Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


а. Ақысы желінген кісі белгісіз болса


Download 1.14 Mb.
Pdf ko'rish
bet81/85
Sana10.04.2023
Hajmi1.14 Mb.
#1348522
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85
Bog'liq
Ала жіпті аттама

а. Ақысы желінген кісі белгісіз болса
Ақысы желінген кісі белгісіз болып немесе артында бірде-бір ұрпақ қалмаған жағдайларға
кезігіп жатамыз. Бұл жағдай екі түрлі реттеледі.
1) Жеке меншік мал. Иесі белгісіз харам мал сол иесінің атынан кедей-кепшіктерге садақа
етіледі. Бұл кезде қолындағы кісі малын садақа еткен адам ешқандай да сауаптан дəметпейді.
2) Ортақ мал. Малдың белгілі бір иесі болмаса, күнəсінен тазарып кешірім алу үшін бұл
харам малды барша мұсылмандардың игілігіне жұмсалатын жеріне берілгені дұрыс.
Кейде қолдануға харам затты түпкі иесіне немесе мұрагерлеріне апарып беру айтарлықтай
қауіп төндіруі де мүмкін. Ақысы кетіп, көп жыл жоқшылық тартқандар ізгі ниетпен тəубе еткен
əлгі кісіге ондайда тарпа бас салып, қанауға-тонауға мысал етуге болады. Мұндай жағдайда ол
заттың егесін жоққа санап, тыныш жүре берген дұрыс. Ал егер бұлай болмай жатса, зат иесінің
де, өзінің де кешірілуін сұрап көбірек дұға еткен дұрыс. Жəне де қолданылған дүние мөлшері
шамалас затты сауапты іспен айналысатын мекемелерге бағыштау да Аллаһтың кешіріміне
себеп болуы мүмкін. Бұл да мұсылмандарға ұсынылатын шешім.
ә. Ақысы желінген адам белгілі болса
1) Белгілі арам дүние: Ақысы желінген адам мен желінген дүние мөлшері белгілі болған
жағдайда алынған зат кері қайтарылып, ақысы желінген адамның кешірімін алу керек. Алынған
дүниенің қаз-қалпында қайтарылуы өте маңызды.
2) Кісі ақысын жеу арқылы алынған дүние таусылып, не жоғалып қалған жағдай: Иемденген
арам дүние жоғалып, немесе таусылып қалған кезде істеген қателігінің дұрыс еместігіне көзі
жетіп, иесіне бəрін қайтарғысы келген жағдайда көңіл бөлуі керек шарттар;
а) Мөлшері белгілі жағдай: Егер алынған дүниенің мөлшері белгілі болса, сол мөлшерде
қайтарылады.
ə) Мөлшері белгісіз жағдай: Мөлшері белгісіз болған жағдайда шамамен сол мөлшерде
қайтарылып, артынан міндетті түрде ақысы желінген адамның ризашылығы алынады.

Download 1.14 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling