Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Download 2.18 Mb.
Pdf ko'rish
bet16/287
Sana22.10.2023
Hajmi2.18 Mb.
#1715143
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   287
Bog'liq
бакалавриат История

 
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
 
Кәсіби қазақ тіліндегі «Тарих» мамандығының пәндік негіздеріне 
кіріспе 
Гуманитарлық бағытта жиі қолданылатын ғылыми ұғым атаулары мен 
арнайы лексиканың қолданылу аясын, жазба нұсқаларын кәсіби мақсатта игеріп, 
жұмсай білудің өзектілігі. Тарихи дерекқор материалдарының қазақ тілінде 
ауызша және жазбаша түрде сапалы жеткізілуін қамтамасыз ететін тәсілдерді 
меңгеру. Қазақ тіліндегі немесе қазақ тілінде жеткізілуі тиіс тарихи мәтіндердің 
мазмұнын ашып, талдай білу дағдыларын жетілдіруді ұйымдастыру.  
Кәсіби қазақ тілі тарихшы маманның коммуникативті құзіреттілігін
қалыптастыруда ерекше орын алады. Бұл пән ғылыми танымдық мақсаттағы 
қабілеттілікті арттырады. Тарихи тұжырымдық–методологиялық ұстанымдар 
мен тарихи зерттеу бағыттарындағы ғылыми тілдік аппараттың қалыптасу 
қажеттілігін тудырады. Тарихи ұғымдар мен түсініктердің қазақ тіліндегі кәсіби 
баламаларының жаңа қолданысы. Қазіргі қазақ тіл білімінің ғылыми-іскери 
лексикасы мен стилистикасын меңгерудің маңызы. 
 
«Тарих» мамандығы бойынша оқытылатын кәсіби қазақ тілі - пәндік 
феномен 
Қазақ тілінің адамзат мәдениеті тарихында алатын орны. Қоғамдық ой-сана 
қалыптастырудағы орны. Қоғам мүшелерін ортаға бейімдеу, олардың арасында 
өзара түсіністік, сенім орнатушы, кәсіби, іскерлік ынтымақтастық 
қалыптастырушы, біріктіруші фактор ретіндегі рөлі. 
Курс аясында лингвистикалық, әлеуметтік лингвистикалық, дискурсивті, 
әлеуметтік-мәдени, стратегиялық құзіреттіліктер меңгеріледі. Сөздік қор қажетті 
кәсіби лексика, терминдермен толықтырылып, сөйлемдерді грамматикалық 
тұрғыда сауатты әрі жүйелі құру дағдылары жетілдіріледі және қажетінше 
бейвербальді амалдар үйретіледі. Сөзді қарым-қатынас құралы ретінде мән-
мағынасына сәйкес дұрыс қолданып, ойды еркін жеткізе білу және әлеуметтік, 
қызметтік мақсатта орынды пайдалана алу әлеуметтік лингвистикалық 
құзыреттілікті қамтамасыз етеді. 

Download 2.18 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   287




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling