Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Download 1.31 Mb.
bet112/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

Т ақырыптық бақылау педагогтар коллективі, оқытушылар тобы яки жеке оқытушы қызметі жүйесіндегі; мектеп оқуының төменгі және жоғары басқыштарындағы; оқушылардың адамгершілік жіне эстетикалық тәрбиесі жүйесіндегі анық бір мәселені терең үйренуге бағытталған.
Фронтал бақылау педагогтыр коллективінің, методикалық бірлестік-тердің яки жеке оқытушының қызметін жан-жақты үйренуге бағытталған. Оқытушының қызметін фронтал бақылауда, мысалы аттестациядан өткізуде оның жұмысының барлық бағыты – оқу-тәрбиелік, қоғамдық-педагогикалық, басқарушылық жұмыстары үйреніледі. Ал оқу орындарын фронтал бақылау-да осы оқу орны қызметінің барлық аспектері: жалпыға білім беруі, білім бе-ру процесін ұйымдастыруы, ата-аналармен жұмыс алып баруы, қаржылық-шаруашылық қызметі үйреніледі.
Бақылау жеке оқытушының, оқытушылар тобының, бүкіл педагогикалық коллективтің қызметіне яки әкімшілік қызметке жүргізілетін болғандықтан, оның бірнеше формасын атауға болады: арнайы бақылау, кластық-жинақтау-шылық бақылау, пәндік-жинақтаушылық бақылау, тақырыптық-жинақтау-шылық бақылау, комплекстік-жинақтаушылық бақылау.
Тәртіпке салудың негізгі мақсаты оқу-тәрбие процесін педагогикалық талдау барысында оқу орнының алдына қойылған мақсат және міндеттерді іске асыру, басқару жұмысын ұйымдастыру және бақылауда көрсетілген кем-шіліктерді түзету болып табылады.
Тәртіпке салу басқару қызметінде аса маңызды. Ол алдыңғы оқу жылын-дағы жетістіктерді, жіберілген кемшіліктерді есептейді, осының негізінде жаңа оқу жылы үшін оқу орындарынің мақсат-міндеттерін белгілейді.


4.1.5. Мектепті басқару және оған жетекшілік ету.
Мектептi басқарудың жоғары органы - мектеп педагогикалық кеңесі. Мектеп директоры өз лауазымы бойынша кеңестiң төрағасы болып есепте-ледi.
Мектеп педагогикалық кеңесі:
– мемлекет және қоғамдық ұйымдарда мектеп мүддесін көздейдi, ата- аналармен бірге мемлекет және қоғамдық ұйымдарда оқушылардың мүдде-сiне байланысты болған мәселелер талқыланып жатқанда олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді;
– мектептегі тәлім-тәрбиеге байланысты барлық мәселелердi өз өкілеттiк-терi шеңберiнде талқылайды және тиiсті қаулы қабылдайды, алдын қабылдан-ған қаулылардың атқарылуын eciтедi және бақылайды.
Мектептің педагогикалық кеңесі қабылдаған қаулылар әкiмшілік пен мектеп коллективiнің барлық мүшелері үшін мiндеттi болып саналады.
Мектептің оқу-тәрбие процесіне және күнделiктi қызметiне жетекші-лікті мектеп директоры алып барады.

Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling