Модельдеу әдістері
Download 462.28 Kb.
|
362973 (2)
Кіріспе Инженерлік қызмет алдымен техникалық объектілерді жобалаумен байланысқан. Жобалау дегеніміз - өнімді жасаудың бейнелеуін алу процесі. Техниканың әртүрлі салаларында жобалану объект ретінде өнімдер немесе процестер болуы мүмкін. Ғылым және техника прогресі күрделі техникалық объектілердің, яғни өзара байланысқан элементтерінің көп санынан тұратын күрделі жүйелердің пайда болуына себеп болады. Күрделі жүйелерді (осындай жүйелерге басқару объектілер да жатады) өңдеп, жобалап жасаған кезде қарастырып отырған объектілердің сандық және сапалық қасиеттерін білу қажет. Көп деген жағдайлар себебінен әдетте күрделі объектілердегі осындай заңдылықтарын практикалық тексеру мүмкін емес. Сонымен бірге осындай тексеру көп материалдар шығындарын және көп уақытты талап етеді. Осы себептерден қарастырып отырған күрделі объектілердің қасиеттері мен заңдылықтарын модельдеу әдістері негізінде зерттеудің өте көп мағынасы бар. Қоршаған орта туралы біздің тәжірибелеріміз біздің қабылдауымызда негізделген. Бұл мәлімет бірақ тікелей қолданылмайды. Әдетте ол объектіні бейнелеп зерттеуге қолданылатын қарапайым қасиеттер жиынына түрленеді. Сапа жағынан қасиеттер жақсы, жаман, ауыр, т.б. болуы мүмкін, бірақ модельдеу үшін біз көбінесе өлшенетін сандық қасиеттерін қолданамыз. Зерттелетін шамалар объекттегі нақты шамалардан қарапайым болған кезде ғана зерттеулерді өткізуге болады. Сонымен бірге барлық қасиеттер бір уақытта қарастырылмайды. Әдетте қасиеттер жиынынан бізге бірсыпыра қасиеттері керек. Мысалы, бір құжаттың ксерокопиясын қарастырайық. Көшірімін жасаған кезде құжаттың көп деген қасиеттері өзгереді: қағаз, оның форматы басқа болуы мүмкін. Бірақ бізге тек қана құжаттың мазмұны керек болса, біз көшірмеге қанағаттанамыз. Тек қана қажетті қасиеттердің минимал санын қарастыру мақсатымен модель әдейі қарапайымдалады. Модель ешқашан да жеткілікті толық болмайтынын түсіну қажет. Ол әрқашан да шектелген және модельдеу мақсаттарына сай болуы керек, берілген объекттің қажетті қасиеттер сандары мен олардың толықтығы анықталған зерттеуге қажетті болатындай бейнеленеді. Модельді зерттеу қадамында модельдеудің уақыт интервалында модель параметрлерінің белгіленген мәндерінде модельденетін жүйенің жүріс-тұрысы, яғни модельді «орындау» («execution») жаңадан өндіріледі. Әдетте ізделінген нәтижеге жету үшін модельді бір рет орындау жеткілікті болмайды. Зерттеу табысы көбінесе есептеу тәжірибені автоматтандыру мүмкіндіктерден тәуелді болады. Қазіргі кездегі компьютерлік модельдеу пакеттері есептеу тәжірибелерді ұйымдастырғанға виртуалды стенд концепциясын қолданады. Download 462.28 Kb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling