Ч а с т ь I v молодой ученый
Download 3.2 Mb. Pdf ko'rish
|
moluch 422 ch4
265
“Young Scientist” . # 27 (422) . July 2022 265 Young Scientist Kazakhstan ету факторларын түсіну жарақаттан кейінгі стресстің бұ- зылуы эпидемияның алдын-алу және бақылауды қалыпқа келтіру жағдайында өте маңызды. Демек, аурудың өршуінің қоғамға әсер етуінің психо- логиялық аспектілерінен басқа, жұқтырған науқастарды медицина қызметкерлері емдеуге тікелей қатысу және жұқтыру қаупінің жоғарылауы, отбасыларға инфекци- яның берілуінен қорқу, өздері мен жақындарының ден- саулығы туралы алаңдаушылық, стигматизация және қабылдамау сезімдері, сондай-ақ экстремалды қысым жағдайында жұмыс істеу салдарынан қосымша күйзеліске ұшырайды. Екінші жағынан, ауру жағдайлардың көбеюі және онымен байланысты өлім-жітім, ұзақ уақыт бойы үлкен жұмыс жүктемесі және персоналды қорғау құралда- рының сарқылуы уақыт өте келе эмоционалды және физи- калық күйзелісті тудырады. Медициналық қызметкерлер үшін COVID-19 басталуының психологиялық әсерін және қауіп пен қорғаныс факторларын түсіну үшін жүйелі зерт- теулердің қажеттілігі туындайды. Зерттеудің мақсаты: COVID-19 пандемиясы кезін- дегі медицина қызметкерлерінің психологиялық көрсет- кіштерінің әлеуметтік-демографиялық, кәсіби көрсет- кіштерімен байланысын анықтау. Зерттеу объектісі — Түркістан, Шымкент қалала- рының медициналық қызметкерлері (дәрігерлер, мейір- бикелер, кіші медициналық қызметкерлер). Бір мезетті, көлденең зерттеу жүргізілді. Зерттеу жұ- мысының мақсатына байланысты 287 медицина қыз- меткерлеріне анонимді сауалнама жүргізілді. Негізгі де- мографиялық мәліметтерге мамандық (дәрігер немесе мейірбике), жыныс (ер немесе әйел), жас (жылдар), от- басылық жағдайы (тұрмысқа шықпаған, үйленген немесе ажырасқан), пандемия кезінде қызметі: провизорлық бөлімдерде, фильтр бөлімінде, жедел жәрдем бөлімі, жалпы изолятор және қарқынды күтім блогы кірді, еңбек өтілі, бала саны, т.б. COVID-19 өршуі кезінде медицина қызметкерлерінің басынан өткізген психологиялық реакцияларын және олармен байланысты факторларды бағалау үшін психоло- гиялық сауалнамалар алынды. Біздің зерттеу жұмысымызда медицина қызметкер- лерінің психикалық денсаулығын бағалау үшін біз төрт шкаланы қолдандық. 9 пункттен тұратын пациент ден- саулығының сауалнамасы (PHQ-9), 7 тармақтан тұратын жалпыланған мазасыздықтың бұзылуы (GAD-7), 7 пун- кттен тұратын ұйқысыздықтың ауырлық индексі (ISI) және өмір сүру сапасын анықтайтын SF-36 сауалнамалары қолданылды. Нәтижелер «SPSS» статистикалық бағдарламалар па- кетінде есептеліп жүзеге асырылды. Респонденттердің 115-і (40 %) әйел, ал 172 (60 %) ер екені анықталды (сурет 1). Сурет Download 3.2 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling