Фиолетовый Адаптация Новых Сотрудников Профессиональная Презентация
Download 38.22 Kb. Pdf ko'rish
|
ҚР Конститутциялық құқық негіздері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ПАРЛАМЕНТІ Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы Парламентті заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілді орган ретінде сипаттайды. Қазақстан Республикасының Парламенті жоғары өкілді орган ретінде де , өкілді демократия органы ретінде де өмірге келді.Халық тікелей ғана емес, Парламент арқылы да өзінің саяси еркін білдіреді. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында Парламент бірден – бір заң шығарушы орган болып есептелмейді.Себебі Конституцияда көзделген жағдайда Президент заң шығару қызметін атқара алады. Сонымен бірге Президенттің заң шығарушылық қызметінің өкілеттік берілген және тәуелділік сипатта болатындығын да атап айтқан жөн. Парламент өзінің заң шығару өкілеттігін берген жағдайда ғана Президент заң қабылдай алады. Егер Парламент зәру заңдарды шұғыл қабылдай алмайтындай болса Президент заң күші бар Жарлық шығаруға құқылы. Екі жағдайдың екеуінде де Президенттің заң шығару өкілеттігі уақытша сипатта болады. Парламент тұрақты жұмыс істейтін заң шығару органы болып табылады. Заң шығару қызметімен бірге Парламент , шектеулі көлемде болса да, атқарушы биліктің қызметін де бақылай алады. ҮКІМЕТТІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік биліктің жеке тармағы болып табылады және мемлекеттің атқарушы билігін бейнелейді. Сондықтан Конституция Үкіметтің мемлекеттік билік жүйесіндегі орнын анықтайды., биліктің басқа тармақтарымен өзара қарым-қатынасының нормативтік негіздерін белгілейді.Конституцияда көзделген тәртіппен Үкіметті Президент құрады. Премьер – министрге кандидатураны Президенттің өзі іріктейді және кандидтураға келісімін алу үшін оны Парламенттің қарауына енгізеді.Парламенттің келісімін алғаннан кейін Президент оны Премьер – Министр қызметіне бекітеді. Президент құрамында Премьер – Министр, оның орынбасарлары, Үкімет Аппаратының басшысы , министрлер, Мемлекеттік комитеттердің төрағалары бар Үкіметті құрады. Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ұсынысты Премьер – Министр енгізеді. Үкімет мүшелері халыққа және Республика Президентіне ант береді. |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling