Ынтымақтастық және топтық жұмыс барысында кездесетін кедергілерді анықтау және жоюға ықпал ету жолдары
(7 минут)
|
- топқа бөлу барысында бір оқушы мен бұл топта болғым келмейді,-деген жағдайда сіздің әрекетіңіз?
- топқа бөлу барысында бір топқа «күштілер» немесе «әлсіздер» біріңғай кетіп қалмау үшін сіз қандай әдістер қолданасыз?
- топпен жұмыс кезінде бір топта тек бір адам ғана өктем болып өз дегенін істетіп, қалған топ мүшелері соның тасасында қалып қоймау үшін сіздің амалыңыз қандай?
-топқа бөліну кезінде бір топқа «ӘЛСІЗДЕР» түсіп кетті делік. Енді осы топтың нәтижелі жұмыс жасауы үшін сіз не істер едіңіз?
|
Кері байланыс. Рефлексия. (3 мин)
|
Әр топтан бір адамнан бүгінгі тақырыптың өзектілігі, топтық жұмыс барысындағы ынтымақтастықтың пайдасы мен маңызы туралы өз пікірлерін айтады. «Екіжұлдыз, бір тілек»
әдісі.
|
Коучингте қозғалған тақырыптың мағынасы мен маңыздылығы туралы қысқаша түйіндейді. Мұғалімдер стикерлерге
коучингтен алған екі жағымды әсерін, бір ұсынысын жазады.
|