Сабақтың білім берудегі мақсаты


Download 14.84 Kb.
Sana25.04.2023
Hajmi14.84 Kb.
#1397350
TuriСабақ
Bog'liq
Таспенова Мадина Сабақ жоспар (2)


Пән: Табиғаттану.
4 а қазақ сынып
Отанымыз бойлап саяхат.
Отанымыз картасының жанында.
Уақыт:45 минут.
Сабақтың білім берудегі мақсаты : Оқушыларға тақырып бойынша Өзбекстан Республикасының картасы, жер алаңы, халқының саны, шекарасы жөнінде түсіндіру;
Сабақтың дамытушылық мақсаты : Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін дамыту;
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың тақырып бойынша бір-бірінен үйрену, бір-біріне үйрету қабілетін тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру;
Сабақ көрнекілігі: Оқулық, әкімшілік карта, кестелер, суреттер.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын көру. 5 минут.
Өтілген тақырыпты қайталау: 10 минут.
Адамның табиғатқа әсері. Қорықтар тақырыптарын оқу.
Қорықтар – бұл табиғаты бай жерлерді қорғау үшін арнайы бөлінген
үлкен алаңдар. Өзбекстан Республикасының аумағында 9 қорық бар.
1.Шатқал мемлекеттік биосфера қорығы.
2.Нұрата тау-жаңғақ мемлекеттік қорығы
3.Замин мемлекеттік қорығы.
4.Зарафшан мемлекеттік қорығы
5.Китаб мемлекеттік қорығы.
6.Гисар мемлекеттік қорығы.
7.Сұрхан мемлекеттік қорығы.
8.Қызылқұм мемлекеттік қорығы.
9.Бадайтоғай мемлекеттік қорығы.
-Кейбір өсімдіктер мен жануарлар кемейіп кеткендіктен
«Өзбекстан Республикасының Қызыл кітабына» енгізілген.
Таза тақырыпты түсіндіру: Отанымыз бойлап саяхат.
Отанымыз картасының жанында. 20 минут.
Өзбекстан Республикасының жер алаңы 448900 м2 құрайды.
Өзбекстан Республикасы Қазақстан, Түркіменстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Қырғызстан мемлекеттерімен шекаралас.
Өзбекстан Республикасының 34 миллион 500 мың адамнан астам.
Мемлекетіміз халқы өзбектерден басқа орыс, қазақ, қарақалпақ, тәжік, қырғыз, түрікмен ұлттарынан құралған. Орта Азия мемлекеттерінің арасында халқы ең көп мемлекет бұл – Өзбекстан.
Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласы, Қарақалпақстан Республикасы мен вилояттарға бөлінген.
Әкімшілік картада вилояттар әр түрлі реңдермен белгіленген.
1. Ташкент вилояты.
2. Хорезм вилояты мен
Қарақалпақстан Республикасы.
3. Қашқадария вилояты.
4. Сұрхандария вилояты.
5. Самарқант вилояты.
6. Жызақ вилояты
7. Сырдария вилояты.
8. Бұхара вилояты.
9. Наманган вилояты.
10. Әндіжан вилояты.
11. Ферғана вилояты.
12. Науаи вилояты.
Әкімшілік картада қалалар мен вилояттарды бір-бірімен байланыстырып тұратын негізгі автомобиль жолдары көрсетілген.
Таза тақырыпты пысықтау: Тапсырмалар орындау. 5 минут.
Әкімшілік картадан шартты белгілерге қарап шекараларды, астанамызды, вилояттарды көрсету.
Бағалау: Оқушылар білімін бағалау. 3 минут.
Үй ісі: Тақырыпты оқу. 2 минут.
Download 14.84 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling