Зат есімнің сөзжасамы және оның қызметі


Download 88.28 Kb.
Pdf ko'rish
Sana31.01.2024
Hajmi88.28 Kb.
#1832550
Bog'liq
Зат есімнің сөзжасамы және оның қызметі Скачать Курстық жұмыс



Stud.kz
Кіру
тақырыпты енгізіңіз...

Зат есімнің сөзжасамы және оның
қызметі
Жоспар
Кіріспе
Әдебиеттер
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Зат есім сөзжасамы туралы жалпы түсінік
1.1 Зат есімнің сөзжасамдық жұрнақтары ... ... 5
2. Зат есімнің сөзжасаушы тәсілдері
2.1. Зат есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы
... ... ... ... ... ... ...6
2.2. Зат есімнің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы
... ... ... ... ... ... .17
2.3.Зат есімнің лексика—семантикалық тәсіл арқылы
жасалуы ... ..19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... .24
Пән: 
Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:
Курстық жұмыс
Тегін:
Көлемі: 24 бет 
Таңдаулыға
:

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.Зат есім сөзжасамы туралы жалпы түсінік
0.1 Зат есімнің сөзжасамдық жұрнақтары ...
... ... ... ... ... . ... ... ... ... .5
2. Зат есімнің сөзжасаушы тәсілдері
2.1. Зат есімнің синтетикалық тәсіл арқылы
жасалуы ... ... ... ... ... ... ...6
2.2. Зат есімнің аналитикалық тәсіл арқылы
жасалуы ... ... ... ... ... ... .17
2.3.Зат есімнің лексика -- семантикалық
тәсіл арқылы жасалуы ... ..19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ...23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ...
... ... ... . ... ... ... ... ... ... .24
Кіріспе
Есім сөздер - өзінің құрамын үнемі
толықтырып отыратын сөз таптары.
Олардың ішінде зат есім мен сын есімнің
сөзжасамдық қабілеті ерекше күшті,
сондықтан тілде зат есім, сын есімдердің
туынды сөздері өте көп. Бірақ сан есім де -
туынды сөздерге өте бай сөз табы, он бір
санынан бастап, миллион, миллиардқа
дейінгі күрделі сан атаулары - сан есімнің
туынды сөзге байлығына дәлел. Әрине,
үстеудің сөзжасамы туралы бұл пікірді
айтуға болмайды, үстеу - туынды сөзге
кедей сөз табы. Бұл есім сөздердің бәрінің
де өзіндік сөзжасамы барын білдіреді,
сонымен бірге олардың сөзжасамдық
кабілетінің түрлілігін де білдіреді. Ол
түрлілік әр сөз табының сөзжасамында
сөзжасамдық тәсілдердің түрлі қызмет
атқаруына, сөзжасамдық бірліктердің
түрлілігіне, олардың құрамына,
мағынасына, шындық өмірмен байланысына
т.б. осы сияқты түрлі себептерге
байланысты.
Осы жағдай әр сөз табының сөзжасамын
қарауды талап етеді, өйткені әр сөз
табының сөзжасамының өзіндік
ерекшеліктері бар. Мысалы, зат есім
сөзжасамында сөзжасам тәсілдерінің бәрі
қызмет етсе, сан есімде негізінен
аналитикалық тәсіл қызмет етеді. Зат есім
өз құрамын үнемі туынды сөздермен
толықтырып отыратын сөз табы болса, сан
есім өз құрамын туынды сөздермен
толықтыруды тоқтатқан сөз табы. Зат есім
мен сын есім сөзжасамы өте өнімді.
құнарлы болса, үстеу сөзжасамында
өнімділік, құнарлылық байқалмайды.
Зат есім сөзжасамы - өте кең әрі жиі
талқыланатын тақырыптың бірі. Жалпы
алғанда, тіліміздегі зат есімдердің санына
қарай оның көптеген тәсілдер мен жолдар
арқылы жасалуын да ескергеніміз жөн.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Зат есім
сөзжасамының қызметін тани білу, олардың
ерекшеліктерін, сипаттарын ажырата білу -
қазақ тілінің аса қызықты да, қиын да
маңызды мәселесі. 
Зат есім сөзжасамының жасалуы уақыт өте
келе бір жерде тоқтап қалмай, дамып,
байып келеді. Сол себепті дамып келе
жатқан осы білім саласын жан-жақты
зерттеп, қыр-сырын терең қарастырғанымыз
дұрыс. Міне, осы мәселенің бәрін де қамтып
қарастыру өзекті мәселе болып саналады. 
Жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. 
Жұмыстың басты мақсаты - зат есімнің
сөзжасамы және оның қызметін толық
танып, оны түбегейлі сипаттап беруге
тырысу. Зат есім сөзжасамының
жұрнақтары жайлы неғұрлым толық және
жүйелі білім беру.
Бұл мәселе шешімін табу үшін төмендегідей
міндеттерді шешу көзделді: 
қосымшаларды, соның ішінде оның өнімді
түрі жұрнақтардың мағыналық және
құрылымдық ерекшеліктерін айқындау; 
қазақ тілі сөзжасам жүйесінің зерттелу
тарихына және қазақ тіліндегі зат есім
сөзжасамының жұрнақтарына шолу жасау; 
- дық-дік, -тық-тік, -лық-лік жұрнағының зат
есім жасаудағы қызметін ашып сипаттау; 
- дық-дік, -тық-тік, -лық-лік жұрнақтары
арқылы жасалған сөздердің семантикалық
топтарын айқындау; 
осы жұрнақтың көмегімен жасалған
сөздердің қызметін контекстік мысалдар
негізінде дәлелдеу.
Жұмыстың басты мақсаты - зат есімнің
сөзжасамы және оның қызметін толық
танып, оны түбегейлі сипаттап беруге
тырысу.Зат есім сөзжасамының
жұрнақтары жайлы неғұрлым толық және
жүйелі білім беру.
Зерттеу жұмысымның нысаны. Қазақ
тіліндегі зат есімдердің жасалуы, осы
сөздердің семантикалық топтары нысан етіп
алынды. 
Зерттеу жұмысының жаңашылдығы. Зат
есімнің сөзжасамдық жұрнағын
функционалдық-семантикалық аспектіде
қарастыру болып табылады. 
Зерттеу жұмысының әдістері. Курстық
жұмыста тарихи - салыстырмалы әдіс,
сипаттау, ой - пікірлерді жинақтау, қорыту
әдістері басшылыққа алынды.
Зерттеудің теориялық маңызы. Зат есім
сөзжасамының мәтін құрылымындағы
қызметін белгілеу мәтін лингвистикасын
жеке ілім ретінде дамуына, толығуына
көмегін тигізеді.
Зерттеудің практикалық мәні. Зерттеу
барысында алынған нәтижелер мен қол
жеткізген теориялық тұжырымдар тіл
біліміне кіріспе, қазақ тілі грамматикасы
пәндерін жаңа деректермен толықтырары
сөзсіз. Жоғарғы оқу орындарында, колледж
қабырғаларында морфология, синтаксис
салаларын тереңдей қарастыруда қосымша
ақпарат ретінде қолдануға болады. 
Жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс
кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан және
пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Зат есім сөзжасамы туралы жалпы түсінік
0.1 Зат есімнің сөзжасамдық жұрнақтары
Қай тілдің болмасын ең бай, ең көп сөзі- зат
есім. Табиғатта, қоғамда заттан көп нәрсе
жоқ. Табиғатта танымаған құбылыстардың
бәрінің аты бар. Олар заттық ұғыммен
байланысты әр түрлі атаулық қызмет
атқарады. Сондай- ақ зат атауларын
лексика- семантикалық тұрғыдан қарасақ,
оның мағыналары да, тұлға- тұрпаттары да
бірдей емес, әр алуан. 
Айналадағы нәрсенің адам санасында
сығымдалған (статикалық) сапа, амал, зат
көрінісі болатын оқушы, әнші, дәрігер десек,
белгілі бір заттың аты жаңбыр, найзағай,
ереуіл, күрес десек, олар - әр алуан
құбылыстар мен уақиға ұғымдары. 
Ал енді ата-ана, басқұр, совхоз, айбалта,
мойын омыртқа сияқты күрделі сөздердің
өзі де, тұлғалық ерекшеліктеріне
қарамастан, белгілі бір зат атауы. Зат
есімдер түрленгенде атқаратын қызметіне,
яғни синтаксистік функциясына, қарай
бастауыш, анықтауыш (кейде пысықтауыш,
баяндауыш) болатынын ескерсек, олардың
басқа сөз таптарына негізгі тірек, өзек
екенін аңғарамыз. Мысалы, сын есім заттың
сынын (ақ қағаз), сан есім заттың санын (он
кітап), етістік заттың қимылын, әрекет-күйін
(бала күлді, ойнады) білдіреді деп берілетін
анықтамалардың өзінде де, зат есімді
айтпай, ескермей өтпейміз.
Әр сөз табы тілдің белгілі бір сөзжасам
жүйесіне бағынады. Сондықтан қазақ
тілінде жоғарыда айтылған сөзжасам
тәсілдері зат есімнің жасалу жолдарына
тікелей қатысты. Қазақ тілінде зат есім
тудыратын арнайы жұрнақтары бар. Олар
сөз тудыру сипатына қарай өнімді, өнімсіз,
күрделі, құрамды, өлі, тірі жұрнақтар
болып, есім сөздерден зате сім тудыратын,
етістіктен зат есім тудыратын жұрнақтар
болып тағы да үлкен - үлкен топтарға
бөлінеді. Зат есім қазақ тілінде мағына
тудыруда, қазақ тілінің сөздік құрамын
байытуда ең бір актив сөз табы болып
табылады. Сөз тудырудың зат есімге үш
тәсілі де де қатысты. 
Зат есім - сөзжасамы өте күрделі сөз табы.
Зат есімде сөзжасам тәсілдерінің бәрі
қызмет етеді және бәрі де белсенді қызмет
атқарады. Зат есімнің сөзжасамдық
бірліктері де алуан түрлі, солардың ішінде
зат есімнің сөзжасамдық жұрнақтары
ерекше көзге түседі. Зат есім сөзжасамдық
жұрнақтарға өте бай, сәйкесінше тіліміз де
туынды зат есімдерге өте бай.
2. Зат есімнің сөзжасаушы тәсілдері
2.1. Зат есімнің синтетикалық тәсіл арқылы
жасалуы
Зат есімнің синтетикалық тәсіл арқылы
жасалуына сөзжасамдық жұрнақтар
арқылы жасалу жатады. Зат есімнің
сөзжасамдық жұрнақтары деп алуан түрлі
сөздерден туынды түбір зат атауын
жасайтын жұрнақтар аталады. Мысалы,
тыңшы, қызметкер, арбакеш, сыпырғыш,
қуаныш, елеуіш, жақсылык,үлкендік, ондық,
жүздік т.б. Мұндай жұрнақтар зат есімнен
(тың қызмет, арба) туынды зат есім
жасаған, етістіктен (сыпыр, қуан, еле)
туынды зат есім, сын есімнен (жақсы,
үлкен) туынды зат есім сан есімнен (он,
жүз) туынды түбір зат есім жасаған. Бұл
туынды түбір зат есім сөздер жұрнақ
арқылы жасалғандықтан, олар
синтетикалык тәсіл арқылы жасалған
туынды зат есім сөздер болып саналады. Ал
олардың негіз сөздері есім сөздер және
етістіктерден болып тұр. Осымен
байланысты жұрнақтар есім сөздерден зат
есім жасайтын жұрнақтар және
етістіктерден зат есім жасайтын жұрнақтар
болып бөлінеді. Туынды түбір зат
есімдердің жасалуына зат есім, сын есім,
сан есім, етістік сөздер негіз болады. Осы
сөз таптарының сөздерінің негіз болуы
арқылы жасалған туынды тубір зат есім
сөздер туынды түбір сөздер болып
саналады.Туынды түбір зат есім сөздерді
жасайтын тілде 110 шамалы жұрнақ бар.
Олар құрамы, мағынасы, қызметі жағынан
алуан түрлі. 
Жалаң жұрнақтар деп құрамы бөлшектеуге
келмейтін жұрнақтар аталады. Мысалы:
-шы, -ші, -кер, -гер сияқты жұрнақтар бір
морфемадан тұрады, сондықтан олардың
құрамы бөлінбейді. Туынды зат есім
атаулар жасайтын мұндай жұрнақтар зат
есім сөзжасамында негізгі орын алады.
Олар арқылы көптеген туынды түбір зат
есім сөздер жасалған.
Құранды жұрнақтар деп құрамы ең кемі екі
морфемадан тұратын жұрнақтар аталады.
Мысалы: -шылық, -шілік, -ынды, -палық
жұрнақтарының құрамы екі морфемадан
тұрады яғни олар бұрын екі жұрнақ болған.
Кейін тілдің дамуында олар кірігіп, бірінсіз
бірі қолданылмайтын дәрежеге жеткен.
Туынды зат есім жасайтын жұрнақтардың
мағыналық құрамы да әртүрлі. Бірсыпыра
жұрнақтар түрлі мағыналы туынды зат
атауларын жасайды. Мысалы: -лық, -лік,
-тық, -тік жұрнағы түрлі мағыналы туынды
сөздер жасайды (бастық, сулық, апталық,
қалыңдық, оттық, патшалық). - ық, -ік, -ақ,
-ек жұрнағының мағынасы алуан түрлі: 1)
адам мүшелерінің атын білдіреді: тырнақ,
білек. 2) нақтылы зат атауын білдіреді:
қармақ, орақ, дөңгелек,. 
3) мекен, орын мәнді зат атауларын
жасайды: қорық, тұрақ, жатақ. Сонымен
бірге зат есім сөзжасамдық жұрнақтарының
ішінде жеке, бір ғана мағынада
қолданылатын жұрнақтар да көп: -хана,
-тай, -й. Туынды түбір зат есім жасайтын
жұрнақтардың біразы бір-бірімен мағыналас
болып келеді. Олар синоним жұрнақтар
боып саналады. Мысалы: -шы, -ші
(жұмысшы, етікші) - кер, -гер (жұмыскер,
саудагер).
Туынды түбір жасайтын зат есімнің
сөзжасамдық жұрнақтары жүзден аса
болғанымен, олардың сөзжасамдық қабілеті
бірдей емес. Осыған байланысты зат есімнің
сөзжасамдық жұрнақтары өнімді және
өнімсіз жұрнақ болып бөлінеді. Өнімді
жұрнақтар деп тілге талай туынды зат
атауын берген, қазір де сөзжасамдық
қызметін жоғалтпаған жұрнақтар аталады.
Зат есімнің сөзжасамдық жұрнақтарының
басым көпшілігі өнімді жұрнақтарға жатады.
Олар: -лық, -лік, -шы, -ші, -шылық, -шілік,
-шық, -шік, -ым, -ім, -хана, -гер, -кер, -ын, -ан,
-у, -ма, -ме. Өнімсіз жұрнақтар: -қат:
жарақат, -арт: мұзарт, -сын: сусын, -қай:
алаңқай. Туынды зат атауларын жасауға
жұрнақпен қатар негіз сөз де қатысады.
Туынды зат атауларына түрлі сөз табының
сөздері негіз болады, олар: зат есім, сын
есім, сан есім, еліктеуіш сөздер, етістік.
Олардың жұрнақтарында да айырма бар.
Сондықтан оларды бөліп қарастырған жөн.
Олар: 1) есім сөздерден зат атауын
жасайтын жұрнақтар; 2) етістіктен зат
атауын жасайтын жұрнақтар. Есім
сөздерден туынды зат есім сөздер
жасайтын жұрнақтар аз емес, олардың
жалпы саны жетпіс бестей болып қалады.
Олардың мағынасында екі түрлі үлкен
айырмашылық бар. Бір топ жұрнақтар есім
сөздің лексикалық мағынасын өзгертеді,
енді біреуі сөздің лексикалық мағынасын
сақтап, оған үстеме мағына қосады. Осыған
байланысты есім сөздерден туынды зат есім
сөздер жасайтын жұрнақтар сөз мағынасын
өзгертетін жұрнақтар және сөз мағынасын
түрлендіретін жұрнақтар болып бөлінеді.
Есімдерден зат атауын жасайтын
жұрнақтар
1. Лексикалық мағынаны өзгертетін
жұрнақтар. Туынды зат есім сөздер
жасаушы жұрнақтардың көбі сөз мағынасын
өзгертуші жұрнақтарға жатады.
Лексикалық мағынаны өзгертетін зат
есімнің сөзжасамдық жұрнақтарының
мағынасы түрлі-түрлі, оларды түгел
көрсету мүмкін емес. Мұнда солардың
ішінен ірілерін жинақтап, 13мағыналық түрі
берілді.
1. Мамандық мәнді жұрнақтар: -шы, -ші
(өнімді), -кер, -гер (өн-ді), -паз, -пан, -кеш,
-лық, -лік: балықшы, егінші, қаламгер,
суреткер, арбакеш, аспаз, сақпан.
2. Орын-жай мәнді жұрнақтар: -стан, -кент,
-хана, -дық, -дік: Қазақстан, Шымкент,
дәріхана, шабындық, егіндік.
3. Лауазым атаулары мәнді жұрнақтар:
-дық, -тық, -лық, -лік: патшалық, әкімдік,
бастық.
4. Кісі аттарын жасайтын жұрнақтар: -зада,
-қан, -жан, -бай, -бек: Гүлзада, Әлімқан,
Гүлжан, Асылбек, Оразбай.
5. Салт-дәстүрге қатысты атаулар
жасайтын жұрнақтар: -лық, -лік, -дық, -дік,
-тық, -тік, -ын, -у: құдалық, базарлық, ұрын
бару, ілу.
6. Туыстық атауларын жасайтын
жұрнақтар: -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік,
-дас, -тас: ағалық, жиендік, туыстық,
қарындас, бауырлас.
7. Тағам атауларын жасайтын жұрнақтар:
-дық, -не, -шік, -дақ, -тақ, -сын,
-п: тұздық, ірімшік, ұнтақ, сусын, шалап.
8. Дене мүшелері атауларын жасайтын
жұрнақтар: -тық, -шік: қолтық, жіліншік.
9. Мезгіл атауларын жасайтын жұрнақтар:
-лық: апталық, айлық, жетілік, жылдық.
10. Дерексіз мәнді зат атауларын жасайтын
жұрнақтар: -лық, -ым, -ім, -м,
-шылық: достық, қастық, қателік, мейірім,
мүмкіншілік.
11. Қарым-қатынас атауларын жасайтын
жұрнақ: -дас, -дес, -тас, -тес, -лас, 
-лес: жолдас, әріптес, жерлес, күндес.
12. Аспаптар атауын жасайтын жұрнақтар:
-ген, -ған, -кен, -ман,
-пар: жетіген, құмған, желкен, сайман,
шоқпар.
13. Деректі зат атауларын жасайтын
жұрнақтар: -тық, -ық, -ік, -ақ, -ек, -ша, -ше,
-шық, -шік, -сыз, -сіз, -ілдірік: белдік,
орындық, жеңсіз, мойнақ, бақша, ойыншық.
2. Лексикалық мағынаны түрлендіретін
жұрнақтар. Адамдар арасындағы түрлі
қарым-қатынасқа байланысты туатын сан
алуан мәндегі көңіл-күй, ризалық, үлкенге
құрмет, сый, сияпат білдіру, жақсы көру,
кішіні еркелету сияқты адамның ішкі сезімін
білдіретін реңк мәнді жұрнақтар зат есім
сөздердің өзіне жалғанып, оның лексикалық
мағынасын түрлендіреді. Түрлендірілген
сөзжасамдық мағына деп лексикалық
мағынаның үстіне қосылатын реңктік
мағына аталады. Зат есімнің лексикалық
мағынасын түрлендіріп, оған түрлі реңк
мәнін қосатын жұрнақтар тілде көп емес.
А.Ысқақов бұл жұрнақтардың 13 түрін
көрсеткен. Соңғы зерттеу бойынша зат есім
лексикалық мағынасын түрлендіретін, реңк
мәнін қосатын 24 жұрнақ бар. Олар:
1) - еке, -қа, -ке: Жұмеке, Мұқа, ағеке.
2) - й: ағай, апай.
3) - тай: апатай, әкетай.
4) - жан: көкежан.
5) - қан, -ақан: ботақан, қошақан.
6) - шақ, -шек: құлыншақ, інішек.
7) - шық, -шік: қапшық, көлшік.
8) - қай, -кей: балақай, шешекей.
9) - ша, -ше: кітапша, өгізше.
10) - ш: Құрмаш.
11) - сымақ: бастықсымақ.
12) - шығаш, -шігеш: байшығаш.
13) - жын, -жін: құнажын, дөнежін.
14) - ес: белес, дөңес.
15) - қа: қырқа.
17) - ат: қырат.
18) - қал: шатқал.
19) - пат: ойпат.
20) - пан: балапан.
21) - анақ: шұқанақ.
22) - қалаң: шатқалаң.
23) - ақай: итақай.
24) - бай: елпекбай.
Зат есімнің лексикалық мағынасын
түрлендіретін жұрнақтар тілде түрлі
реңктік мағынаны білдіреді. Олар: сыйлау,
құрметтеу, жақсы көру сезімін білдіру,
еркелету, кішірейту.
Етістіктен зат атауын жасайтын жұрнақтар
Синтетикалық тәсіл арқылы жасалатын
туынды түбір атауларға етістік те негіз
болады, ондай туынды түбір атаулар етістік
негізді туынды түбір деп аталады. Тілімізде
етістік негізді туынды түбір атаулар көп.
Зат есім сөзжасамының бұл өнімді жолы
болып саналады, өйткені тілде етістіктен
зат атауларын жасайтын жұрнақтар көп
және олар түрлі мағыналы зат атауларын
жасайды.
1. Тамаққа қатысты атауларды ж.ж.: -мал,
-ма, -ме, -дақ, -маш, -меш, -м,
-мақ, -мық, -пақ: саумал, жарма, кеспе,
қуырдақ, қуырмаш, жем, құймақ.
2. Құрал - сайман атауын ж.ж. - ғы, -гі, -ақ,
-ық, -ік, -у, -ма, -ме, -кіш,
-нда: бұрғы, орақ, қашау, кескіш, бұранда.
3. Табиғат, мезгілге байланысты атауларды
ж.ж. - й, -а, -ы, -ші, -н, -сын, 
-сін: қурай, жыра, тамшы, борасын.
Зат есім - сөйлемде заттық ұғымға қатысты
ойды білдіру үшін қолданылатын сөздер.
Зат есім сөздер құрамы жағынан әр түрлі,
олар:
1. Негізгі түбір зат есімдер. Мысалы, аға,
ана, әке, ана, су, ағаш, тоғай т.б. Негізгі
түбір сөздер грамматикада негізгі морфема
деп те аталады, өйткені негізгі түбір зат
есімдердің құрамын бөлшектеуге
болмайды, ол бІр морфемадан тұрып,
лексикалық мағынаны білдіреді. Олар
сөйлемге біртұтас лексема, сөз ретінде
кіреді.
2.Сөйлемде туынды түбір зат есім сездер
қолданылады. Олардың құрамы негізгі
түбір мен сөзжасамдық жұрнақтан
құралады (дәрігер), кейде туынды түбір
сездің құрамында бірнеше сөзжасамдық
жұрнақта болады (ег-ін-ші -- лік), бұл
туынды түбір сөздің туыңды түбір уэждеме
сөзден жасалуына байланысты.
Оның түрлі себептері бар. Ал ол туынды зат
есімдердей құрамының алуан түрлі
болуына әсер етеді. Туынды зат есімдердің
құрамының түрлілігі олардың түрлі топ
құрауына әкеледі. Туынды зат есімдердің
әр түрінің өзіндік ерекшелігі бар.
Зат есім сөзжасамдық жұрнақтарға өте бай,
олардың мағынасы мен құрамында да
үлкен ерекшелік бар.
Туынды зат есім сөздерге тіліміз өте бай.
Туынды зат есім сөздердің тілден мол орын
алатыны зат есімнің шындық өмірге
байланыстылығын былай қойғанда, зат
есімнің сөзжасамдық ішкі мүмкіншіліктерінің
молдығына, күрделігіне байланысты. Зат
есім сөзжасамында тілдегі сөзжасамдық
тәсілдерінің бәрі белсенді қызмет атқарады.
Бүл барлық сөз таптарының сөзжасамына
тән құбылыс емес. Зат есімнің
сөзжасамында барлық тәсілдердің белсенді
қызмет атқаруы туынды зат есім сөздердің
молдығына әсері бары сөзсіз. Сондықтан
туынды зат есімдердің ішінде туынды
сөздердің барлық түрлері бар.
Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған
туынды түбірлер, аналитикалық тәсіл
арқылы жасалган күрделі сөздердің барлық
түрі, лексика-семантикалық тәсіл арқылы
жасалған туындылар тілде баршылық. 
Туынды зат есім сөздердің түрлі тәсілдер
арқылы жасалуына байланысты туынды зат
есім сөздердің құрамы да алуан түрлі.
Туынды зат есім сөздердің құрамында
сөзжасамдық жұрнақтар, түбір сөздердің
барлық түрі, түрлі қарым-қатыста кездесе
береді. Туынды зат есімдердің жасалуында
негіз сөз қызметін зат есім сөздермен бірге
басқа сөз таптары да атқара береді. Яғни
зат есім сөзжасамы сан есім сөзжасамы
сияқты өз ішінде ғана тұйықталмайды, ол
басқа сөз таптарының сөздерін зат есімге
айналдырып, өз кұрамын басқа сөз
таптарының сөздерінің негізінде де
толықтырып отырады. Бұл үрдіске, әсіресе,
сын есім сөздер мен етістіктер белсенді
қатысады.
Лексикалық мағынаны түрлендіретін
жұрнақтар
 Скачать
 Жұмысты толықтай көру
Антиплагиат

 Скачать
19.09.2023, 22:00
Стр. 1 из 1

Download 88.28 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling