«orleu-tv. Kz» халықаралық pdf журнал. Куәлік № kz37vpy00015077
Download 387.64 Kb. Pdf ko'rish
|
orleutv-2023-17
- Bu sahifa navigatsiya:
- № O00011 30.11.2023 ж БАЛАБАҚШАДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ТАШТИМИРОВА ГҮЛДАНА ТАРАСОВНА
«ORLEU-TV.KZ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ PDF ЖУРНАЛ. Куәлік № KZ37VPY00015077 ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ 27 № O00011 30.11.2023 ж БАЛАБАҚШАДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ТАШТИМИРОВА ГҮЛДАНА ТАРАСОВНА Маңғыстау облысы Ақтау қаласы № 16"Бөбек"бөбекжайының тәрбиешісі Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың оқу іс- әрекеттеріне көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн. Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойын технологиясының ерекшелігі ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. Ойын - балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойындардың негізгі мақсаты - балаларың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуға, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс-әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру. Сонымен қатар тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу барысында балалардың жас ерекшелігін ескеру әдіс-тәсілдерді таңдаумен сай келеді, оқу әрекетін өткізгенде бірінші орынға ойын және ойын түрлері қойылады. Ойын – оқу үдерісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық санат. Тіл дамытуда ойынды көрнекі құралдар, түрлі суреттер , кестелер, ойыншықтар, музыка және т.б. материалдар сабақты көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады, ауызша сөйлеу түрлері кеңейеді. Ойын арқылы балалардың тілдерін дамытып, сөздік қорын байытады, жаңа материалды жақсы қабылдайды, есте сақтайды, зейіні дамиды, қызығушылығы артады. Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек. Ерте жаста және мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзіне-өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау. «ORLEU-TV.KZ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ PDF ЖУРНАЛ. Куәлік № KZ37VPY00015077 ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ 28 Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады. Сәбилерге арналған ойын-жаттығулардың түрлеріне «Көңілді қуыршақтар», «Пирамидалар», «Жиек бойымен жүргізіп шық» және тағы басқа түрлерін атауға болады. Саусақ ойындарының нәтижесінде: - баланың сөйлеу тілі жетіледі; - қимыл қозғалысы артады; - икемділігі артады; - логикалық ойлауы дамиды; - танымдық деңгейі артады; Балабақшадағы ертеден келе жатқан әрі бала дамуында маңызын жоймаған ойындардың бір түрі – құммен ойын. Құммен ойын - балалар мен ересектердің эмоционалдық хал-жағдайларына оң әсер етеді, бұл баланың өзіндік дамуы үшін тамаша құрал болып табылады. Құмдағы ойындар - баланың табиғи әрекеті формаларының бір түрі. Сондықтан да біз, ересектер, құммен ойнайтын орындарды оқыту және дамыту сабақтарында қолдана аламыз. Құмнан суреттер салып, әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып, біз бала үшін әлдеқайда қызықты түрде оған өзіміздің біліміміз бен өмірлік тәжірибемізді, қоршаған әлемнің заңдылықтары мен оқиғаларын жеткізе аламыз. Құм терапиясының маңызы: бала өзі жайлы, қорғалған күйде сезініп, шығармашылық белсенділік танытатын табиғи стимулдық орта қалыптастырады және танымдық, психикалық процестерді дамытады, ол түйсік, есті, зейінді, қиялды, кеңістік түсінікті, тактильді-кинестетикалық сезімділік пен қолдардың ұсақ моторикасы дамиды. Құм терапиясының мақсаты: балалардың құм терапиясында қиял, көрнекі бейнелік ойлауды, сөздік–логикалық ойлауды, көрнекі іс-әрекеттік ойлауды, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Құм терапиясы арқылы баланың шығармашылық, танымдық, интеллектуалдық, қарым-қатынас құзіреттіліктері дамиды. Қорыта келгенде, жоғарыда келтірілген көптеген жаңа инновациялық технология түрлері, оны оқу-тәрбие үдерісінде қолдану жолдарын игеру әр тәрбиешінің өз қызметіне қарым-қатынасын танытады. Download 387.64 Kb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling