Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ұршықтың шығу тарихына тереңірек шолу жасап, адамға деген пайдалылығы жөнінде мағлұмат алу


Download 130.62 Kb.
Sana21.02.2023
Hajmi130.62 Kb.
#1218564
TuriСабақ
Bog'liq
Ұршық -ұлттық құндылық, ұлттық - мұра


19 көпсалалы мектеп - гимназиясы



Ұршық –ұлттық құндылық , ұлттық -мұра

Тексерілді: ____________
Орындаған:

2023 оқу жылы
Тақырыбы: «Ұршық –ұлттық құндылық , ұлттық -мұра»

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Ұршықтың шығу тарихына тереңірек шолу жасап, адамға деген пайдалылығы жөнінде мағлұмат алу.

2. Коррекциялық: Сабақ барысында баланың зейінін, қабылдауын есте сақтауын дамыту және көру кезінде заттық пішінін дұрыс ажырата білуін, қол маторикасын дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды қол өнерге деген қызығушылығын оятып, істеген жұмыстарына жауапкершілікпен қарауын тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Дәстүрлі сарамандық.

Сабақтың көрнекілігі: Ұршық, плакаттар, иірілген жүн, жіптер.

Пәнаралық байланыс: Бейнелеу, сызу, математика.

Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Кезекшіден оқушылардың сабаққа дайындығын сұрау.

б) Өткен сабақ бойынша тест сұрақтар беріліп, жауап алынады.

в) Өміріздегі ұршықтың керектігін, құрылысын және қандай ағаш түрлерінен жасалуын сұрау.
Осы төрт түлік малдан алынатын жүнді иіруге арналған құрал-ұршық деп аталады.
Ұршықтың басы қорғасыннан құйып, ағаштан, түйенің ортан жілігінің айдар басынан ойып, не тастан қашап жасалады. Ұршықтың салмағы жіпті үзіп кетпейтіндей болуы керек. Ұршық тым жеңіл болса, иірілген жіп ширыға береді. Сондықтан оның басының қалыпты салмағы болуы тиіс. Ұршық басының дәл ортасына тесік тесіліп, оған ұршықтың сабы өткізіледі. Сабын жұмырлап жонып, ұшын үшкірлейді.Сабы ұршық басынан 10-11 см шығып тұрады, оған жіп жүретін иретілген ойық жол салынады. Алғашқы кезде қолмен жіп иіру тәсілдері неолит дәуірінен белгілі. Алғаш жіп иіру құралы ретінде талшық түтетін қол тарақ пен қол ұршық пайдаланылды.
2.3.Ұршықпен жіп иіру.
Жіпті ұршықпен иіру - түтілген жүнді ұзынынан созып, спиральді тәсілмен орап ұзын, мықты тоқыма жіп алу тәсілі.

Ұршық жүннен шуйкелеп жіп иіруге арналған құрал. Қазақстан аумағында ұршықты шаруашылық қарекеттерде пайдалану неолит заманынан басталады. Әсіресе, қола дәуіріндегі ескерткіштерден басы арнайы қыштан құйылған ұршық қалдықтары көптеп табылған. Ежелгі Шығыс елдерінде де қол ұршығы пайдаланған. Дәстүрлі қазақ қоғамында ұршық мал өнімдерін пайдаланудағы басты еңбек құралдарының бірі болды. Ол – мұрындық (сірге, ағаш) басы мен саптан тұрады.

Агаш, мүйіз, құс, тас, сүйек (түйе мен өгіздің ортан жілігінің айдар басы), қорғасын сияқты материалдардан жонып жасалған. Ұршықтың басы дөңгелек немесе жартышар тәрізді болады. Оның ортасына сап өткізетін тесігі орналасады. Сабы ұршық басынан 3-4 см шығып тұрады, оған жіп жүретін иретілген ойық жол жасалынады. Кейде басына бір елі қашықтықтан соң мұрындық (ши, шырпы) орналастырылады. Мұрындық немесе иретілген ойық жол жіптің сіргеде біркелкі болып жинақталуына септігін тигізеді. Ұршықпен қап, дағар, алаша, басқұр, терме бау,шекпен т.б. тұрмыстық бұйымдар мен киім-кешектерге арнап жіптер иірілген. Аз жіп иіруге арналған ұршықтың басы жеңіл, сабы қысқа етіп жасалады. ХVІІІ ғасырдың 2-жартысында тоқма өндірісінде иіру, ширату және тегістеуіш машиналар қолданыла бастады. Бұл ұршық табиғи мақта, жүн, зығыр және химиялық талшықтарға арналған болып ажыратылады.

Ұршыққа арналған ертегілер, қысқа өлең шумақтары және аңыз әңгімелерден де ұршықтың қадір-қасиетін көруімізге болады.

Ұршық
Ағаш едің құрма өскен,
Ұршық болдың шуда өскен.
Бір қалыпта тұрмақ жоқ
Шығармалық мұны естен.

Ұршығым, сені қолға алам,
Ұршығым ұшқыр нар тайлақ.
Жез бұйдалы – желмаям
Желмаям, желші нар тайлақ.

Ұршыққа арнайы қап, яғни ұршыққап тігіп, іліп қоюға болады. Себебі, кез келген жерге қоймай, оны іліп қоюға арналған.

Сергіту сәті:

Сарамандық жұмыс:

Оқушыларды қауіпсіздік ережесімен таныстыру.
Қажетті құрал-жабдықтар: қарындаш, қайшы, сызғыш, циркуль, ине-жіп, мата, біз, қол бұрғы, қыл ара,зімпара қағазы т.б..

Жұмыстың барысы:
Оқушылардың жұмыс істеу қабілеттері бір деңгейде болғандықтан бәріне бірдей жұмыс беріледі.
Ұршықтың жасалу жолдарын тақтадағы кезең бойынша жасалған үлгі плакаттардың және технологиялық картаның көмегімен түсіндіру – көрсету арқылы ары қарай жалғастырылады.
Қорытынды:
Аяқталған жұмыстарға баға қойылып, оқушылардың білімін тексеру үшін мынадай сұрақтар беріледі.
1. Ұршықты қандай бұйымнан дайындайды?
2. Қандай ағаш түрлерінен жасайды?
3. Ұршық неше бөліктен тұрады?
4. Ұршық не үшін керек?
a) Үйге тапсырма
б) Жұмыс орнын тазалау, жинастыру.
Download 130.62 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling