Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі


Download 1.31 Mb.
bet74/151
Sana16.01.2023
Hajmi1.31 Mb.
#1095021
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   151
Bog'liq
Педагогика - учебное пособие

Бақылау сұрақтары:
1. Бала тәрбиесінде мектеп, семья және жұртшылықтың ынтымағы не үшін қажет?
2. Неге мектепті тәрбие жұмысын алып баратын жетекші буын дейміз?
3. Еңбек коллективтері мен жұртшылықтың тәрбие ісiнe қатысуын ай-тып бер.
4. Бала тәрбиесiнде ата-ананың ролі қандай?
5. Семьяда балаға тәрбие берудің жолдарын айт.
6. Ата-ананың өнегесi туралы не білесің?
7. Семьяда бала тәрбиесiне арналған мақал-мәтелдерден, даналық сөздер-ден мысал келтiр.


3.4. Тәрбиенің жалпы методтары.


3.4.1. Тәрбие методтары туралы түсінік.
Тәрбие методтары дегенiмiз тәрбиеші мен тәрбиеленушінің бiрлесе отырып тәрбиелiк мiндеттердi шешуге арналған іс-әрекетiнің тәсілі болып табылады.
«Метод» грек тілінен алынған болып, жол, тәсіл, әдіс мағынасын білді-реді. А.С.Макаренко тәрбие методын баланың жеке басына ықпал етудің құ-ралы деп көрсеттi. Қазіргi заман психологтары тәрбие методын қолданғанда адам бойындағы қасиеттердi (санасы, сезімі, сенiмi, мінез-құлқы, әдет-дағды-сы) ескеру керек екендiгiн айтады.
Педагогикада тәрбие методымен бірге тәрбие құралдары, тәрбие тә-сілдері деген ұғымдар да бар.
Тәрбие құралдары дегенiмiз арнайы тәрбиелік мiндеттi шешуге арнал-ған, мақсат көзделiп ұйымдастырылған методикалық жолдар.
Тәрбие құралдарына: өнер, әдебиет, оқу, спорт, ойын, музыка, архи-тектура, ақпарат құралдары жатады.
Тәрбие тәсілдерi дегенiмiз тәрбие методының жеке бiр бөлігi. Ол тәрбие методының әрекетін, қажеттілігiн, тәрбиелік мәнін айқындайды.
Тәрбие тәсілі тәрбие методтарына тәуелді болады.Тәрбие методтары мен тәсілдерi өзара тығыз байланыста болып, педагогикалық процеске қарап тәу-елсіз методтар және методикалық тәсілдер сипатында жүзеге келедi.
Мәселен, оқытушы бiрiншi рет сенбілік өткiзгенде оқушыларға алдын шүберекті қалай жуу керек екендiгiн, онымен партаны қалай сүртуді, еденді жуу үшін парталарды қай жаққа және қалай жылжытып қоюды түсіндіреді және көрсетеді Оқытушының міне осы түсіндipyi методикалық тәсіл болып табылады. Балалармен тәрбиелік жұмыстар алып барғанда кинофильмдер, балалардың ойындары, денешынықтыру, спорт жұмыстары және үйірмелер тәрбие құралдары қызметiн атқарады.
Тәрбиенің нәтижесi тәрбие процесiн ұйымдастыру методтары, құралда-ры және тәсілдерiнен пайдалануға, оларды бiргелiкте алып баруға байланыс-ты болады. Тәрбие методтары оқушыларды әлеуметтiк өміp оқиғаларын, адамдар арасындағы байланыстарды, өзара қарым-қатынастарды білуге, он-дағы тәртіп-ережелерге мойынсынуды үйретуi керек. Бала өсіп-ұлғаюымен бірге өзi қоршаған ортадан жақсы әдеттер мен жаман әдеттерді үйренеді. Сондықтан да тәрбие методтары баланың мінез-құлқына да түзетулер енгізіп баруы керек.



Download 1.31 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   151




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling