Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Download 1.31 Mb.
bet62/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

Еңбек тәрбиесi мазмұнына оқушыларды еңбекті құрметтеу және ма-мандық таңдауға тәрбиелеу, еңбек дағдысына және iскерлiкке үйрету жатады.
Дене тәрбиесі мазмұны оқушылардың организiмiн дамытып жетілді-руді, төзімді, ептi, батыл болуға тәрбиелеудi өз iшiне алады.
Эстетикалық тәрбие әсемдiкке, сұлулыққа талпынатын, одан ләззат алатын оқушыларды тәрбиелеудi мақсат етедi.
Экономикалық тәрбие мазмұны оқушыларда үнемшілдiк, еңбексүйгiш-тiк, iскерлiк, бастамашылдық, ықыластылық, құнттылық, тәртіптілік, коллек-тившілдік сияқты қасиеттерді қалыптастыруды өз iшінe алады.
Экологиялық тәрбие мазмұнына табиғатқа саналы және тәртіпті қаты-наста болуды тәрбиелеу, табиғат байлықтарынан тиімді де ұтымды пайдала-нуға үйрету, келешек ұрпақ үшін өмір сүруге ыңғайлы жағдайды қалдыру рухында тәрбиелеу жатады.
Құқықтық тәрбие мазмұныКонституция, мемлекет туралы тағлымды үйретуді, үкімет заңдарын құрметтеуге үйретуді, баланың құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін үйретуді т.б. мақсат етіп қойған.
Тәрбиенi комплекстi жүргізу – тәрбие iсiнің тиімділігін арттырады.


3.1.3. Тәрбие процесінің ерекшеліктері.
Тәрбие процесі – бұл күрделі диалектикалық процесс. Оған қоршаған ортаның, әлеуметтік жағдайдың әсері бар. Сондықтан бұл процесті басқару, жүзеге асыру, оның нәтижесін көру қиын әрі ұзақ уақыт талап етеді.
Тәрбие процесі – бұл жас өспірімдерді белгілі бір мақсат жолында жан-жақты дамыту, оның санасы мен мінез-құлқын қалыптастыру процесі.
Тәрбие процесiнің нәтижелi болуы үшін оның iшкi және сыртқы қарама- қайшылықтарын білу керек.
Тәрбиенің ішкі қарама-қайшылығы, яғни жеке адам дамуының қозғау-шы күші оқушыға жасалынатын сыртқы әсерлер, педагогикалық ықпалдар мен баланың ішкі позициясы аралығында туындайды.
Ал сыртқы қарама-қайшылықтар дегеніміз бұл – мектеп тәрбиесі мен семья тәрбиесінің, мектеп тәрбиесi ықпалы мен қоршаған орта ықпалының, мектеп коллективінің оқушыларға қойған талабының бiркелкi болмауы.
Сыртқы қарама-қайшылықтарды болдырмау үшін ата-ана, мектеп, жұрт-шылық бірлесе, мақсатты түрде жұмыс алып баруы керек.
Мектепте тәрбие процесі үздіксіз және жүйелі жалғасатын процесс болып, оған оқытушы, тәрбиеші жетекшілік етеді және ол тәрбиенің қазіргі уақыт үшін керекті болған мақсатын, осы мақсатты шешуге қызмет ететін әрекетін белгілейді.
Мектептегі тәрбие процесінің бағыттары мыналар:
1. Тәрбиенің мақсат-міндеттеріне сай жеке адамды жан-жақты дамыту.
2. Оқыту процесінде оқушыларды қоғамдық мәдениет пен рухани бай-лықтарды игеруге үйрету.
3. Оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
4. Оқушылардың коллективте қарым-қатынасқа кірісуін қалыптастыру.
5. Оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастырып, санасын дамыту.
6. Баланың адамгершілік сипаттарын, ақыл-ой парасатын жан-жақты үй-лесімді қалыптастыру.
7. Кейбір оқушылардың жағымсыз іс-әрекетіне тыйым салу.
Тәрбие процесі мектепке дейін басталып, мектепте және мектептен кейін де жалғасады. Былайынша айтқанда, өмір бойы созылады. Тәрбие процeci комплексті, секірмелі, қайшылықты болады.
Тәрбие процесі екі жақтылық функцияға ие. Тәрбиеші балаға объект ретінде педагогикалық ықпал жасайды, яғни тәрбиелейді. Ал, бала белгілі әрекет жасайтын, мінез-құлық нормаларын бойына сіңіретін, жолдастарымен, коллективпен арадағы қатынастарда ұстанатын линияларды өзі анықтайтын тәрбие субъектісі ретінде де көрінеді.
Мектептегі тәрбие процесінің ерекшелігі – келешекті көздегендігі және нақты мақсаттылығында. Мектеп коллективі, ата-аналар, қоғамдық ұйымдар және жұртшылық барлық уақытта бірдей белгілі бір мақсатта балалармен тәрбие жұмысын алып барады.
Тәрбие процесінде баланың жеке басы белсенділігінің ең жоғары форма-сы оның өзін-өзі жетілдіруге, тәрбиелеуге ұмтылуы болып табылады.

Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling