Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
Download 2.18 Mb. Pdf ko'rish
|
бакалавриат История
ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ № Тақырыптар атауы 1 Батыс елдерінің 1918-1945 жж. дамуының негізгі бағыттары. 2 Соғыстан кейінгі әлемді қайта құрудың Версаль-Вашингтон жүйесі. 3 Германия. 4 Италия. 5 Испания. 6 Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері. 7 Франция. 8 Ұлыбритания. 9 Ресей және КСРО. 10 Америка Құрама Штаттары. 11 Латын Америкасы елдері. 12 Халықаралық қатынастар. 13 Екінші дүниежүзілік соғыс. 14 Батыс елдерінің 1945-2016 жж. дамуының негізгі бағыттары. 15 Америка Құрама Штаттары. 16 Ұлыбритания. 17 Франция. 18 Германия. 19 Италия. 20 Испания. 21 КСРО және кеңестен кейінгі кеңістіктің еуропалық мемлекеттері. 22 Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері. 23 Латын Америкасы елдері. 24 Халықаралық қатынастар. ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ Кіріспе Пәннің мақсаты – батыс қоғамының бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталған кезден бастап бүгінгі күнге дейінгі дамуының негізгі бағдарын бейнелейтін әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени-рухани үдерістерді кешенді түрде оқыту. Курстың негізгі міндеттері: Батыс елдерінде постиндустриалдық қоғамның қалыптасуының ортақ белгілері мен ерекшеліктерін анықтау; Батыс елдерінің XХ ғ. – ХХІ ғ. басындағы дамуының альтернативтілік мүмкіндіктерін қарастыру; жаңа ұлттық мемлекеттердің құрылу тарихын түсіндіру; қазіргі замандағы халықаралық қатынастардың дамуының сипаты мен ерекшеліктерін ашу. Курсты оқу барысында студенттер Батыстың дамыған елдерінің постиндустриалдық сатыға өтуі, Батыс елдерінің әр кезеңдегі дамуының себептік-салдарлық байланыстары және жалпы заңдылықтары, индустриалдық қоғамнан постиндустриалдық қоғамға өту процесінің дигнамикасын анықтайтын негізгі факторлар, Еуропа және Американың жеке елдерінің қазіргі замандағы дамуының өзіндік ерекшеліктері, батыс ғылымы мен мәдениетінің дамуының жалпы сипаты туралы білім жинақтауға тиісті. Курсты оқу барысында студенттер мынадай дағдылар мен біліктерді меңгеруі қажет: батыс өркениетінің XХ ғ. – ХХІ ғ. басындағы даму тарихын кезеңдерге бөлудің ғылыми негіздерін білу нәтижесінде тарихи оқиғаларды тарихи кезеңдерге сәйкестендіре білу; деректерді талдау нәтижесінде тарихи фактілерді түсіндіру, салыстыру және қорытындылау; қазіргі заманның саяси және қоғамдық қозғалыстарының мәнін түсіну және сипаттай білу; Батыстың әртүрлі елдеріндегі саяси режимдердің жалпы сипаты мен ерекшеліктерін талдай білу; Батыстың ірі елдерінің экономикалық дамуының ортақ сипатын анықтау және жеке елдердің дамуының ерекшеліктерін ашу; көрінекті тарихи тұлғалардың іс-әрекетін объективті түрде бағалай білу. «Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» пәні тарихи білім жүйесінде айрықша орын алады, өйткені бұл пәннің мазмұны бүгінгі күнмен тығыз байланысты. Қазіргі заман тарихы – адамзат тарихының аса күрделі кезеңі, ол әлемдік тарихтың терең және ауқымды үдерістерімен сипатталады, бұл – қазіргі заманғы өркениеттің әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени- рухани негіздерінің қалыптасу дәуірі. «Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» пәнінің объектісі және әдістер жүйесі. Ұсынылып отырған пәннің оқыту объектісі – Батыс елдерінде қазіргі заман кезеңінде болып жатқан саяси, әлеуметтік-экономикалық, рухани үдерістер. Пәннің әдістер жүйесін анализ, синтез, абстрактілеу, салыстыру, индукция, дедукция сияқты жалпы ғылыми әдістер, сондай-ақ арнаулы тарихи әдістер құрайды. Download 2.18 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling