Дениет негіздері
Download 1.52 Mb. Pdf ko'rish
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы
Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы и институты развития құрбандарының өздері де осындай қылмыстар жасағаны туралы сенім сияқты психологиялық қорғаныс түрлері тән болады. Қорғау тетіктерінің пайда болуы сыбайлас жемқордың әрекеті уәждемесінің сапалы жағынан өзгергенін көрсетеді. Сандық қатынас жағынан бұл К. Морган бойынша «орталық уәждеме жағдайының» пайда болуынан көрінеді, ол мынадай қасиеттермен сипатталады: 1) ол бір рет пайда болса сенсорлық қоздырғыштар тарапынан қолдаусыз әрі қарай созыла береді; 2) салдар тобының ұлғаюынан көрінетін жалпы белсенділікпен ілесе жүреді; 3) ұмтылыстардың кей түріне ден қоюға, екінші түріне көңіл бөлмеуге бейімділік, бұл әрекетті бұзуға жоғары дайындығынан көрінеді. Орталық уәждемелі жай-күй негіз болып табылады, онда сыбайлас жемқорлық әрекетке дайын болушылық өркен жаяды. Нәтижесінде сыбайлас жемқорлық әрекеті жетекші уәж болып қалыптасады. Оған қоса тұлғаның дербестігі қанат жаяды. Бұл сыбайлас жемқордың «қолайлы» ортамен араласуына ықпал етіп, әлеуметтік бақылау мүмкіндігін азайтады және сыбайлас жемқорлық әрекетінің одан әрі күшеюіне және осы дертпен шалдыға түсуіне ықпал етеді. Егер әрекет нормаларынан ауытқудың бастапқы көріністерінде тұлғаның психологиялық негізін бұзбайтын және рухани-этностық құндылыққа бастайтын қандай да бір деңгей туралы айтуға болатын болса, одан әрі нормадан жүйелі түрде ауытқу кезінде сыбайлас жемқорлық тән әрекет стилі қалыптасады, ол кезде осы ауытқушылық жетекші мағына құраушы қажеттілік ретінде көрінеді. Нәтижесінде сыбайлас жемқорлық әрекеті басты уәждемелі күшке, өмірдің негізгі мәніне айналады. Осы кезеңде сыбайлас жемқорлық әрекетінің сипаты мен мазмұны өзгереді. Сыбайлас жемқорлық әрекеті эмоционалдық салада оқшауланатын құбылыс болып, зияткерлік функцияны да қамтитын тұтастай қолайлы жай-күйге дейін кеңейеді. Нәтижесінде «жеңіл табыс табу» мүмкіндігі әрекет стиліне айналады. Әзірленген тетікті егжей-тегжейлі талдау өзінің күрделі ой- пайымымен ерекшеленетін сыбайлас жемқор тұлғасы деструктивті тұлға екенін ұғынуға мүмкіндік берді, оның әрекеті кез келген мемлекет үшін бүлдіргіш сипатта болады. Әр замандағыдай сыбайлас жемқорлықтың түпкі мақсаты бұрынғыдай қала береді, ол – адамның заңсыз жолмен алатын жеке пайдасы немесе өзге сыйақы. Мұндай тұлға сана-сезімге тиісті таптаурынды ой қалыптастыра отырып, сыбайлас жемқорлықтың дұрыстығы мен перспективалығы жөнінде келешек ұрпаққа нұсқама беруімен қауіпті. Осылайша, сыбайлас жемқорлық әрекеті үрдісі әуелгіде көңіл-күй, қызығушылық, пікір, жекелеген адамның нұсқамасы ретінде көрініп, одан соң нақты әрекеттен көрінетін әрекеттер мен іс-қимылға айналады. Сыбайлас жемқорлық әрекетінің диагностикасы мен профилактикасы әдісіне: – әлеуметтік-коммуникативтік процестер мен нормсативтік құжаттардың психологиялық мониторингі; – әртүрлі жүріс-тұрыс моделдерінде субъект-субъекті қатынастары (пара беруші – делдал – пара алушы) профилизациялау; – алдын алу шараларының мазмұнын түзету және сараптау; – әлеуметтік нормалар мен таптаурын мәселелерді өзгерту; 85 ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ – психологиялық-диагностикалық әдістерді (полиграф, тестілеу, вербальды және вербальды емес бақылау және т.б.) қолдану жатады. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды осы құбылысқа (сыбайлас жемқорлық әрекетінің сыртқы факторлары) әлеуметтің қатынасын өзгертуге, сонымен қатар қалыпты мінез-құлықтық бейінге және олардың әлеуметтік стереотиптерін қалыптастырушыларға түрлендіруге де бағдарлау қажет (сыбайлас жемқорлықтың ішкі факторлары). Download 1.52 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling