Кіріспе: Ардагер ұстаз Қағазбеков Қасымжан Қағазбекұлы Негізгі бөлім: Ұстаздың еңбек жолы
Download 8.78 Kb.
|
Қасымжан Қағазбекұлы. разработка
Жоспар: Кіріспе: Ардагер ұстаз Қағазбеков Қасымжан Қағазбекұлы Негізгі бөлім: Ұстаздың еңбек жолы Қорытынды: Ұстаз есімі- мәңгілік! Қағазбеков Қасымжан Қағазбекұлы - ұстаз, , ҚР оқу-ағарту ісінің үздігі. Қарағанды облысы, Қоңырат ауданында 1927 жылдың 29 қазанында дүниеге келген. 1948 жылы Алматы мемлекеттік педагогикалық институтты тәмәмдаған. 1943 жылы механика-жөндеу цехында темір өңдеуші болып еңбек етеді. 1948 жылы Шығыс Қоңырат кентінде ауысым басшысы болды. Алғаш ұстаздық еңбек жолын 1952 жылы Қоңырат кенішінің №25 қазақ орта мектебінде физика, математика пәндерінің мұғалімі ретінде бастады. 1955-1959 жылдары аталмыш мектептің оқу-ісінің меңгерушісі болып жұмыс атқарды. Алғаш басшылық қызметті 1972-1973 жылдары №3 интернатында атқарады. Кейін 1973-1996 жылдар аралығында №2 Абай атындағы мектептің директоры болып қызмет атқарды. Басшының лицейге тигізген үлесі мол. 23 жыл басшылық еткен №2 Абай атындағы лицейде республика бойынша ІІ орынды жеңіп алған телетехникалық орталық ашты. Әдеби «Абай залын» көркемдеп, «Әлем мәдениетінің тарихы», «Әдеп негіздері» курстарын енгізді. «Елім-ай» хореографиялық – эстетикалық блогын ашты. Лицейдегі Ұлы ақын Абай атамыздың ескерткішін орнату жұмыстарын бастап, Вольдорф принципімен оқыту жүйесін енгізген. Қасымжан Қағазбекұлының еңбегі үшін алған құрмет марапаттары: «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері», Балқаш қаласының "Құрметті азаматы", сондай-ақ «Еңбек ардагері» медалінің, КСРО Ағарту министрлігінің "Құрмет грамотасының", Ресей Ғылым Академиясының бүкілодақтық олимпиаданың Қазақстандағы аймақтық химия олимпиадасын жүргізгені үшін Мақтау грамотасы, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері. Бүгінде Қасымжан Қағазбекұлының есімі лицей ғана емес, қала тарихында да үлкен із қалдырған. Ұстаз еңбегі кейінгі күнге дейін лицей өмірінде көрініс беріп, кейінгі ұстаздар мен білім алушы жастар тұлға еңбегін үлгі етіп, бетке ұстауда. Бар ғұмырын арнаған тәрбиеге Тілеген жемісті еңбек бәріне де. «Техника королі», - деп атап кеткен, Еңбегіңіз айғақ жасқа, кәріге де. Download 8.78 Kb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling