1 -бөлім психодиагностикаға кіріспе
Өзіндік бағалау, мінез, эмоция, ерік-жігер сферасы, тұлға аралық қатынастар диагностикасы
Download 217.15 Kb.
|
лекция (1)
4.5. Өзіндік бағалау, мінез, эмоция, ерік-жігер сферасы, тұлға аралық қатынастар диагностикасы.
Сана адамның барша психикалық қызметіне ортақ қасиетті бейнелеудің ерекше формасы.Бүкіл психикалық әрекеттердің бір-біріне ықпалды әсерінің дамуы адамның қоршаған дүниені іштей бейнелеуін қамтамасыз етіп, оның дерексіз моделін түзеді. А.Т. Спиркиннің пікірінше, адамның өзіндік сана- сезімі, адам қалыптасқан кезден басталады. Және ертедегі дәуірден кейінгі даму кезеңдеріне байланысты. Бұл көзқарасты қабылдассақта, өзіндік сана- сезімнің айырмасы ретінде әлеуметтік- психологиялық міңез- құлық сана- сезімнің дамуына әсер етеді. Өзіндік сана-сезімнің құрылымынан мынаны бөліп көрсетуге болады: а) Өзінің «менің» жақын және алшақ мотивтері мен мақсаттарын саналы түрде түсіну; ә) өзіні реалды және қалайтын сапаларын саналы түрде түсіну («Реалды Мен» және «Идеалды Мен»); б) өзі туралы таңымдық және когнитивті көзқарастары ( «Мен бақылаушы объект ретінде»); в) өзіне деген сезімталдық, эмоциональды көзқарастары. Адамның өзіне қызығушылығы «Мен» - ұғымы арқала анықталады. Психологтардың көзқарасынша, адамның «Мені» бұл өте жоғары және интегралды мағлұмат, динамикалық жүйелі психикалық процесстер арқылы сезінеді. Мен және өзіндік сана- сезім бұл бір тұтас дүние.Жеке адамның психологиялық , міңез- құлық, дүниелік көзқарасының негізі.Адамның «Нағыз менің» қарастырсақ, белгілі бір мақсатқа ойластырылған, басқа біреуі өз менін даралық ретінде қалдырса, онда арнайы мәнін жоғалтады. Адамның мәні бұл өмірдегі жағдайларға байланысты өзгереді. Өзіндік сана-сезімнің дамуына адамзатқа жалпы инвариантты негіздер бар. Біздің барлық саналы өміріміз тізбектелген жіпке ұқсас, біздің өз «Меңіміз» біртұтас жеке адамдық тұрақты түрдегі орнымыз бар.Ол тарихи өмірден маңызды ортадан келе жатқан өзін-өзі бақылау мен міңез-құлқын басқару. Күрделі жүйесі, оның қоғаммен және басқа адамдармен қарым- қатынасы. Өзіндік сана- сезім өмірде бар екенін сезіну, өзінің қоғамдағы орнын анықтау,өзінің мүмкіндіктері мен бастан, өткізгендерін сезіну. Өзіндік сана- сезім психологиялық әрекетте жеке адамның өмірінде оның қозғалысының ситуативті бірлігі мен байланысы өзінің «Мені» арқылы түсінеді. Субъект ретінде басқа субъектіден өзінің айырмашылығын анықтайды. Өзіндік сана- сезімді психологияда процесстер арқылы өте кең мағынада нәтижелі түрде қарастырады.Біріншіден, өзіндік сана- сезім тану динамикалық бірлік, ол әрдайым қозғалыста болады. Екіншіден, өзіндік сана-сезімді психиканы әдетте, оны процесс ретінде түсіну үшін нақты әрекетте өзіңді тану нәтижесі, өзіндік қарым- қатынас және өзін- өзі басқару деңгейі, құбылыстардың себебін білу. Үшіншіден, мұндай өзіндік сана- сезім ішкі динамикалық процесс , оның ішкі қатынасының айырмашылығы, оның детерминантты жүріс –тұрысына әсер етеді. Төртіншіден, өзіндік сан-сезімді құбылыс ретінде, психикалық жағынан мүмкіндігін қарастырады. Психологияда алғашында рефлексия ұғымы психикалық процесстердің өмір сүруін түсіндіретін принцип ретінде қарастырылады. Ал, қазіргі кезеңде рефлексия зерттеудің бір тәуелсіз пәні болып отыр (С.Қ.Бердібаева) . Қазіргі шет елдік зертеулерде «рефлексия» ұғымы сирек қолданылады. Әрине, бұл рефлексия жайлы зертеулердің жоқ дегенін білдірмейді. Рефлексивті процесстер көбінесе басқа басқа бір терминдермен суреттеледі, мәселен, «recursive thinking» ( рекурсивті ойлау)(Д.Вейс) суреттеледі, «self – referent thought» (өзің туралы ойлану) (А.Бандура). Тағы бір бағыттардағы жұмыстарда рефлексия ұғымы адамның «мен» феномені мәселесі төңірегінде қарастырылады, мұнда рефлексия негізінен «өзіңді тану» «self - awarentss» (С. Дьювел. Р.Виклунд), өзіңді тексеру (self – control) (Д.Миченбаум), өзіңе зейін қою (self- attention) (А. Фенингстейн) деген мағына беріледі. Рефлексияны нақты экспериментальды зерттеулер әлеуметтік психологияда (У.Джеймс), адамның әлеуметтік мен ұғымында көп зерттелді. Қабылдау заңдылықтары дегеніміз-әрбір адамның қабылдау кезінде жекелеген ерекшелігін айтады. Яғни адам заттар мен құбылыстарды өз мағынада қабылдайды немесе қатар жібереді. Қабылдаудың заңдылықтары: қабылдаудың тұтастығы константтылығы немесе тұрақтылығы деп аталады. Таңдамалығы, структуралығы, иллюзиялығы, галлюцинация. Download 217.15 Kb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling