O`zbеkistоn rеspublikаsi оliy vа o`rtа mахsus tа`lim vаzirligi tоshkеnt dаvlаt pеdаgоgikа univеrsitеti huzuridаgi pеdаgоgik kаdrlаrni qаytа tаyyorlаsh vа ulаrning mаlаkаsini оshirish tаrmоq mаrkаzi


Тақырыптың үйренілгендік дәрежесі


Download 276 Kb.
bet3/10
Sana10.04.2023
Hajmi276 Kb.
#1348066
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Bog'liq
Намазова Мұқаддас курс иши Т Айбергенов (1)

Тақырыптың үйренілгендік дәрежесі: ХХ ғасыр әдебиетінің өзіндік ерекшелігі, қоғаммен байланысы, әлеуметтік-эстетикалық қасиеті, көркем шығарманың құрылысы, әдеби түрлер мен жанрлар, шығармашылық үдеріс және де шығармашылық метод мәселерімен байланыстылығы. Жұмысымызға өзекті тақырып етіп, Т.Айбергенов поэзиясын оқыту барысында студенттердің теориялық сауаттылығын арттыру жұмыстарын ұйымдастырумен қатар білім беруді таңдауымыз бекер емес. Неге десеңіз? Студенттердің ақын шығармашылығына байланысты білім, дағды, біліктілігін дұрыс бағдарлауда бұл әдістердің маңызы жоғары.
Заманауи жағдайда білім нәтижелілігін асырудың ең мақұл жолы – бұл оқу жаттығуларымызды инновациялық технологиялармен байланысты өтуді ұйымдастыру болып есептеледі.
Курс жұмысының мақсаты : «ХХ ғасыр қазақ әдебиеті» пәнінің негізгі мақсаты бакалавр білім бағдарында ХХ ғасыр ақын-жазушыларының туындылары және шығармаларының үлгілері жайлы жеткілікті білім беру болып табылады.
Курс жұмысының міндеттері: ХХ ғасыр қазақ әдебиетінің даму барысы, соның ішінде жаңғыру дәуірі әдебиетінің ерекшеліктері, сол дәуірдегі поэзиядағы бетбұрыстар, тың серпілістер жайлы, саясаттың әдебиетке әсер етуі жайлы үйрену, ақын-жазушылардың өмір жолы мен шығармашылығы жайлы үйрену “ХХ ғасыр қазақ әдебиеті” пәнінің басты міндеті болып есептеледі.
Жұмысымда қойылған мақсатты амалға асыру үшін төмендегі міндеттерді орындау талап етіледі:
- Т.Айбергенов өмірі мен шығармашылығына баға беру;
- Т.Айбергенов поэзиясындағы дәстүр және жаңашылдығын анықтау;
- Т.Айбергенов поэзиясындағы туған жер, ана Отанға болған махаббат сезімдерінің жоғарылығын мысалдармен көрсету;
- ақын поэзиясында табиғат көріністеріне кең орын берілгендігін ақын жырларымен дәлелдеп көрсету;
- лекцияға тиісті кейстер топтамалары, практикалық тапсырмалар, материалдар және тест тапсырмаларын ұсыну;
- тақырыпқа байланысты презентациялар және практикалық ұсыныстарды жасап шығып, оқыту тізіміне енгізу;
- жұмысқа тиiсті теориялық және практикалық тәжірибе материалдарды талдау негізінде белгілеу;
Шындығында, Өзбекстан Республикасының тұңғыш Президенті Ислам Каримов «Жоғары руханият – жеңілмес күш» атты шығармасында айтқанындай, «әдебиет, сөз өнері ежелден халық жан-дүниесінің айнасы, ақиқат және әділет жаршысы болып келген. Әсіресе, тәуелсіздік жылдарында елімізде руханиятымыздың аса маңызды және үздіксіз қысымы болған әдебиетті дамыту, ақын және жазушыларымыздың есіл еңбегін қадірлеп және лайықты марапаттау бойынша амалға асырылып жатқан істер, өз жемісін беріп жатқандығы, көркем әдебиетіміздің тақырыптық көлемі жағынан да, жанрлық теориялық тұрғыдан және сантүрлі болып бара жатқаны, әдебиет майданына хас таланттардың пайда болып жатқандығы кітапқұмар халқымызды, әрине, қуандырады. Бұлардың баршасы ұлттық нығайу процесінде қаламгер халқының шығармашылық ізденушіліктері үшін үлкен мүмкіндіктер ашып бергенін және бір көрсетеді»1.
Мемлекетіміз басшысының пікіріне көптеген мысалдар келтіру мүмкін. Шынында да, еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап, әдебиетті дамыту шығармашылық иелерінің еңбегін бағалауға ұлттық нығайу процесінің бір бөлігі сипатында қаралды.

Download 276 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling