Дәріс: Психология ғылымының зерттеу әдістері Жоспар
Download 295.66 Kb.
|
UMK-2 дәріс Психология ғылымының зерттеу әдістері
Топтық тренинг. Топтық немесе басқаша айтқанда, әлеуметтік психологиялық тренинг ретінде қарым-қатынас жүйесіндағы білім беpy және іскерлікке үйретудің өзіндік түрлерін, сондай-ақ оларға сәйкес коррекция түрлерін түсінуге болады. Топтық тренинг амалдарымен шешілетін мәселелелер шеңбері кең әрі алуан түрлі, сондықтан тренинг түрлері де әр түрлі болады. Әлеуметтік психологиялық тренингтің барлық түрлерін екі үлкен топқа бөлуге болады:
әлеуметтік икемділікті дамытуға бағытталған (мәселелен, пікір сайысын жүргізе білу, тұлғааралық дау-дамайларды шешу); қарым-қатынас жасау жағдайын талдау тәжірибесін тереңдетуге мақсатталған. Әлеуметтік психологиялық тренинг әдістері екі үлкен салаға бөлінеді: топтық пікір сайыс және ойындар. Топтық пікір-сайыс әдісі көбінесе белгілі бір жағдайларды, топтың өзін-өзі талдау түрінде пайдаланылады. Әлеуметтік психологиялық тренингтің ойын әдістерінің ішіндегі рөлдік ойындар әдісі кең таралған. Аталған әдістердің әр біреуі жеке қолданылуы мүмкін, бірақ олар көбінесе, бірнеше әдістер жиынтықтары енетін кешендік бағдарламалардың құрамдық бөлігі болады. Түрлі психикалық құбылыстардың кұрылымын функциялар мен параметрлерді шамамен жорамалдауда, эксперименттік материалдарды талдауда, модельдерді құрастыруда факторлық талдау деп аталатын математикалық-статистикалық әдіс қолданылады. Математика қазіргі кезде көптеген ғылымдардың зерттеу әдістеріне кеңінен еніп отыр. Психологияда мұны алғаш қолданған ағылшын психологы Ч.Спирмен. Осы әдіспен адам интеллектісін (ақыл-ой), оның музыкалық, математикалық қимыл-қозғалысы т.б. қабілеттерінің белгілі шамасын белгілеуге болады. Мәселен, осы әдісті психологтар адамның жоғары нерв қызметі қасиеттерінің құрылымын (Б.М.Теплов, В.Д.Небылицын) зерттеуде пайдаланды. Күрделі корреляцияларды факторлық талдауға салу, электрондық өлшеуіш машиналарының (ЭВМ) көмегіне де сүйенеді. Зерттеу материалдарын сапа жағынан өңдеу. Психологиялық зерттеулерде әр түрлі психикалық процестердің заңдылықтары мен ерекшеліктерін ашу және тұлғаның қасиеттерін анықтау үшін қарастырылған әдістердің барлығы да кеңінен пайдаланылады. Кез келген әдісті дұрыс қолданғанда, ең алдымен тұлғаның психикалық көріністерінің сапалық сипаттары анықталып, тіркеледі, яғни зерттеу міндеттеріне сәйкес фактілі деректер дәлме-дәл іріктелінеді де дұрыс түсіндіріледі. Сапалық талдау жүргізген кезде жаңадан қалыптасып, не дамып келе жатқан психикалық көріністерге баса назар аудару керек, өйткені, бұл адамға қазір ненің тән екендігін ғана емес, сондай-ақ оның психикалық даму перспективасын болжауға мүмкіндік туғызады. Алайда, зерттеу нәтижелерінің объективтілігі зерттеліп отырған психикалық құбылысты суреттеуді және сапалық сипаттама беруді ғана талап етпейді. Әрқашан да табылған қасиеттің типтілігін анықтап, дәлелдеудің маңызы зор. Бұл, зерттеу материалдарын сандық өңдеуден өткізу негізінде іс жүзіне аса алады. Зерттеу материалдарын сан жағынан өңдеу. Психологияда сан жағынан талдау үшін, басқа ғылымдардағы сияқты материалды математикалық өңдеуден өткізу әдістері әсіресе, көрсеткіштердің орташа сандық мәнін анықтауға мүмкіндік беретін варияциялық статистика әдісі кеңінен қолданылады. Зерттеу нәтижелерінің дұрыстығын анықтау үшін статистикалық әдістердің ерекше маңызды мәні бар. Статистикалық әдістер белгілі бір көрсеткіштердегі айырмашылықтардың сенімділігі туралы, олардың осы құбылыстағы типтілігі және нормадан ауытқу шектері туралы, қанша адамның сыннан өту қажеттігі туралы математикалық дәлдікпен пікір түюге мүмкіндік береді. Психикалық зерттеулер нәтижесін өңдеу үшін альтернативалық, корреляциялық, дисперциялық және факторлық талдау әдістері неғұрлым кең пайдаланылады. Альтернативалық талдау. Альтернативалық (таңдауға мәжбүрлік) талдау кезінде кез келген жағдайда болуы да, болмауы да мүмкін психикалық құбылыстардың белгілері, қасиеттері, сапалары зерттеледі. Осы белгілердің сандық көрсеткіштерде көрінуін альтернативалық талдау деп атайды. Альтернативалық талдаудың сандық көрсеткіштері бірнешеу. Әдетте құрылым көрсеткіштерімен арақатынастар көрсеткіштері жиірек қолданылады. Құрылым көрсеткіші бөлшек пен бүтін арақатынастар көрсеткіші бүтіннің бөлшектері арасындағы процент пен берілген қатынасты сипаттайды. Барлық сыналатындардың қай бөлігінің белгілі бір белгілерге (мәселен, зейіннің тұрақтылығы, есте сақтау тәсілдері тағы басқалар) ие, ал қай бөлігінің оларға ие емес екендігін аныңтау керек болған жағдайда құрылым көрсеткіштерін табады. Белгілі бір қасиетке ие сыналушылар топтары арасындағы қатынастарды ашу үшін арақатынастар көрсеткіштері анықталады. Мысалы, есте сақтау процесін зерттеу кезінде қандай материалдың есте тұрақты сақталатындығын және материалдың белгілі бір түрін есте нық сақтауға бейім сыналушы топтар арақатынасының қандай екендігін анықтау қажеттілігі туады. Альтернативалық талдау сыналушыларда белгілі бір қасиеттердің, белгілердің бар екенін анықтауға мүмкіндік береді, бірақ оның көмегімен белгілер арасында тәуелділік бар-жоғын анықтауға болмайды. Корреляциялық талдау. Психикалық құбылыс белгілерінің өзара байланыс дәрежесін (екінші сөзбен айтқанда, байланыс тығыздығын) корреляциялық (арақатыстық) талдаудың көмегі арқылы сипаттап беруге болады. Мәселен, жас пен ырықты есте сақтаудың арасындағы тәуелділік корреляциялық болады, өйткені жастың белгілі бір өзгерісі кезінде ырықты еске сақтаудың белгілі бір өзгеріскс ұшырағаны байқалмайды. Бұл ырықты есте сақтаудың өзгеруі тек жасқа ғана емес, басқа факторларға да: еріктің даму деңгейіне, есте сақтау кезінде зейінді шоғырландыруға, есте сақталатын материалға деген ынтаға тәуелді екендігімен түсіндіріледі. Дисперсиялық талдау. Корреляциялық сияқты дисперсиялық (ажырату) талдаудың да міндеті - зерттеліп отырған белгілер арасында өзара байланыстың бар-жоқтығын аныңтау. Ал корреляциялық және дисперсиялық талдау арасында елеулі айырмашылықтар бар. Корреляциялық талдау байланыс тығыздылығының мөлшерін тек эксперимент үшін мәні бір белгілер арасында анықтауға мүмкіндік береді. Дисперсиялық талдау кезінде зерттеліп отырған белгілерге әсер ететін факторлардың бағасын алуға және олардың әрқайсысының әсер ету мөлшерін анықтауға болады. Мұндай жағдайда экспериментші зерттелетін белгілерге тигізетін әсері зерттелуі қажет факторлар шеңберін өзі анықтайды. Белгілі бір факторлардың зерттеліп отырған белгілерге әсер етуінің алуан түрлілігін сипаттайтын өлшем дисперсия болып табылады. Дисперсияның мөлшерін, оның құрамын осы дисперсиялық талдау кезінде аныңтайды. Сөйтіп, ырықсыз есте сақтау процесін зерттей отырып, экспериментші өзі ырықты есте сақтауға әсер етуші ретінде зерттегелі отырған факторларды дисперсиялық талдау үшін өзі беліп алады. Математикалық аппаратты пайдалана отырып, ырықты есте сақтау үшін бөлініп алынған факторлардың кайсысы маңыздырақ және басқа факторлардың ролі қандай екенін анықтауға болады. Факторлық талдау. Психологиялық зерттеулер нәтижелерін өңдеудің анағұрлым күрделі әдісі факторлық талдау болып табылады. Бұл әдістің күрделілігі факторлық талдаудың алдында бірнеше әзірлік кезеңі болатындығында, оның барысында факторлық талдау белгілерінің шамасы айқындалады, осы белгілерді сандық белгілеу өткізіледі және корреляциялық матрицалары, яғни әр белгінің белгілі бір жүйенің барлық белгілерімен байланысы тығыздығын бейнелендіретін корреляция коэффициенті көрсетілген таблица құрастырылады. Корреляциялық матрицалар факторлық талдау үшін материал болады. Мұнда, бір мезгілде көптеген сандық деректерді есептеуге тура келетіндіктен, матрицаларды өңдеу есептегіш қондырғының көмегімен жүзеге асырылады. Факторлық талдау тәуелді және тәуелсіз факторлардың санын, факторлардың топтағы салмағын анықтауға және зерттеліп жатқан құбылысқа әсер ететін белгісіз факторларды табуға мүмкіндік береді. Психологиялық зерттеулерді жүргізу кезінде зерттеу әдістерін нақтылы әдістемелерді сондай- ақ нәтижелерін сандық жағынан өңдеудің әдістерін тура таңдай білудің манызы зор. Алайда, әдіс қаншалықты сәтті және дұрыс таңдалып алынғанымен әдістер жүйесін пайдаланған жөн. Мұндай жағдайда неғұрлым толық, терең мазмұнды, ал ең бастысы объективті нәтижелер алуға мүмкіндік туады. Download 295.66 Kb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling