Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Download 1.31 Mb.
bet128/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

Жазбаша сөйлеудің бұзылуы да екі түрге бөлінеді.
1) баланың құрсақта жатқанында немесе туылғаннан кейінгі алғашқы даму кезінде ми қабығындағы сөйлеу зонасының органикалық зақымдануы нәтижесінде сөйлеудің болмауы яки дамымауыдислексия;
2) бала миының қандайда бір себептермен зақымдалуы (суық тию, тамырлардың бұзылуы, бас сүйек пен мидың жарақат алуы) нәтижесінде алдын болған сөйлеуінің толық немес жартылай жоғалуы – дисграфия.
Психологиялық-педагогикалық топқа кіретін сөйлеудің бұзылу түрлері де екі топқа бөлінеді: қарым-қатынас тәсілдерінің бұзылуы және қарым-қатынас тәсілдерін қолданудың бұзылуы.
Қарым-қатынас тәсілдерінің бұзылуы (сөйлеудің фонетикалық-фоне-матикалық жетілмеуі және сөйлеудің жалпы дамымауы):
1) сөйлеудің фонетикалық-фонематикалық жетілмеуі – бұл балаларда ана тілінің сөйлеу системасын қалыптастыру процесінің бұзылуы;
2) сөйлеудің жалпы дамымауы – сөйлеу системасының дыбыстық және мағыналық жағына қатысты барлық компоненттері қалыптасуының бұзылуы.
Қарым-қатынас тәсілдерін қолданудың бұзылуы.
Бұған сөйлеудің коммуникатив функциясының бұзылуы ретінде қарас-тырылатын тұтығу кіреді.
Сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың орталық нерв жүйесінде функцио-налдық не органикалық ауытқушылық болады. Миы зақымдалған балалар әлсіз келеді, тез шаршайды, транспортта, ыстықта қиналады, басы айналады. Мұндай балалардың сабақта жұмыс істеуге зауқы соқпайды, ойын жинақтай алмайды, сөздерді аңғармай қалады, айтқан сөз есінен шығып кетеді.
Сөйлеу қабілетінің бұзылу деңгейіне қарай мектеп жасындағы балаларға түрлі логопедтік көмек көрсетіледі. Дыбыстарды анық айта алмайтын, сөз-дердің орын тәртібін ауыстырып жіберетін оқушылардың сөйлеуін жалпы орта білім беретін мектеп жағдайында логопедтік кабинеттерде коррекция-лық-дамытушылық сабақтар арқылы түзетуге болады.
Жалпы орта білім беретін мектептердің логопедтік пункттерінің міндет-тері:
- оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеуіндегі кемістіктерді түзету;
- педагогтар, ата-аналар арасында коррекциялық-логопедтік білімдерді тарату;
- балалардың сөйлеуі бұзылуын өз уақытанда анықтау және сөйлеуіндегі кемістіктер нәтижесінде пайда болуы мүмкін болған қосымша дефектердің алдын алу.
Логопедтік пункттерде оқушылармен коррекциялық жұмыстар оқу жылы барысында индивидуал немесе топтық формада жүргізіледі. Егер жал-пы білім беретін мектеп жағдайында баланың сөйлеуіндегі кемістіктер түзел-месе, онда оны сөйлеуінде күрделі кемістіктері болған балалар үшін ашылған арнаулы мектептерге ауыстырылады. Мұндай оқушыларды түзету жұмыста-ры емдеу-сауықтыру және психологиялық-педагогикалық жұмыстармен қоса алып барылуы шарт.

Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling