Өнертану факультеті педагогика және психология кафедрасы


Балалардың қарым-қатынасын ұйымдастырудың ерекшеліктері


Download 148 Kb.
bet6/9
Sana18.06.2023
Hajmi148 Kb.
#1589286
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Bog'liq
Курс жұмысы 2

1.2. Балалардың қарым-қатынасын ұйымдастырудың ерекшеліктері
Қарым-қатынас адамның бір-біріне қарым-қатынас жасау құралы мен механизмі туралы мәселеде маңызды роль атқарады.Қарым-қатынаста адамдардың өзара бағыттылық әрекетінен басқа маңызды сипаты ретінде оның мүшелерінің белсенділігі қарастырылады, яғни олардың әрқайсысы субъект ретінде көрінеді.
Белсенділіктің көрінуі адамның өз партнерына қарым-қатынас барысында бастамашылдықпен әсер етуінен көрініп партнер оның әсерін қабылдайды және оған жауап береді. Екі адам қарым- қатынасқа түскенде олар кезектікпен әрекеттеседі және бір бірінің әсерін қабылдайды. Сондықтан біз бір жақты қатынасқа жатқызбаймыз.
Кіші мектеп жасындағы оқушылар өзара қарым-қатынас барысында: - адамдардың іс-әрекетінің, ұлттық салт-дәстүрлердің жақсы жақтарын аңғара алады, шындықты айтуға, жағымды ойлауға үйренеді;
- өзара сыйластықты түсінуге қабілетті, айналасындағыларды ұнатып, жақсы көре біледі, жақсылық жасауға дайын, жақындарын қуантуға асығады; - сабырлы, салмақты болуға, тәрбиелі болуға, ойланып сөйлеуге үйренеді;
- әдептілікке, ұқыптылыққа үйреніп, көмектесе біледі, қамқорлық жасай алады, үлкендерді құрметтей біледі; өзгені ренжітпеуге тырысады, кешірімшіл болуға, барлық тіршілік иесіне сыйластықпен қарауға, аяушылық сезімін білдіріп отыруға үйретеді.
Ұсынылған материалдарды талдау барысында терең ойлану қажеттілігі туындайды. Осы кезде:
- қоршаған орта туралы түсінігі кеңейеді, жақсы мен жаманды айыра біледі, әділ болуға ұмтылады;
- айналасымен жақсы қарым-қатынас орнатуға, өзін-өзі жақсы көруге, құрметтеуге, шыдамдылыққа үйренеді; - өзіндік пікірі бар, отбасына қамқоршыл, міндетін орындауды біледі, ел тыныштығы жөнінде ойлай алады;
- өзіне-өзі бақылау жасай біледі, өз ісін
-бағалай біледі, үлкендермен санаса алады;

- қамқорлық жасай біледі, жауапкершілікті сезіне біледі.
Оқу барысында:
- сауатты оқи білетін болады;
- түсінігін анық жеткізе алады;
- талдауға белсене қатысады; - өзіндік пікірін еркін жеткізуге үйренеді;
- топта жұмыс істей біледі.
Оқушының қабілетін ашып, сезімін ояту мақсатында жүргізілетін шығармашылық әрекетте:
- қоршаған ортаға қызығушылығы артады;
- салт-дәстүрлерді құрметтеуді түсіне бастайды;
- өзіндік белсенділігін таныта бастайды;
- ойын қағаз бетіне түсіруге, түрлі суреттер арқылы білдіруге дағдыланады;
- ата-анасын, жолдастарын, мұғалімдерін құрметтеуге үйрене бастайды. Даму кезендерінде оқушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасын ұйымдастыру ерекшеліктері.
Ұжым тәрбиелік ықпал жасау үшін оның дамуы, ілгері жылжуы керек. Бұл жерде қозғалыстың себебін, дамудық мүмкіндігінің сырын ашып алған жөн. Мұндай психологиялық күш -болашақ үміт дүниесі. Адамның болашаққа ұмтылуы, өмірге үміт артуы, адам мен ұжым дамуының маңызды сәттерінің бірі.
Кіші мектеп жасындағы балалардың ой- өрісінде, сана-сезімінде кездесетін жеке ерекшеліктер олардың психологиялық даму жағдайларына байланысты. Өйткені барлық қабілет- қасиеттердің негізі мектепке дейінгі кезеңде қаланып, кейінгі жаста тереңдей түсетіні психология, педагогика, психофизиология ғылымдарында теориялық және тәжірибелік тұрғыдан дәлелденген. Атап айтсақ, А.Н. Леонтьев,Л.С. Выготский, М. Жұмабаев, Ж.Аймауытов, К.Д. Ушинский, В.А. Сухомлинский, М. Мұқанов, С. Балаубаев,Қ.Жарықбаев, А. Темірбеков, А.А.Любинская, Л.И. Божович, С. Рахметова,Ә.Сыдықов, Н. Айғабылов тағы басқа ғалымдардың барлығы да өз еңбектерінде оқушының психикалық дамуын ойдағыдай басқару үшін, оның бойындағы бар мүмкіндіктерін, ересек адамдармен және өз құрдастарымен қарым-қатынастарын жан-жақты зерттеу қажеттігін айтады. Ол үшін педагогиканың, психологияның және психофизиологияның жалпы заңдарын кіріктіре, үйлестіре қолдануға тура келеді.
Болашақ үміт дүниесінде адам қажеттілігінің мәдени және материалдық жиыны, оның даму деңгейі, бүкіл моральдық бейнесі айқындалады.
Белгіленген болашақ үміт дүниесі жүйелерін жүзеге асыруда сынып жетекшісінің ұйымдастыру жұмысы қажет. Міндеттері: оның болашақ үміт дүниесін тауып қоя білуі, оны жүзеге асыруды ұйымдастыру іскерлігі, балаларды еліктіру, қиялын ояту,өз ынтасына оқушыларды сендіруі, болашақ айқын дүниесін айқын,бейнелі,әсем суреттей білуі, балалармен бірге олардың өмірін қуанышты және қызықты еткісі келетініне сендіруі,орынды талап қою, балалардың мүмкіндігіне сай жұмыстар беру,оның ұжымға және жеке тұлғаға қажеттілігін дәлелдеуі.
Біріңғай педагогикалық талаппен қатар, балалардың тәрбие ұжымының жетекші буынға айналуы оқушылардың өзін-өзі басқару ісіне қатысуына байланысты.Ұжым өкілдері бүкіл мектептің өзін-өзі басқару органдарының құрамына енеді.Осылайша өз ұжымының өмірін басқа ұжымдардың бастауыш ұжымдардың өмірімен байланыстырады.Бұл байланысты жүзеге асырудың тағы бір жолы-ұжымның өз шамасына сай мектептің ішіндегі еңбек жарыстарына қатысуы.Бұл іс мектеп көлемінде есепке алынады және бағаланады.Өзіне-өзі қызмет істеуге оқушылар шамасына сай қатысады.Мұны ұйымдастыру барысында балалардың жас ерекшелігін ескеріп,еңбектің көлемі шамадан тыс болмауын қадағалауы керек.
Оқушылар іс-әрекеттері туралы біраз пікірлер айтылды.
Іс-әрекет -бұл қарым-қатынас,ұжымның өздігінен жұмыс істеуі және даму процесінің көзі,нақты мақсатқа жету.Іс-әрекеттің барысында қарым-қатынас дамиды.
Қарым-қатынас -бұл адамға адам қажеттігін қанағаттандыру. Педагогикалық ұжымның міндеті жеке адамның басқа адамдармен қарым- қатынасын оны қуанышты көңіл-күйге бөлейтейтіндей етіп орнату. Ұжым өмірінде гуманистік қатынас ерекше орын алады. Негізгі белгілері:
•сергектік,ширақтық, белсенділік, қайырымдылық, ұжым мүшелерінің достық бірлігі, бір-біріне ілтипатты болу, өзара жәрдем беру.
•балалар арасында бақталастық, өз қамын көздеушілік, тұйықтык, бөлектенушіліктің болмауы.
• басқа ұжымдарға жолдастық көмек беруге дайын тұру.
Гуманистік қатынас- ұжымдағы балалардың арасындағы байланыстарды дамытудың құралы.
Ұжымда балалардың іс-әрекеті және қарым-қатынасы процесінде жеке адам аралы катынас жүйесі, өзара жауапкершілік және тәуелділік қатынасы, гуманистік қатынас балалардың дамуы мен қалыптасуына әсер етеді.


Download 148 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling