Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім беру уәзірлігі
Мінез-құлықтың пайдалы дағдылары мен әдеттерін
Download 1.31 Mb.
|
Педагогика - учебное пособие
- Bu sahifa navigatsiya:
- 3.7.3. Адамгершілікке тәрбиелеудің методтары.
Мінез-құлықтың пайдалы дағдылары мен әдеттерін қалыптастыру адамгершiлікке тәрбиелеудің тиiмдi жолы болып табылады. Бірақ, бұл күр-делi әpi көп қырлы процесс. Ол оқушылардың сана-сезімiнe ықпал етуді, оларда жақсы әдет пен мінез-құлықты, адамгершілік сезім мен қасиеттерді қалыптастыруды талап өтедi.
3.7.3. Адамгершілікке тәрбиелеудің методтары. Адамгершілік қасиеті баланың мұғаліммен және құрбы-құрдастармен ұдайы қарым-қатынасында қалыптасады. Сабақ процесінде адамгершілік тәрбиесінің тиiмділігін қамтамасыз ете-тiн нәрсе – сабақ мазмұнының ғылымилығы мен жоғары идеялылығы, мұ-ғалім жұмысының әдістерi мен тәсілдерінің адамгершiлiк эмоциялық қуаты, сабақ үстінде мұғалім мен балалар арасында қалыптасатын өзара қарым-қа-тынас стилі, мұғалiмнің адамгершiлiк бaғыты, жалпыадамзаттық iзгiлiктi тү-сіндіре білуi. Оқулықтардан, кітаптардан мақалалар, әңгімелер, өлеңдер, ертегілер оқу және талдау балалардың адамдардағы адамгершілік іс-қимылдарын түсінуiне көмектеседi. Әдебиет және басқа оқу пәндері де адамгершілік сезімдерді және сенімді қалыптастыруға көмектеседi. Адамгершілік – адамның рухани байлығы. Ғасырлар бойы адамдар ара-сындағы қарым-қатынасты суреттеу, сол арқылы жастарға өнегелі тәрбие бе-ру, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру – ауыз әдебиетiнің негізгі прин-циптері. Сондықтан ауыз әдебиетінің үлгілерi адамгершілік тәрбиесінің ар-қауы болады. Мысалы, «Кішіпейілдіктен кiшiрмейсің» деген мақал әдепті, кішіпейіл, сыпайы болуға баулиды. Сабақ, үстінде адамгершілікке тәрбиелеу жолдары үнемі күнделiктi өмірден алынған мысалдармен толықтырылып отырылуы керек. Кластастары-ның жағымды қылықтарын бағалауға, жағымсыздарын сынауға және өз ойла-рын жасырмай ортаға салуға үйрету, мектеп оқушыларына сай мінез-құлық дағдысын қалыптастыру – адамгершiлiкке тәрбиелеудің ең тиiмдi жолы. Оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде ұлттық салт-дәстүр-лер мен әдет-ғұрыптар үлкен роль атқарады. Мәселен, үлкенге iзетпен сәлем беру, еркек кісінің алдын кесіп өтпеу, әке-шешенің төсегін баспау, келіншек-тің тұңғыш баласының атын атамауы, дастарханға алдымен нанды қою т.б. Қазақтың ырымдары да адамгершілік туралы түсінік береді. Мысалы: «Керегені керме», «Үйде ысқырма». «Қоқысты үйiп қойма». «Kipдің суын аяқ астына төкпе». «Азалы үйге кіріп шығып, басқа бiреудің үйіне кірме» т.б. Ислам дінінде көрсетілген мұсылмандардың парыздары да адамгерші-лікке жетелейдi. Ислам дінінің алдына қойған мақсаттардың бipi – иманды, жан-жақты жетілген, ешкімге зияны тимейтін адамды тәрбиелеу. Исламда моралдық нор-малар шариғат заңдылықтарымен басқарылады. Шариғатта адамның қимыл-әрекеті, адамгершiлiк қызметi 5 категорияда белгіленген. Бұлар: 1) парыз – орындалуы мiндеттi болған қимыл-әрекеттер, 2) мандуб – міндетті емес, бірақ мақұлданған нормалар (сүндет, той), 3) мубох — ерiктi нормалар, 4) макрух – мақұлданбайтын нормалар, 5) арам – тиым салынған нормалар. Адамгершiлiкке тәрбиелеудің ең көп тараған методтары — этикалық әңгіме, пікірталас, дисскусия, кездесулер, т.б. Download 1.31 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling