Ministry of education and science of the republic of kazakhstan
«YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY»
Download 3.21 Mb. Pdf ko'rish
|
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1
«YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY»
October 25-26, 2019 белгiлеген тәртiп мүлтiксiз сақталатын қызметтi түсiнемiз. Құқықтық реформа шеңберінде күштi мамандандырылған адвокатура құрылды, 1997 жылдың 5 желтоқсанында қабылданған «Адвокаттық қызмет туралы» заңын бұл процесстің алғышарты деп айтуға болады [2]. Адвокат – міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 5 шілдедегі № 176-VІ ҚРЗ Заңымен реттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы. Жоғары заң білімі, заңгер мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі бар және адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған адам адвокат бола алады [3]. Конституцияның бiлiктi заң көмегiн алуда азаматтар мен ұйымдарға кең және тең мүмкiндiк беретiндiгiн атап өткен жөн. Конституциялық нормаларға сүйене отыра, «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы заңында адвокаттардың кәсiби заң бiлiмiн қажет ететiн мәселелер бойынша консультациялар, түсiндiрмелер, кеңестер мен жазбаша қорытындылар беретiндiгi; талап қою арыздарын шағымдары мен басқа да құқықтық сипаттағы құжат тарды жасайтындығы, азаматтық сот жүргiзу iстерiне қатысатындығы; азаматтар мен ұйымдарға өзге де заң қызметiн көрсететiндiгi тiкелей айтылған. Сөйтiп, адвокаттар кәсiби қызметiнiң мазмұны нақ осы заң көмегiн көрсету болып табылады. Өз кезегiнде адвокат көрсететiн заң көмегi консультациялар, түсiндiрмелер беру, талап қою арыздарын, шағымдар мен құқықтық сипаттағы өзге құжаттарды жасау, сот iсiнде, сондай-ақ одан тысқары басқа iс-әрекеттердi белсендi жасау жолымен азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен мүддесiн қорғаудың барлық заңды құралдары мен әдiстерiн пайдалану болып табылады. Қасақана қылмыс жасағаны үшiн сотталған, белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлеттiлiгi шектеулi деп танылған, адвокаттар алқасынан шығарылған, тәртіптік жағымсыз әрекет жасағаны үшін құқық қорғау органдарынан босатылған адам - босатылған күнінен бастап бір жыл бойы адвокат бола алмайды. Адвокаттың көмекшiлерi мен тағлымдамадан өтушiлерi болуы мүмкiн. Адвокаттың көмекшiлерi еңбек шартының (келiсiм-шартының) негiзiнде заң консультациясында, адвокат кеңсесiнде немесе адвокаттық қызметпен жеке-дара айналысатын адвокаттың жанында жұмыс iстей алады. Адвокаттың көмекшiлерi адвокаттың нұсқаулары бойынша және соның жауапкершiлiгiмен адвокаттың тапсырмаларын орындауға құқылы. Жоғары заң білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары ғана адвокаттың тағылымдамадан өтушілері бола алады. Тағылымдамадан өтушілер тағылымда туралы шарттың негізінде адвокаттарда тағылымдамадан өтеді. Тағылымдамадан өтуші ретіндегі жұмыс кезеңі заң мамандығы бойынша жұмыс стажына есептеледі. Тағлымдаманың тәртiбiн, мерзiмi мен шарттарын адвокаттар алқасы белгiлейдi [4]. Адвокатураның міндеттері: азаматтар мен ұйымдарға заң қызметін көрсету, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын және зңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесу, заңдылықты сақтау болып табылады. Қазақстан Республикaсындағы адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және бiлiктi заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етiлген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған. Адвокатура түрлі iстер бойынша қорғау, азаматтық, әкiмшiлiк және басқа да iстер бойынша өкiлдiк ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мен iске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегiнiң өзге де түрлерiн көрсету жөнiндегi адвокаттардың қызметiн ұйымдастырады. Адвокаттық қызмет шеңберiнде адвокаттар көрсететiн заң көмегi кәсiпкерлiк қызмет болып табылмайды. |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling