Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Download 1.31 Mb.
bet52/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

Бақылау сұрақтары:
1. Оқытуды ұйымдастыру дегенiмiз не? Оның мектептер тарихындағы түрлері қандай?
2. Оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ екенін дәлелде.
3. Сабаққа қойылатын талап қандай?
4. Сабақтың түрлерi мен құрылымын айтып бер.
5. Оқытуды ұйымдастырудың сабақтан басқа түрлерін айт.
6. Оқытуды ұйымдастырудың сыныптын тыс түрлерін айт.
7. Оқытушы сабаққа қалай дайындалуы керек?


2.5. Оқушылардың білім алғанын диагностикалау.
2.5.1. Оқушылардың білім алғанын диагностикалаудың мәні.
Оқушылардың білім алғанын диагностикалау туралы сөз етуден алдын диагностиканы жалпы тәсіл, ал диагностикалауды практикалық педагогика-лық қызметтің құрамдас бөлігі ретінде белгілеп алайық. Диагностика – бұл дидактикалық процесте болатын барлық жағдайларды айқындау, оның нәтижелерін анық белгілеу дегені. Диагностикасыз дидактикалық процесті тиімді басқару, сол жағдайда оптимал нәтижелерге жету мүмкін емес.
Білім алғанды диагностикалау арқылы нәтижеге жеткендіктің, білім ал-ғанының айырмасы көрінеді. Сондай-ақ білім алғандық диагностикалау ке-зеңінде белгіленген мақсатты амалға асырудың дәрежесі ретінде қаралады. Дидактикалық диагностикалаудың мақсаты оқу процесінде болатын барлық жағдайларды оның өнімімен байланыста өз уақытында анық-тау, бағалау және талдаудан тұрады.
Сонымен, диагностика оқушылардың білім және іскерліктерін тексеру-ге қарағанда кең және терең мағынаға ие екені көрініп тұр. Тексеру тек нәти-желерді белгілейді, бірақ олардың келіп шығу себептерін түсіндірмейді. Ал диагностикалау нәтижелерді оларға жету жолдарымен, тәсілдерімен және ме-тодтарымен байланыстырып анықтайды. Диагностикалау бақылау, тексеру, бағалау, статистикалық мағлұматтарды топтау, оларды талдау, динами-ка, тенденцияларды анықтау, оқиғалардың әрі қарай дамуын болжауды өз ішіне алады.
Оқушылардың білімін, іскерлігін бақылау және бағалау диагностика-ның құрамдас бөлігі ретінде енгізіледі. Бұлар педагогикалық технологияның едәуір көне компоненті. Бақылау және бағалау мектептің ажыралмас серігі ретінде, оның дамуына үлес қосты. Сонда да, әлі күнге дейін бағалаудың мазмұны, оның технологиялары туралы тартыс жалғасуда. Баға нені көрсету керек: сапа индикаторы (өлшеуші) болуы керек пе – оқушы үлгерімінің анық-таушысы яки, керісінше, оқыту системасының артықшылығы мен кемшілік-терінің көрсеткіші деген мәселе төңірегінде дауласып келеді. Оқытуды баға-лаудың қайшылықты сипатын Я.А.Коменский де атап өткен. Ол бағалау құ-қықын ақылдылықпен және өлшеммен пайдалануға шақырған.
Жаңа демократиялық мектептерде формал (немқұрайлы) бақылау бол-мауы керек. Дидактикалық бақылау оқытудың өзіне тән методы ретінде анық белгіленген оқыту, дамыту бағытына ие болуы, өзін-өзі бақылаумен бірігуі, сондай-ақ, білім алушының өзі үшін қажет және пайдалы болуы керек.
Білім беру системасын демократиялау білім, дағды, іскерліктерді бақы-лау және бағалаудан емес, керісінше, бағаның жәрдемінде оқуға үндеудің ес-кішіл формасынан бас тартуды талап етеді. Оқушының оқу еңбегін ынталан-дырудың жаңа тәсілдерін іздеу, тәлім-тәрбиеде күшейіп келе жатқан жеке пайда көру принципі өзгеше қатынаста болуды белгілеп береді. Диагностика системасында баға ынталандыру тәсілі ретінде жаңа сапаға ие болады. Ең ал-дымен, бағалаушы пікірлерді (балл) пайдалану мүмкін болған диагностика-лау нәтижелері тұлғаның өз дәрежесін белгілеуде көмектеседі, ал бұл қоғам-дағы бәселекестік жағдайында маңызды оятушы фактор болып есептеледі. Алдыңғы кездерде көптеген оқушылар бағаны мәжбүрлеп оқыту тәсілі ретін-де жек көрген болса, ал қазір ол оқытудың еріктілік принципімен толықты-рылып дамыған қоғамда тұлғаның жеке рейтингін орынды анықтайтын тә-сілге айналды.



Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling