Пән аты: «Тігін өндірісінің материалтануы» «Киім тігуде қолданылатын материалдар»
Мақта – маталық ішкиімдік маталардың негізгі түрлері
Download 46.23 Kb.
|
Төм Фариза
- Bu sahifa navigatsiya:
- Көйлектік-жейделік мақта – маталықтардың негізгі түрлері.
- Зығырлық маталар
- Жібек маталар
- Астарлық материалдар
Мақта – маталық ішкиімдік маталардың негізгі түрлері.
Миткали – жіңішке және жартылай жіңішке тоқымалық жіптен полотнолық өріммен алынатын маталар. Шифон – мерсерленген, тарақталған жүннен полотнолық өріммен алынатын жұқа, жеңіл маталар. Көйлектік-жейделік мақта – маталықтардың негізгі түрлері. Сәтен мен ластик – жоғары қабаты тегіс, жылтыр болып келетін атластық өрімнің маталары. Сәтеннің оң беті арқаулықпен, ластиктің оң беті негіздікпен қаланады. Бөз – тоқымалық жіптің құрылысы, сызықтық тығығыздығы бойынша, 1 м² матаның массасы, кейбір қасиеттері бойынша ақтақ маталарға жақан. Басты ерекшелігі – тегіс боялған және мөрленген, біржақты және екіжақты түрінде шығарылады. Зығырлық маталар. Зығырлық маталар төсек жабдықтары мен асханалық бұйымдар, көйлек, костюмдер тігуде, техникалық мақсатта қолданылады. Қатқыл, тығыз, сәл жылтырлығы бар зығырлық маталар үзілуге және үйкеліске төзімді болып келеді. Өңірлік маталар (бортовки) – киімнің өңірі, жағасы, басқа да бөлшектері қатқыл, берік болып, қыртысталмауы үшін астарлық ретінде қолданылады. Кендір (парусина) – негізінен атмосфералық және топрақтағы ылғалдың әсерінен қорғауға арналған мата: бұйымдық, жеіңл, киімдік, плащтық, брезенттік, арнайы (теңіздік), аса ауыр деп бөлінеді. Қосжіптік (двунитка) – қосарланған жіптерден полотнолық өріммен алынады. Равентух – қапшықтарға арналған кесінді кездемелер. 1 м² матаның массасы – 320-390 г. Палаткалық кездемелер зығырдан саржалық өріммен алынады. Жүн маталар. Жүн маталар пальто, костюм, көйлек, ерлер жейдесін тігуде қолданылады. Жүн матадан тігілетін аталған бұйымдар суық мезгілде киіледі, себебі жүн маталар қалың, құрылымы борпылдақ, мамық, көлемді, жылу қорғағыш қасиетері бар. Матаның гигиеналық қасиеттері,киіс беруі,бастапқыда берілген көлемді пішінін ұзақ сақтау қабілеті- осының бәрі жүн маталардың құны да жоғары болады. Жібек маталар.Жібек маталар ерлер мен әйелдердің жейде,көйлек,костюм,плащ,жадық пальтоларын тігуде қолданылады.Табиғи жібек маталар шитті жібектен (шелк-сырец) өндіріледі;иірілген жіптерден,оның ішінде крептен өндіріледі;тоқымалық жібек жіптерден өндіріледі. Астарлық материалдар. Сырт киім тігу барысында пальто мен ерлер жейдесінің алдыңғы бөлігіндегі бойлыққа (полочка) сырт киімнің негізгі матасы мен астарының аралығына арнайы астарлық салынады. Киімге астарлық салудағы мақсат- бұйымның кеуде тұсына серпінділік пен тұрақтылық беру. Download 46.23 Kb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling