Байланыс желілерінің құралдары мен жабдықтарын монтаждаудың нормативтері
Download 72.56 Kb.
|
Байланыс желілерінің құралдары мен жабдықтарын монтаждаудың нормативтері
Байланыс желілерінің құралдары мен жабдықтарын монтаждаудың нормативтеріДәрiстiң мақсаты: студенттерге тбайланыс желілерінің әртүрлі типтерін және нөмірлену қағидаларын үйрету. Мазмұны: Қалалық телекоммуникациялық желілерді тұрғызудың қағидалары. Ауылдық телефон желісін тұрғызу қағидалары (АТЖ). ҚР желілеріндегі нөмірлену қағидалары. Қалалық телекоммуникациялық желілерді тұрғызудың қағидалары [2, 3, 11]. Аудандастырылмаған қалалық телефондық желі – бұл бір АТС-тен құралған желілер (автоматтық телефондық станция немесе коммутатор) 2.1.сурет. сурет – Аудандастырылмаған ҚТЖ Аудандастырылған қалалық телефондық желі (торабсыз), 2.2 сурет, бірнеше аудандық АТС тері бар (РАТС), желілер "бір-бірімен"қағидасымен жалғанады. сурет – Аудандық ҚТЖ торабсыз Аудандық кіріс хабарламалы тораптары бар қалалық телефондық желі, бірнеше тораптық аудандардан тұрады; әрбір тораптық аудан ішінде РАТС өзара бір бірімен "әрқайсысы әрқайсысымен" қағидасы бойынша жалғанады. Әрбір тораптық ауданның ішінде "әрқайсысы әрқайсысымен" қағидасы бойынша бір бірімен жалғанған (торабтық аудан 1) немесе өзінің аудандық торабына кіріс хабарламалар торабы арқылы байланысады (тораптық аудан 2) 2.3 сурет. Әрбір тораптық ауданның сыйымдылығы жүз мың нөмірден аспайды. сурет – ҚТЖ кіріс хабарламалар торабымен ҚТЖ шығыс хабарламалар тораптарымен (ШХТ) және кіріс хабарламалар тораптарымен (КХТ). Қаланың территориясы тораптық аудандарға бөлінеді, әрқайсысының сыйымдылығы 100 мың нөмірге дейін болады. Әр тораптық ауданда орналасқан әртүрлі РАТС арасындағы жалғануды ұйымдастыру үшін, әрбір тораптық ауданда ШХТ тұрғызады, яғни, басқа тораптық ауданның станциясының шығыс жүктемесі бірігеді және өзінің тораптық ауданының КХТ-не қарай бағытталып, таратылады (тораптық ауданда 10 КХТ-тен артпайды) (2.4 сурет). Ауылдық телефон желілерін құру қағидалары (АТЖ) [2, 3, 11]. Қазақстан Республикасында АТЖ радиальді (2.5 а сурет), желілерді радиальді тораптық (2.5 сурет б), тұрғызу қолданылады, сонымен қатар аралас әдіс те қолданылады (2.5 в сурет). Ауданның орталығында орналасқан, біруақытта АТЖ-дің транзиттік торабы мен аудан орталығының телефон станциясы қызметін атқаратын АТЖ-орталық станциядан (ОС) тұрады. Радиальді әдіспен тұрғызуда ақырғы станциядан ОС-ға ЖЛ (жалғау линиялары) қосылады немесе радиальді- тораптық тұрғызуда ақырғы станциядан және тораптық станциядан ОС орталық станция арқылы АМТС-ке байланыс жүзеге асырылады. ҚР желілеріндегі нөмірлену қағидалары [2, 3, 11]. сурет – ҚТЖ - ШХТ және КХТ сурет – АТЖ нің құрылу қағидасы ҚР-ның телекоммуникациялық желілерінде, нөмірлену жоспарын құруда аймақтық қағида қолданылады. Әрбір аймақ нөмірленуіне нөмірлену жоспары бойынша үш мәнді АВС (нөмірленудің географиялық аймағында) немесе DEF (нөмірленудің географиялық емес аймағында) коды тағайындалады. Республика ішінде, абоненттер арасындағы жалғану және мемлекеттер арасындағы жалғану қалааралық нөмірленуді пайдаланумен жүзеге асады (ұсыныстар Е.160 МСЭ-Т). Әрбір тұтынушыға (абонентке), терминалдың типіне тәуелсіз, ерекше ұлттық нөмір беріледі. СЕРТ ұсынысына сәйкес желіде жедел үшмәнді код және 1UV ақпараттық анықтамалық қызмет қолданылады. Халықаралық нөмір, елдің кодынан, ұлттық кодтан және абонент нөмірінен тұрады. Ұлттық код АВС (DEF) ҚР - дың шақырылып отырған абонент нөміріне аймақтың нөмірлену коды сәйкес болады. Халықаралық нөмірдің құрылымы 2.6 суретте келтірілген. сурет Абонент нөмірі, нөмірлену аймағында «аb» кодынан, аймақтың жергілікті желісінен және абонент нөмірінің қаланың жергілікті желісінен немесе ауылдық аудан орталығынан тұрады. Ішкіаймақтық нөмірдің құрылымы 2.7 суретте көрсетілген. сурет Download 72.56 Kb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling