Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды коррекциялық оқыту


Download 1.31 Mb.
bet131/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

5.1.9. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды коррекциялық оқыту.
Тірек-қимыл аппараты бұзылуы туа біткен яки кейіннен арттырылған болады. Тірек-қимыл патологиясы төмендегі түрлерге бөлінеді:
- жүйке системасының ауруы (балалар церебралдық параличі), полио-миелит;
- тірек-қимыл аппаратының туа біткен патологиясы: санның туа шығуы; мойын қисықтығы, қисық аяқ және табанның басқа да деформациялары; омыртқа дамуындағы ауытқушылық (сколиоз), аяқ-қол, саусақ, бармақ бастарының жетілмеі немес кемістіктері, артрогрипоз;)
- тірек-қимыл аппаратының арттырылған ауруы және зақымдалуы: арт-қы ми, бас ми және қол-аяқтардың зақыдалуы; полиартрит; скелет ауру-лары; скелеттің жүйелі ауруы.
Тірек-қимыл аппаратының патологиясы болған балаларда негізгі бұзылу болып қозғалыстық кемшілік есептеледі. Мұндай балалардың көпшілігін (89%) церебралдық паралич (мидың сал болуы) балалар құрайды. Бұл бала-ларда қимылдың бұзылуы психикасының және сөйлеуінің бұзылуымен бай-ланысты болады. Сондықтан олар емді және әлеуметтік көмекке ғама емес, психологиялық-педагогикалық көмекке де мұқтаж болады.
Паралич (сал) орталық немесе шеткері жатқан нерв системасының ауру-ға шалдығуы нәтижесінде пайда болады. Балалар церебралдық параличі – бас ми қимыл системасының зақымдалуы. Балалар церебралдық параличінде адам үшін ең маңызды функциялар: қимыл, психика және сөйлеу істен шығады.
Балалар церебралдық параличіне (БЦП) алып келетін қолайсыз жағдай-лар көп. Әсіресе, БЦП болуына нәрестенің ана құрсағында жатқан кезде, туы-лу кезінде, туылғаннан кейінгі кезеңде миының зақымдалуы себеп болады.
Церебралдық паралич болған балаларда барлық қимыл-әрекет функция-ларының қалыптасуы тежеледі және бұзылады. Егер қимыл-әрекеттерінің бұзылуын түзетпесе, онда баланың психикалық функциялары мен сөйлеуіне кері әсер етеді. БЦП-ның ауыр дәрежесінде бала жүру дағдыларын меңгер-мейді, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайды.
БЦП-ның орташа дәрежесінде бала жүре алады, бірақ өзіне сенімсіз болады, арнаулы аспатар арқылы жүретіндері де бар. Ал БЦП-ның жеңіл дәрежесінде балалар өз бетінше ғимараттың ішінде, көшеде, транспортта сенімді жүреді.
БЦП жағдайында баланың психикалық дамуындағы ауытқушылық та-нымдық қызметінің, ерік-жігерінің, тұтас жеке басының қалыптасуы бұзы-луына әкеледі. Церебралдық параличке ұшыраған балалардың интеллектуал-дық жағдайы әртүрлі болады: біреулерінің интеллекті қалыпты жағдайда, екіншілерінде психикалық дамуы тежелген, үшінші біреулерінде – олиго-френия.
Соңғы жылдарда жаппай жалпы орта білім беретін мектептерге қимыл-әрекеті бұзылған балалар көптеп келуде. Церебралдық параличке ұшыраған балалармен оқу процесін тиімді ұйымдастыру үшін оқытушы олардың психо-логиялық және дене жағынан ерекшеліктерін, оқу материалдарын меңгеруге кедергі болатын жағдайларды, ауруының сипатын білуі керек. Оқу жылы бас-талмастан алдын мұндай балалардың ата-аналарымен олардың қызығуы, бейімділігі, қабілеті, жақсы көретін ойындары туралы әңгімелесіп алуы керек. Олардың жағымды және жағымсыз іс-әрекеттері туралы да мәліметтерді топтауы керек. Мұндай балалармен оқитын сыныптағы дені сау балалармен алдын-ала түсінік жұмыстарын жүргізіп, олардың әрдайым достық көмек көрсетуін ұқтыру керек.
Церебралдық параличке ұшыраған балалардың оқуын ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл балаларды, ең алдымен, партадан өзі тұрып-отыра алатындай етіп отырғызу керек. Оқу құралдарын пайдалануға, сабақта жазба жұмыстарды немесе ауызша тапсырмаларды орындауына қолайлы жағдай туғызу керек.
Церебралдық параличке ұшыраған балалар мектепте оқуымен бірге поли-клиникада арнаулы сауықтыру-қалпына келтіру шараларын алады, арнаулы ауруханаларда емделеді.

Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling