1 -бөлім психодиагностикаға кіріспе


Кәсіби таңдау мен кәсіби бағытталудағы психодиагностика


Download 217.15 Kb.
bet29/43
Sana19.10.2023
Hajmi217.15 Kb.
#1709664
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   43
Bog'liq
лекция (1)

5.1. Кәсіби таңдау мен кәсіби бағытталудағы психодиагностика.
Кәсіп, мамандық – арнайы дайындықты қажет ететін еңбек іс-әрекеті. Сондықтан, педагогикалық іс-әрекет - әрі кәсіби, әрі кәсіби емес болып бөлінеді.
Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға кәсіптік бағдар беру, олардың экономикалық ой-өрісінің қалыптасуына, еңбектің жетілдірген жаңа тәжірибелерін игеруге ықпал етеді.
Мамандық таңдауға кәсіптік бағдар беруде әрбір оқушының психофизиологиялық, жеке қасиеттері, мамандық таңдаудағы басты себептері назардан тыс, қалмауы керек. Кәсіптік білім беру жүйесінде жоспарлы кәсіби бағдар беру ісін дұрыс ұйымдастырғанда ғана инженер педагог-психолог жұмысын жеңілдетіп, көптеген тәрбие мәселелерін ұтымды шеше алады.
К.Өстеміровтің кәсіптік бағдар берудегі айтқан пікірі бойынша кәсіби бағдар беру-жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы таңдап алуға дайындауға бағытталған мектеп мұғалімдерінің, технологтардың, дәрігерлердің, педагог-психологтардың, отбасының, еңбек ұжымдарының бірлескен іс-әрекеті. Кәсіби бағдар беру оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді. Кәсіби бағдар беру жүйесі қазіргі таңда жастарды өз бетінше кәсіп үйренуде ғылыми-теориялық және практикалық қабілеттерін, ел экономикасындағы қажеттілікпен ұштастыру болып табылады.
Кәсіби бағыттың негізгі жүргізу принциптері-нақтылық (ғылыми жұмыстарды даярлағанда информация жүргізіледі), оптималдық және эффектілік (экономикалық, әлеуметтік, моральдық жағдайларда қалыптасады), кері байланысты (белгілі бір мәселелерді жүргізуде салыстырылатын байқау), жүйелік (жүйелі түрде объекті мен субъектінің арасын қарау), комплекстік бақылау, иерархистік (бірнеше сатылы жүйеде болады, ол мынадай элементтерге бөлінеді: алдыңғысы соңғысын бақылайды), интеграция (оқушының эмоциялық сферасы), ғылыми, территория-салалы (мемлекеттің бақылауымен жүргізіледі).

Download 217.15 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   43




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling