1 ОЌу жўмысы баєдарламасы
Download 0.79 Mb.
|
зерт жұмыс физика 1 2
- Bu sahifa navigatsiya:
- Жұмыс қорғауға арналған бақылау сұрақтары (өсы сұрақтарға жауап беру керек)
- Число измерений n Коэффициент
№ 39 зертханалық жұмыс «Уитстон көпірінің көмегімен кедергіні өлшеу» Жұмыстың мақсаты: Тізбектегі белгісіз кедергіні Уитсон көпірі әдісімен анықтау. Құрылғы схемасы (нобайы): 1-сурет. Қажетті құралдар: ток көзі БП (-4В), реостат – R1 , реохорд – R2 , гальванометр – G, кедергілер жиынтығы – R3, өлшенетін кедергілер – Rx1, Rx2. Орындау тәртібі: 1. Схеманы қарастыру (1-сурет). 2. Rx1 кедергі схемасы «a-b» тармағына қосу схемасын құрау. 3. R1 реостат жылжытқышын «min» жағдайына келтіру. 4. R3 кедергілер жиынтығын тізбекке R=10000 Ом мәнін беру 5. Ток көзіне қосу. 6. R1 реостаттың жылжытқышымен тізбекке кернеу беру (жылжытқышты потенциометрдің ортасына келтіру). 7. Реохордтың жылжытқышы арқылы гальванометр тілін «0»-ге келтіру. 8. Реостата жылжытқышын «max»-ге келтіріп кернеуді ұлғайту. 9. Егер гальванометрдің тілі «0»-ден ауытқыса, оны R2 реохорд қозғалтқышымен қозғалту арқылы қайта қалпына келтіру керек. 10. Кестеге l1 және l2 мәндерін жазу керек. Мұндағы l2= l – l1 , l=100 см. Кесте 1
11. Белгісіз кедергіні мына формуламен есептеу: 12. Кедергілер жинағына 20 кОм, 30 кОм.мәндерін беріп, 3-11 пункттерін қарау. 13. Rx2 кедергісі схемасына «a-b» тармағын қосып тағы да 3-12 пункттерін жасау. 14. Rx1 және Rx2 кедергісі схемасына «a-b» тармағы тізбектей қосылған схема құру (2-сурет) және 3-12 пункттерін жасау. 2-сурет. Алынған(тәжірибе) мәнін Rx теориялық мәнмен салыстырғанда Rx=Rx1+Rx2, бірдей немесе өте аз мәнге ауытқуы тиіс. 15. Rx1 және Rx2 кедергісі схемасына «a-b» тармағы параллель қосылған схема құру 3-сурет және 3-12 пункттерін жасау. Алынған Rx (тәжірибе) мәнін формуласымен есептеген теориялық мәнмен салыстырғанда бірдей немесе өте аз мәнге ауытқуы тиіс. 16. Схеманы ағыту. 17. орташа арифметикалық мәні мына формула бойынша анықталады: 18. ΔRx сенім интервалы , мына формула бойынша анықталады: , Мұндағы n – әрбір жағдай үшін өлшеу саны n=3. tp,n –Стьюдент коэффициенті. 1-кестені толтыр. Бақылау сұрақтары: Жұмысқа рұқсат алуға арналған сұрақтар. Жұмыстың мақсаты. Кедергі дегеніміз не? СИ бірлігіндегі кедергінің өлшем бірлігі және оның тәуелділігі? Осы жұмыстағы кедергіні өлшеу әдісі қандай? Физикалық шамалар мен заңдардың осы жұмысты орындау барысындағы негізгі анықтамалары: тұрақты электр тоғы, күш және тұрақты электр тоғының кернеуі, дифференциалды және интеграл түріндегі Ом заңы. Жұмыс қорғауға арналған бақылау сұрақтары (өсы сұрақтарға жауап беру керек)Тұрақты электр тоғы, тоқ жүру шарты және параметрлері. Өткізгіш кедергісі. Металдардың электр өткізгіштік классикалық электрондық теориясы. Металдардың электр өткізгіштік классикалық электрондық теориясы бойынша Ом заңының дифференциалды түрін қорытып шығар. Ом заңының интегралды фотүрі. Ом заңының қолдану шегі. Металдағы өткізгіш электрондар.
Download 0.79 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling