Ministry of education and science of the republic of kazakhstan


«YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY»


Download 3.21 Mb.
Pdf ko'rish
bet172/299
Sana23.07.2023
Hajmi3.21 Mb.
#1661870
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   299
Bog'liq
сборник-материалов-конференции-22.08.2019-1

«YOUTH – DRIVING FORCE OF EDUCATION, SCIENCE AND SOCIETY» 
October 25-26, 2019 
Сандыққа жасырынған жігіт пен қызды патшаға әкелгенде ішінен қыз, жігіт және жаңа 
туылған сәби шулап жатады.
Дастандағы тұтқын қыз – жан сұлулығы, махаббат мөлдірлігі, достыққа берік, 
арманына жетуге ұмтылған бейне ретінде суреттелген. Ал Самұрық құс – өзімшіл, 
менмен тұлға. Патша алдында әшкереленген Самұрық Қап тауына ұшып кетеді, содан 
кейін көрінбепті.
Тұрмағамбет патша, қыз, жігіт образын күрделі образ дәрежесіне жеткізбеген. 
Әйтсе де, қоғамды өзіндік орны бар, өмір жолы, адалдықты сезінумен басталған 
нанымды жағдайлардағы харакер айшықтарын аша көрсетуге ұмтылған.
Автор кейіпкерін бірден үлкен өмір жолындағы тартыс жолдарына әкеп тірейді. 
Бірінші тосқауыл қызды Самұрықтың ұрлап кетуі, жігітпен кездесуі. Қыз үшін ең ауыр 
жүк білдірмей жігітті патшаға жеткізу, сеніміне ие болу.
Тұрмағамбет мысал өлеңдерінде образдылық, бейнелеу және кейіпкердің іс-
әрекетін бейнелеу тәсілін жиі қолданған. Өмірді образ арқылы ойлауы, танып, бейнелеп 
беруде маңызды ой салады, рухани нәр береді.
1. Өлеңге ажар беріп тұрған теңеу, эпитеттер заттың өзгеше белгілерін аңғартады.
Бағасын білімді ердің білмейді ешкім,
Ажарлы ауан артық ақылы жоқтан.
«Білімді ер, ажарлы ауан» - эпитет образ жасап тұр.
Қоянның көжегіндей ғаріп едім,
Бұл қатын бүркіт пе деп, бұлдырықтан. 
(Лұқпан хакім мысалынан) 
«көжегіндей» - теңеу көркем бейне жасау құралы:
2. Ақын мысалдарындағы көркем бейне арқылы оқырманға мораль үйретеді, 
өсиет, ғибрат айтып, ой түйеді. Мысалы:
Болады бақ, ықпалдың – бірлік кілті,
Болмайды бір болғанның, жаннан мүлті.
(Төрт дос мысалынан) 
Жолдасың жарым болса сол сияқты,
Он келмей өзіңменен шек келеді.
(Дарақ пен Сал).
Сақтаулы сақтағанның сыбағасы,
Асыққан ұшырасар бір тобаға.
(Жолаушы мен дана). 
Өмірден алынған түйінді, мазмұнды мысалдарында тәлім-тәрбие бере отырып
басында немесе аяғында түйін жасайды. Тұрмағамбет мысалдарында екі адамды және 
хайуанаттарды сөйлете отырып, диалог арқылы кейіпкерлердің мінез бітімі, ой-өрісін 
ашып, әдеби бейне жасайды. Өмірлік шындықты ашып көрсетуге, кейіпкер сырларын 
ашу арқылы диалогтарды адамдар әрекетіне мән береді. Мысалы: Сүлеймен:
Ат пенен қаршығаға неге ермедің? 
Білдің бе, - деді, - олардың сөзін жалған.
Кірпікшешен:
Опа жоқ қаршығаға мен қалайда атта,
Көрсете көрме қысым бұл халатта.
Есігін иесінің күзететін,
Ит артық, өз ойыма инабатта
(Сүлеймен мен кірпікшешен). 
Ақын мысалдарында суреттеуден гөрі диалог арқылы ойды өрбітіп, болашақты 
болжап отырады. Диалогпен кейіпкердің мінез-құлқын ашады. Кейіпкерді сөйлету 
арқылы көркем бейне жасайды. Кәрпікшешен адалдықтықтың бейнесі ретінде беріліп, 


161 

Download 3.21 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   299




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling