Етікші мен эльфтер


Download 72.17 Kb.
bet1/4
Sana18.06.2023
Hajmi72.17 Kb.
#1573889
  1   2   3   4
Bog'liq
2 пирлс


Тапсырма 1
Етікші мен эльфтер
Бұрынғы өткен заманда бір етікші өмір сүріпті. Өзі еңбекқор болыпты.Күн демей, түн демей еңбектеніп, аяқ киім тігеді екен. Күндердің күнінде жұмысы жүрмей, кедейленіп кетіпті. Аяқ киім тігетін былғарысы да таусылыпты. Етікші жан дүниесі таза адам болатын. Ол қалдықтарды біріктіріп, яғни кебісті құрақтардан құрап отырғанында кеш батады. Етікші «қалғанын ертең тігермін» деп, шеберханасын жауып, үйіне кіреді де, ұйықтауға жатады.
Келесі күні етікші ұйқысынан ерте оянады. Күндегі әдетінше алдымен Құдайға сыйынып, таңғы асын ішеді. Енді кешегі кебісін тігіп бітірейін деп шеберханасына келеді. Міне, ғажап аяқталмай қалған кебісі тігіліп, дайын тұр екен. Етікші өз көзіне өзі сенбеді. Сөйтіп, шеберхананың жанынан өтіп бара жатқан кісі кебісті көріп, ұнатып ақысын артығымен төлеп сатып алды. Етікші дүкенге барып, былғары мен аяқ киім тігетін бұйымдар сатып алады. Қатты шаршап тұрған ол: «Тынығып алып,ертең тігейін» деген оймен үйіне қайтады. Ертеңінде шеберханаға келсе кебістер дайын тұр. Оларды да бір жолаушы сатып алып ақшасын аямай береді. Бұл оқиға күнделікті қайталана береді. Кешкісін пішіп кеткен аяқ киімдер таңертең дайын тұрады. Бір күні ол әйеліне мынандай ұсыныс айтады:
-Бүгін түнде етігімізді тігіп, бізге көмектесіп жүргеннің кім екенін көрсек қайтеді. Әйелі келіседі. Олар түнделетіп шеберханаға келіп, жасырынады. Түн ортасы ауғанда шеберханаға екі кішкентай эльф келеді. Олар пішіліп тұрған былғарыны тез-тез тіге бастайды. Жұмысты бітірген соң эльфтер көзден ғайып болады. Етікші мен әйелі эльфтер тігіп бітірген кебістерді көреді. Ешқандай мін таба алмай, таң қалады.
Келесі күні әйелі етікшіге:
-Бұл кішкентай эльфтер бізге байлық әкеледі. Оларға рахмет айтуымыз керек. Біз үшін әбігерленіп жүр.Аяқтары жалаң аяқ.Тоңып жүрген шығар. Мен оларға үстеріне киетін киім,аяқтарына шұлық тігіп берейін,-дейді. Етікші әйелімен қуана келіседі. Әйелі эльфтерге арнап шалбар,күртеше, бас киім, кебіс дайындайды. Енді олар эльфтердің келгенін күтіп, өздері жасырынып қалады. Уақыт аз өттіме, көп өттіме белгісіз,әйтеуір бір кезде есік ашылып, шеберханаға сол баяғы екі эльф кіреді.Олар күнделікті әдетінше кебіс тікпек болып үстелге жақындайды.Үстелдің үстінде шалбар,күртеше,көйлек,шұлық, кебіс және бас киімдердің жатқанын көреді.Олар киімдерді киіп алып, риза болып қуанады. Эльфтер би билеп,ән айтады. Осылай әндетіп билеген күйі далаға шығады.Сол кеткеннен эльфтер қайтып оралмады.Етікшінің еңбегі жанып, табысы артып, әр жұмысы сәтімен аяқталынатын болды. Сөйтіп етікші адал еңбегінің арқасында мақсат-мұратына жеткен екен. 

Download 72.17 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
  1   2   3   4




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling