Сабақтың конспект-жоспары


Download 55.5 Kb.
bet2/2
Sana01.05.2023
Hajmi55.5 Kb.
#1419646
TuriСабақ
1   2
Bog'liq
Бір сағаттық жоспар

Сабақтың барысы
Ұйымдастыру: Сәлемдесу. Сыныпты көзден өткеру.
Кел,балалар оқылық
Оқығанды көңілге,
Ықылас пенен тоқылы!
Оқысаңдар балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан,
Іздемей-ақ табылар!
Үй тапсырмасын сұрау: Біздің үйге қарлығаш ұя салған.
Ақшагул Төлегенова
Оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қою

  • Өлең не туралы жазылған?

  • Қарлығаш қайда барып ұя салған?

Оқушыларды екі топқа бөліп алу
1-топ: «Олар ұшын жұмыссыз жату тіпті ар» деген өлең шумақтарына түсінік білдіру
2-топ: «Кіргіз мені ұяңа балапан ғып» деген өлең шумақтарына түсінік білдіру
Жаңа тақырыпты түсіндіру (мәнерлеп оқу, жаттап алу):
«Күз»
Абай Құнанбаев
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,


Жапырағынан айырылған ағаш қурай....
Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы,
Тұман болар жел соқса, шаң тозаңы.

От жақпаған үйінің сұры қашып,


Ықтан қорыққан қазақтың құрысын заңы.


Дәптермен жұмыс: Сөздік.
Күзеу – қалың мал жайылуға қонған жер.


Сабақты бекіту: Сұрақ – жауап өту

  1. Жаз бен күзді салыстыру

  2. «жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан» өлең жолынан түсінік айту

  3. Өлең жолдарынан сын есімдерді табу

Сынып кіші төрт топқа бөлінеді.
Топтардың тапсырмалары: Мезгілдер негізінде сурет салу, салған суретке қарап шағын мәніт айтып беру.

1-топ: Көктем?


2-топ: Жаз?
3-топ: Күз?
4-топ Қыс?
Рефлексия:

  • Бүгінгі сабақ Сіздерге ұнады ма?

  • Қандай әсер алдыңыз, несімен ұнады?

  • Әр мезгіл немен ерекшеленеді екен?

Оқушыларды бағалау: Журнал бойынша оқушылар бағаланады
Оқушыларға бағалануға мүмкіншіліктер қаратылады
Үйге тапсырма беру:
Картотека жасау.
Оқулықтан «Күз» өлеңді жаттап келу
«Күз » тақырыбында 6-7 сөйлемнен тұратын әңгіме жазу.
Оқытушы : Абдираманова Шынарай
Оқу істері бойынша директор орынбасары:
Download 55.5 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling