Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі
Рейтинг(ағылшын тілінде бағалау, жетістік өлшемі)
Download 1.31 Mb.
|
Педагогика - учебное пособие
- Bu sahifa navigatsiya:
- Рейтинг методы
Рейтинг(ағылшын тілінде бағалау, жетістік өлшемі) дегеніміз – баға-лау, тәртіпке келтіру, классификациялау, белгілі бір оқиғаны алдын-ала бел-гіленген шкала бойынша бағалау.
Шкалалау – нақты жағдайды цифрлар (сан) арқылы моделдестіру. Рейтингдік бақылауда оқушылардың оқу қызметін тест методымен бақы-лау табысты болуда. 1993 жылдан бастап Өзбекстан Республикасында абиту-риенттерді жоғары оқу орындарына тест сынағы негізінде қабылдау енгізілді. Тест – анық мақсат негізінде белгілі бір жағдай дәрежесін сапа және сан көрсеткіштерінде белгілеуге мүмкіндік беруші сынақ тәсілі. Педагогикалық тәжірибеде тестің бірнеше абзалдықтары байқалады. Олар төмендегілер: 1) бақылау үшін уақыттың аз жұмсалуы; 2) теориялық және практикалық білім дәрежесін обьъектив жағдайда анықтаудың мүмкіндігі; 3) бір уақыттың ішінде бірнеше оқушыны бақылауды ұйымдастыру мүм-кіндігі; 4) білім нәтижелерін оқытушының қысқа уақытта тексере алуы; 5) барлық оқушыларға бірдей сұрақтар беріліп, олар үшін бірдей жағдай-дың жаратылуы. Рейтинг методымен бағалау барлық жалпы білім беретін оқу орындары (мектептерi) үшін мiндеттi болып саналады. Жалпы орта білім беретiн оқу орындарына (мектептерге) рейтинг мето-дын енгізуден мақсат – тексерудің әртүрлі түрлерiнен және формаларынан пайдалану жолымен жалпы орта білім берудің мемлекеттiк стандарт талап-тарын орындауды қамтамасыз ету, білім беруді жетілдіру, оқушыларда сис-темалы түрде өз бетінше істеу дағдыларын қалыптастыру және олардың ин-теллектуалдық қабілетiн дамыту. Рейтинг методы оқушылардың білім алу қызметін үздіксiз бақылауды өз ішіне алады. Бағалаудың көп балдық системасы әрбір оқушы қызметiнің нәтижелерін жинақтау, оларды білім дәрежелеріне қарай дифференциялау және оқушылар қол жеткізген табыстарына қарай ынталандыруға жағдай жа-сайды. Рейтинг методымен бағалау системасына төмендегідей талаптар қойы- лады: 1. Оқушылардың білімі, іскepлігi және дағдысына қойылған баға оқыту-шы мен оқушының қарым-қатынасынан келіп шықпайтын әділ болуы керек. 2. Әрбір оқу қызметi орындалу сапасына қарай өз уақытында бағалануы керек болған анықтықты талап етедi. 3. Рейтинг кез келген педагогикалық ситуация мен жағдайда тиімді істей алатын бейімді болуы керек. 4. Оқушының білім дәрежесi мектеп рейтинг шкаласына сай келетiндей сенiмді болуы керек. 5. Оқушылардың әрбiр пәннен меңгерген білімдері түрлі варианттағы балдарды жинау негізінде бiрыңғай рейтинг шкаласында бағаланатын көпва-риантты болуы керек. 6. Рейтингнің барлық элементтерi ( шкала, нормативтер, таблица, инс-трукция т.б.) бiр-бiрімен өзара тығыз байланысып, бірыңғай система ретінде жұмыс iстейтiн системалы болуы керек. 7. Рейтингнің негізгі жақтарын қабылдау және түсіну қай кластың, қай мектептің оқушысына болса да түсінікті болуы керек. 8. Әрбір оқушының әртүрлі пәндерден алған бiлiм, iскерлiк және дағды-ларының дәрежесiне қарай рейтинг системасы «ажырата алатын және бай-қайтын» дифференциялау қасиетіне ие болуы керек. 9. Рейтинг оқушының ширектен-ширекке, жылдан-жылға оқуда табыс-тарға жетуіне сенiмдi қозғаушы күш болатындай ынталандырушы болуы керек. Тексерудің рейтинг системасы оқу жұмысында төмендегілерді іске асы-руға жағдай жасайды: 1) оқушылардың өзіндік жұмысын үздіксіз тексеруді және әрбір оқу жұ-мысын меңгеру сапасын үнемі бағалауды; 2) оқушылардың әрбір пәннен меңгерген білімдерін рейтинг бойынша анықтап, оларды білім дәрежелеріне қарай дифференциялауды; 3) жариялы тексеру арқылы әрбір оқушыны рейтинг дәрежесімен жүйелі таныстыруды. Ауызша тексеру нәтижелері оқушыларға сабақ аяқталғаннан соң хабар-ланады. Жазбаша жұмыс пен тест-сынақ бағалары 5 күн ішінде оқушыларға хабарлануы керек. Барлық жазбаша және тест-сынақ нәтижелерi, аралық және қорытынды бақылау материалдары бip оқу жылы бойында мектептің оқу бөлімінде сақ-талады. Бағалау тәртібі өзiнде төмендегілердi қамтиды: – әр ширек үшін белгіленген тексеру тәртiбiнің саны және құрамы бой-ынша оқытушы бастапқы бағаларды қояды; – ширектік бағалар бастапқы бағаларды жалпылап қорытындылайды. – оқушылардың барлық пәндер бойынша қорытындыланған бағалары ширек рейтингін тудырады; – оқу пәндерi бойынша жылдық бағалар; – оқушылардың оқу жылындағы жалпы рейтингі. 9-класс үшін қосымша: бітірушінің мемлекетік аттестация қорытындысы бойынша рейтингі. Download 1.31 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling