегенін дəлелдеу оңайға соқпайды. Бұл жағдайда келісімге келе алмаған екі тараптың өзара алауыздығын былай қойғанда, оларға болысып жік-жікке бөлінген əріптестер, ағайын-туған, жолдас-жоралардың арасына да сызат түседі. Егер əлдебір іс бастар алдындағы екі жақ Аллаһ тағаланың əмірін қалт жібермей қарыз ақша, сауда-саттық мəмілесін жазбаша рəсімдесе, екі жақ та оған қол қойса, анау-мынау келіспеушілік туындай қоймас еді. Құранның əмірін сенімсіздік білдіру ретінде қабылдау, оны орындауға талпынған бауырын ағаттықпен даттау да кісі ақысын бұзғандық болады. Қарызының бар екенін біле тұра, төлегенін айтып жалтару, ант-су ішу де үлкен күнə. Мұның обалы мен зауалы осы қадамға барған адамның мойнына артылады. Қасақана мұндай кесірлікке барғанның жазасы айыбын жуып-шаюмен өтелмейді. Имам Шафиғидің пікірінше, мұндай қадамға барған адам шынайы тəубе етіп, Аллаһтан көп кешірім тілеуі тиіс. Download 1.14 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling