Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойын халық қазынасы


Download 24.57 Kb.
bet3/3
Sana05.08.2023
Hajmi24.57 Kb.
#1665417
TuriСабақ
1   2   3
Bog'liq
02.04.2022 ж 6 А Сынып сағаты

1.«Бүркіт» ойыны
Бұл ойында икемді,оралымды бала жеңіске жетеді.Себебі ,бала жүресіне отырып, екіқолын қанатша жайып, еңкейіп жердегі тақияны аузымен іліп алу.
2.«Жаяу тартыс» ойыны
Бұл ойынға бойы жағынан шамалас екі бала қатысады. Екеуі бір-біріне арқасын беріп түзу
сызықтың екі жағына тұрады. Екі ұшын байлаған арқанды түйінін ортасына келтіріп екі ойыншы да иық арқылы қолтықтың астынан өткізіп алады
Бір, екі, үш...
«Үш» дегенде екі ойыншы да арқанды өз жағына тартады. Қарсыласын сызықтан асырғанша тартқан ойыншы жеңеді.

  1. Басқа ойын түрлерін экраннан тамашалау.

  2. Басқа ұлттық ойын түрлерін қайдан көруге болады?

Осылайша, бағзы заманда қазіргі ұлттық ойындардың көпшілігі жауынгерлік рух пен шеберлікті тәрбиелеудің аралық жаттығуы ретінде есептелген. Пысықтық пен асқан қайсарлықты көпшілікке паш ету арқылы бозбалалар әскери өнер машықтарын игерген, жангешті жігіттер мен қарасақалдар өз өнерін шыңдаған.
Ұлттық ойындар бала тәрбиесінде негізгі екі жауапты рөл атқарады: біріншіден, жаттығулар жасап, ұлт ойындарын ойнаған кезде дене дамуы жақсарса, екіншіден, ұлт ойындарының мазмұнын, ойлау тәртібін түсіндірген кезде ұлттық әдет – ғұрпымыздан, өткен өмірімізден хабар алады.
V. Қорытындылау
Біз болашақ ұрпағымызға тілімізді ғана үйретіп қоймай, салт-санамызды, дәстүрімізді мирас етіп қалдырып, ұрпақтан – ұрпаққа жалғасуына жағдай жасауымыз қажет. Мектепте оқушыларға ұлттық ойындардың құндылығын насихаттау мен қатар, оларды қолданудың озық тәжірибелерін жинақтау және дамытуларымыз керек.
Download 24.57 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling