Морф және морфонема. Морфонология бірліктері


Download 27.35 Kb.
bet2/5
Sana08.10.2023
Hajmi27.35 Kb.
#1695322
1   2   3   4   5
Bog'liq
ОСӨЖ 1 Қалдыбайқызы Н. КИЛ 2-курс

Н.С.Трубецкой морфонология үшін морфонема ұғымын қолданды. Морфонема терминін алғаш Г.Улашин ұсынған болатын. Бірақ Г.Улашин оны морфонеманы қазіргі фонема ұғымында мағына ажыратқыш дыбыс қолданған болатын. Н.С.Трубецкой бұл терминді жаңа ұғымда қолданып, бір морфема бойында бірін -бірі алмастыратын екі не одан көп фонемалар деген ұғымда қолданды. Морфонологияның іргесін қалап, теориясын жасаған Н.С.Трубецкой болды десек те, оның ілімін кейінгі зертеушілер қолдаумен бірге сын көзімен қарастырғандары да болды. Мәселен, оның морфонологияның үш ілімі (міндеті туралы теориясы) туралы тұжырымына дау айтушылар да болды. Н.С. Трубецкой морфонологияның үшінші міндетіне ішкі флексияны да қосқан болатын. А.А.Реформатский ішкі флексияны грамматикаға қосып, тек дәстүрлі дыбыс алмасуды морфонология еншісіне қалдырды.

О.С.Ахманова “Фонология, морфонология,морфология” (1966) атты еңбегінде морфонологияны кеңірек түсініп, түрлі фонемалардың морфологиялық элементтерді пайда етуі (жасауы) деп білді. Дегенмен, талдау барысында, негізінен морфонологиялық дыбыс алмасуға тоқталды. Ол морфонема терминін қолдану міндетті емес, оның орнына, “морфологиялық дыбыс алмасуды” қолдану жеткілікті деп есептеді.

В.А.Редькин морфонологияның қазіргі орыс тіліндегі орны туралы “Построения раздела “Морфонология” деген көлемді мақала жазып (1966 ) морфонологияның зерттеу объектісін кеңейте түсті. Ол морфонологияны — сөз құрылымы және проседема туралы ілім деп білді. В.А.Редькиннің орыс тіл білімінде морфонологияға проседеманы қосуы үлкен жаңалық болды. Ол морфонологиялық құралдар ретінде екпін, сөз компоненттерінің орналасу және тіркесу тәртібінде байланысты қағидалар, олардың варинттарға жіктелу қағидалары — дыбыс алмасу мен қыстырма дыбыстарды т.б. атап шықты.

В.В.Лопатин және И.С.Улуханов орыс тілі морфонологиясының мынадай салаларын атап шықты:


  • 1)Сөз соңындағы дауыссыздардың алмасуы (новый — новь, вертолет-вертеть);

  • 2) екпіннің жылжуы (водопровод-проводить)

  • 3) негіз сөздің ықшамдалуы (крепкий-крепость, глубокий-глубина);

  • 4)қыстырма дыбыстар (старожил,стеклодуб );

  • 5) гаплология (лермонтовед, яблокрад)

Download 27.35 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4   5




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling