Ministry of education and science of the republic of kazakhstan


«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ»


Download 3.21 Mb.
Pdf ko'rish
bet171/299
Sana23.07.2023
Hajmi3.21 Mb.
#1661870
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   299
Bog'liq
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1

«ЖАСТАР – БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ» 
атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 
25-26 қазан, 2019 ж.
 
– Т.Ізтілеуов. ХХғасырдағы қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар Т.Ізтілеуовтің арнау 
өлеңдерінен бастап, толғау, мысал, дастандары көркем әдеби бейнелікке толы.
Өсиетттік ғибратқа толы жырларында өзіндік беті, стилі айқын көрінеді.
Оның ақындық поэзиясы өзіндік поэтик образға бай. Қазақ тілінің небір шұрайлы 
сөздерін әдеби бейне жасауда орынды қолдана білген. Тұрмағамбет поэзиясының түрі, 
стилі, тілінде сөздің көркемдік құнын пайдалана отырып, өзінше жаңа әдеби бейне 
жасап, бейнелілікке негіздеген.
Базар мен Тұрмағамбет шығармашылығында халық ауыз әдебиеті дәстүрінің 
қалыптасқан бедері бар. Десек те, екі суреткер де сөз қадірін терең түсінетін, талғампаз 
талант, жаңашыл жыр елінің өкілі деп бағалаймыз.
Ұлттық ойлау жүйесі, ұлттық дәстүрдің тамырын анықтау мәселесіне келгенде 
сол халықтың салт-дәсүрі, әдет-ғұрпына назар аударған жөн.
Ұлттық сөз өнеріміздің ұлылығы мен көркем мағынасын түсіну үшін әдеби бейне 
мен бейнелілік мәселесіне көңіл бөлеміз. Т.Ізтілеуов поэзиясының көркемдік жүйесін 
құрайтын негізгі желілердің бірі – фольклорлық шығармалардағыдай сұлулық сипаты, 
аттың сыны, батыр тұлғасы, патша отауын суреттеу. Даналыққа толы нақылдар мен бата-
тілектерді орнымен әдемі қолданып, суретті сөз жасайды.
Табиғаттың көркем сұлулығын сұлу қызға теңеу, табиғатты адам өмірімен 
байланыстыра суреттеп, образды тұрғыда жырлайды. Мәселен,
Күмістей сымға тартқан саусақтарың,
Сүйріктей суға шашқан бәрі мүсін, - 
деп судың кескінін суретті бейнелі сөздермен пішіндейді. Ақын арудың бетін, көзін, 
қасын, мұрнын, шашын, тісін суреттеп әдеби бейне жасайды.
1. Күндей ақ шығып келе жатқан түсің.
2. Сәулесі ақ бетіңнің жерге түскен.
3. Көзің – гауһар, маржан - тісің, 
Маржандай тізіліп тұр отыз тісің.
4. Жарқын жүз, түлкі тамақ, құралай көз.
Адам образын ашуда ақын бейнелі суреттегіш сөздерді ұтымды қолданған.
«Күндей, маржандай – теңеу, «ақ бетің, жарқын жүз, түлкі тамақ» - эпитет, «көзің 
– гауһар, маржан тісің» - метафора. Тілдің көркемдегіш құралдары мен адамның өзгеше 
белгілерін аңғартып, сұлулық бейнесін жасаған.
Тұрмағамбет қазақтың мақал-мәтелдерін қолдана отырып, көркем бейнені 
жасаған. «Тұтқын қыз» дастанында: «Жол табам жалғым өзім дегендердің, Өшпесе 
өсірмейді оның бойын», «Ердің өзіне қарама, ісіне қара», «Өлімнен ұят күшті» сияқты 
мақал-мәтелдерді дастандағы басты кейіпкердің бірі Самұрық құстың жаратылыс заңына 
қарсылық көрсетіп, өзімшілдік бейнесін ашу үшін қолданған. Өзім білем дегендердің ісі 
бірге, баспайтынын, адамгершілік, гуманистік мұрат жолындағы күресті жыр етуді 
суреттеу мақсаты болғанын айту жөн.
Дастандағы Сүлеймен патша, Самұрық құс, Патша қызы мен сүйген жігіті 
Шаһзада бейнесін жасауда аңыздық сюжетті романтикалық әдіспен кейіпкерлерін 
бірден үлкен жолындағы тартыс жолдарына әкеп тірейді.
Сүлеймен патшаның жүгірген ақ мен құсты жинап жиын өткізуі жаратылыс 
заңына ешкім тұра алмайтынын айтады. Пайғамбардың айтқанын екі етпейтін құстардың 
сұлтаны Самұрық қарсы болады.
Сол кезде Жәбірейін келіп: «Батыс патшасының әйелі қыз, шығыс патшасының 
әйелі ұл туады. Сол екеуінен кейін некелендей тұрып, халыққа пайдалы ұл туылады, 
қолыңнан келсе екеуін қоспа», - депті.
Самұрық жаңа туған қызды ұрлап, әкеліп аралдағы ұясында өсіреді. Бірнеше жыл
өткен соң Шығыс патшасының баласы серуендеп жүріп, кеме суға кетеді де, жалғыз өзі 
аман қалады. Сол жерде қызбен кездесіп, патша қызды алдыруға бұйрық береді. 


160
Materials of the international scientific-practical conference 

Download 3.21 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   299




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling