Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Download 1.31 Mb.
bet110/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

Перспективалық жоспар оқу орнының соңғы жылдардығы алып барған жұмыстарын терең талдау негізінде бес жылға түзіледі. Жоспардың құрылымы төменлегідей болуы мүмкін:
1. Жоспарланған мерзімдегі мектептің міндеттері.
2. Жылдар бойынша оқушылар контингентінің даму перспективасы, кластар санының мөлшері.
3. Білім беру процесін жаңарту, педагогикалық инновацияларды енгізу перспективалары.
4. Оқу орнының педагог кадрларға сұранымы.
5. Педагог кадрлар біліктілігін түрлі формалар (курстар, семинарлар, тренингдер, т.б.) арқылы жетілдіру.
6. Оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайту және оқу-методикалық әдебиеттермен жабдықтауды дамыту.
7. Педагогтар мен оқушыларды әлеуметтік қорғау.
Жылдық жоспар бүкіл оқу жылын жазғы каникулдарымен қоса қамти-ды. Жылдық жоспар оқу жылы барысында дайындалып, оқу процесін ұйым-дастыруға қарай бірнеше кезеңді өз ішіне алады.
Ағымдағы жоспар оқу ширектері (жарты жылы) үшін түзіледі, ол жыл-дық жоспарды нақтылайды. Осы көріністегі жоспарлардың болуы оқытушы-лар, оқушылар және ата-аналар коллективінің жұмысын үйлестіреді. Бұл жоспарлар оқытушылардың және класс жетекшілерінің жоспарлары үшін стратегиялық мәнге ие.
Қабылданған шешімдерді толығымен амалға асыру үшін жүйені әрекет-ке келтіретін ұйымдастыру кезеңі қажет. «Ұйымдастыру» ұғымы бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден, өтілетін сабақ және кластан тыс шара-лардың сапасы туралы айтқанда, оқу-тәрбие процесінің немесе оның бөлім-дерінің бағасы ретінде қолданылады. Екіншіден, ұйымдастыру дегенде же-текшілердің, оқытушылардың, оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының белгіленген жоспарды орындауға, алға қойған мақсатқа қол жеткізуге бағыт-талған қызметтеріне айтылады.
Басқару қызметін ұйымдастырудың негізгі формаларына оқу орнының кеңесі, педагогикалық кеңес, директор жанындағы мәжіліс, директор орынба-сарлары жанындағы мәжіліс, шұғыл шақырылған мәжілістер, методикалық семинарлар және комиссия мәжілістерін жатқызуға болады.

Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling