Сабақтың тақырыбы: Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту тәсілдері


Download 0.92 Mb.
Sana25.05.2020
Hajmi0.92 Mb.
#109705
TuriСабақ
Bog'liq
sabaq-kz attachment nldermen-ayatalatyn-sandardy-zhazbasha-kbeytu-tslder.


Бекітемін: 12. 01. 2017ж

Пәні: Математика 4 кл

Сабақтың тақырыбы: Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту тәсілдері.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша бөлу тәсілдері туралы

білімдерін бекіту; есептеу және есеп шығара алу дағдыларын жетілдіру.



С/көрнекілігі: кесте, логикалық тапсырмалар, карточкалар

С/әдісі: сұрақ – жауап, көрнекілік

С/түрі: жаңа білім

Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

7. Амалдар ретін анықтап, есепте.

(45600+24900) * (90901 -90901) 23*2+32*4+66:3*5*100-96:3

(10100 +90900) : 100:5*4+101*2 10*(33467*2-33467*2)+500*20:10


Жалпылама жұмыс.

  • Тәуліктің 1/8 бөлігі неше сағатқа тең? 1 м = 10 дм (3 сағ)

  • Метрдің 1/5 неше дециметрге тең? 1 м = 10 дм (2 дм)

  • Ғасырдың ¼ бөлігі өтті. Неше жыл өтті? 1 ғас = 100 жыл (25 жыл)

  • Сағаттың 1/3 бөлігі неше минутқа тең? 1 сағ = 60 мин (20 мин)

  • Жүзімнің 1/3 бөлігі қанттан тұрады. 90 кг жүзімде қанша қант бар? (30 кг)

  • Адамдар тәуліктің 1/3 бөлігін ұйқымен өткізеді. Адам қанша сағат ұйықтайды? (8 сағ)

1. а) 46*20 28*30 31*40

46*200 28*300 31*400

460*20 280*30 310*40



Жаңа материалмен таныстыру.

Бұл мысалдарды қалай шешу керектігін түсіндіру.



Көптаңбалы дөңгелек сандарды көбейту барысында нөлдерге назар аудармай көбейтуді

орындайды. Екі көбейткіште қанша нөлдер болса, сонша нөлдерді оң жақтан шыққан нәтижеге

тіркеп жазады.

Алғашқы бекіту.

– тақтада түсіндіру және дәптерде тексеру арқылы орындалады.

1030*38 = 39140 23400*13 = 304200 1645*240 = 394800 2340*34=79560

2140*54 = 115560 19030*28=532840 1083*320 = 346560 12400*33=409200


2. А пунктінен бір уақытта бірінен- бірі қарама –қарсы екі жүрдек пойыз екі бағытта жолға шықты. Бірінші пойыздың жылдамдығы 140 км/сағ, екінші пойыздың жылдамдығы 130км/сағ. 14 сағаттан кейін пойыщдар бір-бірінен қандай қашықтықта болады? Сызбасын сыз.

3. Мысалдар тізбегін жазу.


1 560 · 17 = 26 520 1358 ׃ 14 = 97 115 668 ׃ 36 = 3 213

26 520 – 350 = 26 170 97 + 926 = 1 023 3 213 + 38 955 = 42 168

26 170 ׃ 5 = 5 234 1 023 · 38 = 38 874 42 168 ׃ 12 = 3 514

5 234 + 3 325 = 8 559 38 874 – 10 819 = 28 055 3 514 · 18 = 63 252

8 559 ׃ 27 = 317 28 055 + 1 507 = 29 562 63 252 + 51 486 = 114 738
4 (а). Алдымен шаршының ауданың тауып, оның қабырғаларының ұзындығын есептейді. Содан соң шеңбер сызады. Оны дәптердің төрт торкөзін пайдалана отырып теңдей төрт бөлікке бөлуге болады. Диаметрі, ауданы 16 см2 шаршының қабырғасына тең шеңбер сызу. Шеңберді бірдей 4 бөлікке бөлу және олардың біреуін бояу.
(ә) Есепті шешудің бірнеше жолы бар. (Тіктөртбұрыштың ауданы 20 см2. Осы тіктөртбұрыш үшін қабырғаларының ұзындығы 3 см болатын шаршы қиып алуға бола ма? Дәлелдеу.)
Шешуі: Sтіктөртбұрыш = 20 см2. Ендеше оның қабырғалары 10 және 2 см, 5 және 4 см, 1 және 20 см – ге тең болады. Шаршыны тіктөртбұрыштың қабырғалары 5 және 4 см болған жағдайда ғана қиып ала аламыз.

5 Бөліндінің мәні мен қалдықты тап.



Бөлінгіш

75

725

727

Бөлгіш

9

9

9

Бөліндінің мәні

8

80

80

қалдық

3

5

7



5. Сабақты бекіту: сұрақ – жауап

6. Үйге тапсырма: №7

7. Оқушыларды бағалау.
Download 0.92 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling