Сабақ жоспары Пән мұғалімі: Жарылқасынова М. М. Сынып: 8 «Б» күні


Download 0.55 Mb.
bet1/5
Sana27.03.2023
Hajmi0.55 Mb.
#1298735
TuriПрактикум
  1   2   3   4   5
Bog'liq
informatika-paninen-ashyk-sabak-zhospary-544e1b482515e


Информатика пәнінен ашық сабақ жоспары Пән мұғалімі: Жарылқасынова М.М.
Сынып: 8 «Б» күні: 15.04.2014.
Сабақтың тақырыбы:Электрондық кестелер. Кестелік процессордың терезе интерфейсі. Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары. Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ЕХСЕІ кестелік процессоры, негізгі түсініктер мен амалдар, Excel мүмкіндіктері, жұмыс кестесінің элементтері, жаңа құжатты сақтау, құру, ашу, берілгендерді енгізу және оларды редакциялау туралы білімдерін өздігімен қалыптастыру.
Тәрбиелік: Компьютермен ұқыпты жұмыс жасауға, жан - жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың көре және ести отырып, есте сақтау және көру қабілеттерін дамыту, ойындар арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі:топтық жұмыс, топтар жаңа тақырыпты түсіндіреді, өзін-өзі бағалау
Пән аралық байланыс: тарих
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Практикум элементерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Компьютер, оқулық, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу, түгелдеу.
2. Оқушылардың құрал - жабдығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Өткен тақырыптар бойынша оқушыларға жеке карточкалар беріледі, онда бірінші бағандағы тақырыпқа сай, екінші бағандағы дұрыс анықтаманы сызып көрсету керек.
1-нұсқа

  1. Компьютерлік графика дегеніміз?

Компьютердің көмегімен жасалатын барлық суреттер, анимациялар, видеолар, диограммаларды, кестелерді айтады

  1. Растрлық графика көбіне қайда қолданылады?

Графика көбіне интернетте қолданылады

  1. Векторлық графика?

Негізгі элементі сызық болатын графиканың екі өлшемді түрі

  1. Фракталды графика өлшемі немен анықталады?

Графика өлшемі математикалық формулалармен анықталады.

  1. 3Д (үшөлшемді графика)?

ғылыми есептеулер, инженерлік жобалау және физикалық объектілерді компьютерде үлгілеу облыстарында кең таралған графика


Download 0.55 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
  1   2   3   4   5




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling