Практикалық жұмыс №1 тақырыбы: Микроскоп құрылысы және онымен жұмыс істеу. Өсімдіктер клеткасының құрылысы


Download 47.74 Kb.
bet1/3
Sana10.11.2023
Hajmi47.74 Kb.
#1761809
  1   2   3
Bog'liq
Практика 1


Практикалық жұмыс № 1
ТАҚЫРЫБЫ: Микроскоп құрылысы және онымен жұмыс істеу. Өсімдіктер клеткасының құрылысы.
Тапсырма.

  1. Микроскоп құрылысы және жұмыс істеу ережелерімен танысу.

  2. Өсімдік клеткасының цитоплазма, ядро, пластидтер, вакуоль және клетка қабықшасымен танысу

Жарық (немее оптикалық) микроскоп – зерттелетін заттың кері бейнесін ұлғайтып көрсететін құрал.
Оқу лабораториясында биологиялық микроскоптар М-9, МБИ – 1 жиі қолданылады. Микроскоптың негізгі бөлімі болып оптикалық жүйесі, қосымша болып жарық беру және механикалық құрылымы табылады.
Оптикалық бөлімге обьектив және окуляр жатады. Обьектив ұлғайтылуы 8, 20, 40 және 90. Бұл сандар обьектив цилиндрінде көрсетілген. «90» обьективті қолдану кезінде линза мен зерттелетін обьект арасына иммерсионды сұйықтық қажет (кедр майы, синтетикалық алмастырушылар және т.б.). Окуляр цилиндрге орналастырылған екі линзадан тұрады, онда 7х, 10х, 15х және т.б. ұлғайтулар көрсетілген. Окуляр арқылы обьектив көмегімен бірге ұлғайтылған зат бейнесін көреміз. Жалпы ұлғайтылуды анықтау үшін окуляр көрсеткішін обьектив көрсеткішіне көбейтіледі. Жарық бергіш құрылым жарықтың обьектіге бағытталуы үшін және жарық күшін реттеу үшін қажет. Оған айна, иристі диафрагма және конденсор жатады. Айна қозғалмалы орналасқан және ойыс және дөңес беткейі бар. Жарықтың әлсіз көзінде айнаның дөңес, ашық жарықта ойыс беткейін қолдану қажет. Жасанды жарық кезінде жарық фильтрі қолданылады. Иристі диафрагма қозғалмалы металл пластинкасынан тұрады және жарық интенсивтілігін реттеу үшін қажет. Конденсор көмегімен арнайы бұранда арқылы айнадан өтетін жарық сәулелері концентрленеді. Конденсор 2-3 линзадан тұрады. Жарық құрылымын дұрыс пайдалану зерттелетін обьектінің нақты және жақсы жарықталған кескінін береді.
Механикалық бөлім штатив, заттық үстелше және препаратты бекітушіден тұрады. Штатив негізден және тубус ұстағыштан тұрады. Негіз микроскопқа беріктік қасиет береді. Тубус ұстағышқа окуляр бекітілген. Микроскопты тасымалдағанда тубус ұстағыш ручка ретінде қолданылады. Окулярға қарама- қарсы тубус бөлімінде обьектив цилиндрі бекітілетін ұяшықтары бар айналмалы револьвер орналасады. Егер микроскопта тубус вертикальды орналасса, жұмыс істеу ыңғайлы болуы үшін студент өзіне қарай бұра алады.
Револьвер астындағы үстелшеге препарат қойылатындықтан, ол заттық үстелше деп аталады. Оның ортасында жарық сәулелері өтетін саңылау болады. Заттық шыны заттық үстелшеге қойылып, арнайы бекіткіш- клемм арқылы бекітіледі. Үстелшені айналмалы қозғау оның бүйір жанында орналасқан екі бұранда арқылы жүзеге асады.
Микроскопты дұрыс қоюда макробұранда- кремальера және микробұранда- қолданылады.
Микроскоп дұрыс және қарауды талап ететін құрал. Оны құрғақ, таза ұстау қажет және оған реактив тамуына жол бермеу керек. Үстелге қою кезінде және тасымалдауда абай болуы керек. Микроскопты арнайы жәшікте немесе тығыз матамен немесе полиэтиленді пленкамен жауып қою қажет.

Download 47.74 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
  1   2   3




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling