Орындаған: Абдурасулов Н. А тобы: еп-20-2к Қабылдаған
Download 34.95 Kb.
|
1 2
Bog'liqАбдурасулов Н.А, Астрономия реферат бол
Эклиптика — Күннің зодиак шоқ жұлдыздары бойымен жылдық козғалысы атқарылатын үлкен дөңгелек. Күннің эклиптика бойымен козғалуы Жердің Күнді айналуынан туындайды. Эклиптика жазықтығы аспан экваторының жазықтығына е=23°26' бұрыш жасай орналаскан. Күн шарығының орталық нүктесі аспан экваторын жылына екі рет — 21 наурыз бен 23 кыркүйек маңында қиып өтеді. Бұл нүктелер көктемгі және кузгі күн мен түннің теңелу нуктелері деп аталады. Көктемгі күн мен түннің теңелу нүктесі (ϓ — Тоқты шоқжұлдызының таңбасымен белгіленеді) арқылы Күн аспан сферасының оңтүстік жарты шарынан солтүстік жарты шарына, ал күзгі күн мен түннің теңелу нүктесі -Таразы шоқжұлдызының таңбасымен белгіленеді) аркылы кері бағытта өтеді.
Күн мен түннің теңелу нүктелеріне 90° құрайтын Күннің токырау нүктелері орналасады. Жазғы күннің тоқырау нүктесі Торпак пен Егіздер шоқжұлдыздарының шекарасында, Шаянның зодиак таңбасымен белгіленеді. Қысқы күннің тоқырау нцктесі Мерген шоқжұлдызында, Ешкімүйіздің (Ұғылақ) таңбасымен белгіленеді. Негізгі жазықтықтар мен үлкен дөңгелектер аспан координаталарын енгізуде қолданылады. Жер бетіндегі кез келген нүктенің орны — ендік және бойлық (ф және X) географиялық координаталардың көмегімен анықталатыны белгілі. Аспан координаталары аспан денелерінің аспан сферасында орналасуын анықтайды. Аспан координаталары географиялық координаталарға ұқсас,бірақ астрономдар географтарға қарағанда әртүрлі зерттеу мәселелеріне байланысты аспан координаталарының бірнеше жүйесін қолданады. Солардың екеуімен танысайық. Координаталардың көкжиектік жүйесі Жұлдыздардың көкжиекке және дүние бұрыштарына катысты кәрінерлік орналасуын қарастырсақ, онда координаталардың көкжиектік жүйесін алу ыңғайлы. Бұл жүйедегі негізгі жазықтық — математикалық көкжиек жазықтығы. Аспан шырағының орны екі бұрышпен анықталады, оның бірі — көкжиек сызығы бойымен өлшенетін шырақ вертикаліне дейінгі бұрыш — азимут (А). Бұл бұрыш астрономияда, әдетте, оңтүстік нүктеден батысқа қарай, ал географияда солтүстік нүктеден шығысқа қарай есептелінеді. Екіншісі —вертикаль бойымен өлшенетін шырақтың көкжиектен бұрыштық қашықтығы— шырақ биіктігі (һ). Шырақ биіктігінің мәні -90°-тан +90°-қа дейін болады. Бұрыш өлшегіш құрал көмегімен (мысалы, теодолит) аспан денесінің көкжиектік координаталарын анықтау оп-оңай.Бірак бұл координаталар жүйесін колдану кезінде туындайтын қолайсыз жағдайлар да бар. Себебі аспан денелерінің кекжиектік координаталарының мәні уақыт пен бақылаушының тұрған орнына байланысты. Мұндай координаталарды жұлдыздық карталар мен атластарда қолдану мүмкін емес. Көкжиектік координаталар шырақтардың аспанда белгілі бір орын мен уақыттағы орналасуын анықтайды. Координаталардың экваторлық жүйесі. Аспан сферасының керінерлік айналыста болатынын білдік, әрі жұлдыздардың ондағы орындары өзгермейді. Сондықтан онымен бірге қозғалатын координаталар жүйесін қолдану ыңғайлы. Ол — экваторлық координаталар жүйесі. Оның негізгі жазықтығы — аспан экваторының жазықтығы. Жер бетіндегі географиялық ендік сиякты, аспан шырағының аспан экваторынан бұрыштық қашықтығын керсететін координата еңістік деп аталады да, δ әрпімен белгіленеді. Ол еңістік деңгелегі бойымен өлшенетін доға үзындығына тең. Еңістіктін, аспан сферасының солтүстік жарты шарында таңбасы "оң", мәні 0-ден +90°-қа дейін, ал оңтүстік жарты шарда — "теріс", 0-ден -9 0 қа дейін. Экваторлық жүйеде қолданылатын екінші координата географиялық бойлықка ұксас. Ол тура көтерілу деп аталады да, а әрпімен белгіленеді. Тура көтерілу координатасының мәні аспан экваторының бойымен көктемгі күн мен түннің теңелу нүктесінен шырақтық еңістің дөңгелегіне дейін аспан сферасының айналу бағытына карама-карсы бағытта өлшенеді. Сондықтан да жұлдыздардың көкжиектен шығу кезегі олардың тура көтерілу мәндерінің өсу ретімен болады. Тура көтерілудің мәні градустық (0°-ден 360-қа дейін) және сағаттық (0-ден 24 сағатқа дейін) бірліктермен өлшенеді. Осы бірліктердің арақатынасын анықтау 24 car = 360° екеніне негізделеді. Демек, 1 сағ = 15°; 1 мин = 15'; 1 с = 15"; 1° = 4 мин; 1' = 4 с. Жұлдыздардың экваторлык координаталарының мәндері бакылаушыға катысты емес, әрі ұзақ уакыт бойы өзгермейді. Осылар бойынша олар аспан карталарында орналастырылады және каталогтарда тіркеледі. Кординаталардың көкжиектік жүйесі Аспан шырағының орны екі бұрышпен анықталады, оның бірі көкжиек сызығы бойымен өлшенетін шырақ вертикаліне дейінгі бұрыш азимут. Екіншісі вертикаль бойымен өлшенетін шырақтың көкжиектен бұрыштық қашықтығы шырақ биіктігі. Бірақ бұл кординаталар жүйесін қолдану кезінде қолайсыз жағдайлар да бар. Себебі аспан денелерінің көкжиектік координаталарының мәні уақыт пен бақылаушының орнына байланысты. Кординаталардың экваторлық жүйесі Аспан сферасындағы жұлдыздардың ондағы орындары өзгермейді. Сондықтан онымн бірге қозғалатын координаталар жүйесін қолдану ыңғайлы. Ол экваторлық координаталар жүйесі. Оның негізгі жазықтығы аспан экваторының жазықтығы. Қорытынды Аспан шырақтары, әртурлі қашықтықта болғандықтан, онық бетіне бақылаушы белгілі бір уаңытта өзі орналасқан орыннан кәретін букіл аспан шырақтары проекциялаиады. Аспан сферасының орталық нүктесі,өдетте, жер орталығы немесе жер бетіндегі бақылаушы тұрған орынмен (бақылаушы көзімен) сәйкестендіріледі. Аспан сферасында тек бұрыштық өлшеулер ғана карастырылады. Бұрыштық қашыңтық деп сферадағы екі нүктенің арасындағы доғамен өлшенетін қашықтықты немесе оған сәйкес орталык бұрыш шамасын айтады. Күн мен түннің теңелу нүктелеріне 90° құрайтын Күннің токырау нүктелері орналасады. Жазғы күннің тоқырау нүктесі Торпак пен Егіздер шоқжұлдыздарыныңшекарасында, Шаянның зодиак таңбасымен белгіленеді. Қысқы күннің тоқырау нцктесі Мерген шоқжұлдызында, Ешкімүйіздің (Ұғылақ) таңбасымен белгіленеді. Аспан шырағының орны екі бұрышпен анықталады, оның бірі көкжиек сызығы бойымен өлшенетін шырақ вертикаліне дейінгі бұрыш азимут. Екіншісі вертикаль бойымен өлшенетін шырақтың көкжиектен бұрыштық қашықтығы шырақ биіктігі. Бірақ бұл кординаталар жүйесін қолдану кезінде қолайсыз жағдайлар да бар. Себебі аспан денелерінің көкжиектік координаталарының мәні уақыт пен бақылаушының орнына байланысты. Пайдаланылған әдебиеттер Физика және астрономия: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Өңд., толыкт. 2-бас. / Р. Башарұлы, Д. Қазақбаева, У. Токбергенова, Н. Бекбасар. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2009. — 240 бет, суретті. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%81%D0%BF%D0%B0%D0%BD_%D1%81%D1%84%D0%B5%D1%80%D0%B0%D1%81%D1%8B https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%81%D0%BF%D0%B0%D0%BD_%D0%BA%D0%BE%D0%BE%D1%80%D0%B4%D0%B8%D0%BD%D0%B0%D1%82%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%80%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D2%A3_%D0%B6%D2%AF%D0%B9%D0%B5%D0%BB%D0%B5%D1%80%D1%96 Download 34.95 Kb. Do'stlaringiz bilan baham: |
1 2
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling